43. Микроорганизмдер әлемі, оның морфологиясының алуан түрлілігін көрсетіңіз. Микроорганизмдер әлемі өте бай және әр қилы. Олар топырақта, суда және ауада кең таралған. Ми қайнатқан ыстықта да, қақаған аязда да тіршілік ете береді. Микроорганизмдердің осылай көп таралуы, олардың табиғаттың кезкелген нәрсесін қорек етуіне, яғни талғампаз еместігіне, тіршілік ортасына орасан зор бейімделгіштігіне, ыстыққа және суыққа, ылғалдың тапшылығына қарамастан олардың өте күшті қарқынмен дамуына тікелей байланысты. Адамға, жануарға зиян келтірмейтін микроорганизмдерді “сапрофиттер” дейді (грек тілінен sapros - шіріген, phyton - өсімдік), яғни күрделі органикалық заттарға бай өлекселері мен қоректенетіндер.Көптеген микроорганизмдер адамда, жануарда, өсімдіктерде қауіпті ауруларды қоздырғыштары болып есептеледі. Тағамдық азықтарды, түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін бүлдіріп, халық шаруашылығына зор зиян тигізеді. Осы микроорганизмдерді патогенді (грек тілінен pathos - ауру) деп атайды. Патогенді микроорганизмдер түрлері 3000 астам, олардың ішінде 1000 - вирустар. Кей сапрофитты микроорганизмдер қолайсыз жағдайларда ауру тудыра алады, осы кезде оларды шартты-патогенді (жағдайлы-патогенді) деп атайды.
44. Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы: ішек, ауыз қуысы, жоғарғы тыныс жолдары, тері және қынапта кездесетін микроағзаларды көрсетіңіз. Дені сау адамдардың ағзасында кездесетін микробтық биоценоздардың жиынтығы адам денесінің қалыпты микрофлорасын құрайды. Адам ағзасындағы микроорганизмдердің екі тобы
Тұрақты (резидентті) – микроорганизмдердің тұрақты құрамымен сипатталады;
Транзиторлы (уақытша) – тері мен шырышты қабаттарға қоршаған ортадан келіп түсіп, ауруларды тудырмайды.
Терінің қалыпты микрофлорасы 1. Тұрақты (облигатты):аэробты және анаэробты дифтероидтар;ашытқы саңырауқұлақтары;тері стафилококы. 2. Факультативті (транзиторлы): іріңді стафилококк пен стрептококк;фекальді стрептококк;ішек таяқшасы, т.б.
Тыныс алу жолдарының қалыпты микрофлорасы 1. Облигатты: дифтериодтар;микрококктар;нейссериялар;тері стафилококы;гемолитикалық емес стрептококк.
2. Факультативті: пневмококктар;патогенді стафилококк;клебсиеллалар;
Несеп жолдарының қалыпты микрофлорасы 1. Сыртқы жыныс жолдарында:микобактериялар патогенд емес стафилококк дифтероидта кандидала спирохеталар ішек микрофлорасы
2. Қынапта:дифтероидтарішек бактерияларытері стафилококы лактобациллалар
Асқазан-ішек жолдарының қалыпты микрофлорасы Қалыпты жағдайда асқазан сұйықтығының 1 мл-де 103 шамасында микроорганизмдер кездеседі.
Облигатты микрофлорасы: сүтқышқылды бактериялар; ашытқы саңырауқұлақтары; сарциналар дифтероидтар; стафилококктар.
Тоқ ішектің қалыпты микрофлорасы1.Облигатты (тұрақты): бактероидтар; бифидобактериялар анаэробты кокктар; лактобактериялар; ішек таяқшасы; энтерококктар.Транзиторлы уакытша: клостридиялар; актиномицеттер; дифтероидтар; стафилококктар; ашытқы саңырауқұлақтары; кандидалар; қарапайымдылар;зең саңырауқұлақтары.