I тарау. Қазақ жұмбағының жиналу, жариялану және зерттелу тарихы


ІІІ ТАРАУ. ЖҰМБАҚТАРДЫҢ БАСҚА ЖАНРМЕН БАЙЛАНЫСЫ



бет6/9
Дата01.06.2022
өлшемі219 Kb.
#458876
1   2   3   4   5   6   7   8   9
dip -zhumbaq-zhanry

ІІІ ТАРАУ. ЖҰМБАҚТАРДЫҢ БАСҚА ЖАНРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Қазақ жұмбағының ерекшеліктерін танып білу үшін оның түрлерін және басқа жанрлармен қарым-қатынасын ажыратып алганымыз мақұл. Жұмбақтың басқа жанрлармен қарым-қатынасын тексеру арқылы оның өзгеру, даму тарихын тереңірек білеміз.


Жұмбақ кейде қарапайым сұраулы сөйлемге де ұқсас болады. Сұрауда белгілі бір жауап беруін тілейді. Мәселен, қазақ фольклорының әйгілі жинаушысы Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы материалдарының ішінде мынадай үлгілер бар:

  1. Бір айрылып кеткен соң қосуға көнбейтін не нәрсе?
    (Жастық, жігіттік).

  2. Үш арсыз, үш даусыз бар, үш қадірсіз бар, бұлар ше?

(Үйқы, тамақ, күлкі).
3. Кісінің қолына түспейтұғын, еккенмен піспейтұғын, қуғанмен
жетпейтүғын не нәрсе?
(Сабыр).
4. Бірін-бірі қуысып шаршамастан, талмастан өмір өткізген не нәрсе?
(Күн мен түн).
Ал төмендегі сұрақтардың шешуі берілмеген: Жансыз, денесіз дем алып тұрған не нәрсе? Өзі өлді де, өлгендік себебімен екінші өлікті тірілтті, ол не нәрсе? [28. 368].
Бұл тәрізді сұрақтар ел арасында көп: Ақылсыз қашан ақылды болады?
(Үндемегенде).
Дүниеде кірпіксіз жан не болады?
(Жылан). Қылыштан не өткір?
(Көз).
Түн күйіпті,
Түн күйіптің түбіне қм қиыпты,
Күн мен түннің некесін кім қиыпты?
(Нұр қиыпты).
Сауал жұмбақтар бірнеше жолдардан келуі мүмкін:
Жолдың иесі кім?
(Тұяқ).
Судың иесі кім?
(Бұлақ). Сөздің иесі кім?
(Құлақ).
Немесе:

  • Жүйрікте не жүйрік?
    Семізде не семіз?

  • Жүйрікте көңіл жүйрік.
    Семізде жер семіз.

-Тәттіде не тәтті?
Қаттыда не қатты?
Жұмсақта не жұмсақ?

  • Тәттіде - ананың сүті тәтті,

  • Жұмсақта - ананың қолы жұмсақ , Қаттыда - атаның жүрегі қатты.

Бұл сауалдардың ерекшелігі - тізбекті болып, әрі диалог әрі ұйқасқа құрылуы. Сан арқылы келетін сауалдар: Үш нәрсе кішкенеден үлкен болады?
(От, өлім, дау). Төрт нәрсеге тоқтау жоқ.
(Кәрілік, аштық, ажал, ұйқы). Немесе:
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, ол не?
Үш арсыз - ұйқы, күлкі, тамақ, үш ғайып - дидар, несібе, ажал.
Он төрт тоймас бар:
Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды, кісі ойға тоймайды, бәрі қойға тоймайды. Құлақ естуге тоймайды, көз қарауға тоймайды, бай малға тоймайды, ғалым ғылымға тоймайды, өмір жасауға тоймайды, жер суға тоймайды, қатын ерге тоймайды, өлік дұғаға тоймайды, бала нанға тоймайды, тірі іске тоймайды [29. 75].
Балаларға арналған санамақтар да жұмбақ түрінде жасырын сипатқа ие. Санамақтағы алғашқы дыбыстары бойынша ұйқастырылған өленді жатқа айтуы, сан аттарын жаңылыссыз олардың сандық мәндерін терең ұғынуға пәрменді түрде жәрдем етеді. Айталық, «бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір. Ал, тап жұмбағым осы, - дейді. Шешуі:
Бір дегенім - білеу,
Екеу дегенім - егеу,
Үш дегенім - ұшпақ,
Төрт дегенім - төсек.
Бес дегенім - бесік,
Алты дегенім - асық,
Жеті дегенім - желке,
Сегіз дегенім - серке,
Тоғыз дегенім - торқа,
Он дегенім - оймақ,
Он бір - қара жұмбақ.
Орыс санамактарына катысты Г.С.Виноградов: «Басқа бірде-бір жанрда жұмбақ сөздер санамақтардағыдай көл-көсір, алуан түрлі және шебер пайдаланылған емес»,- десе, қазақ балалар фольклорын зерттеген К.Ісләмжанүлы: «Санамақтардағы мағынасы түсініксіз жұмбақ сөздер де өзгеше назар аударуды қажет етеді», - деп түйеді [30. 98].
Шешендік сауалдар да сандарды жұмбақтап айтуға құрылады.
«Төле би:
Он түрлі жұмбағым бар: бір,ек, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тогыз, он.
Бұл жұмбақты Қазыбек би былай шешкен екен:
Бір дегеніміз - бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегеніміз - егесіп өткен ер жаман,
Үш дегеніміз - үш бұтақтан шідерден шошынған ат жаман,
Төрт дегеніміз - төсектен безген жас жаман,
Бес дегеніміз - белсеніп шапқан жау жаман,
Алты дегеніміз - асқынып кеткен дерт жаман,
Жеті дегеніміз - жас келіншек жесір қалса, сол жаман,
Сегіз дегеніміз - серпілмеген қайғы жаман,
Тогыз дегеніміз торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе,
сол жаман,
Он дегеніміз - оңалмас кәрілікке дауа болмас» [31. 34-35].

Бұрын қазақта күйеу таңдаған дана қыз жұмбағын шешкен кісіге тием деп серт береді. Бертін келе жұмбақ қазақ ақындарының айтыс өлеңінен көп-көп орын алатын олған.


Жалпы жұмбақ деген сөз түрін халықпен бірге, сол халықтан шыққан ақындардың көп пайдаланатынын көреміз.
Жұмбақтың өзіндегі ақындық, көбінесе, едәуір күшті ақындық болады. Сондықтан ақындар жұмбақ үлгісімен жыр айтуды әдейі таңдамалы есебінде қолданады.
Қазақ ақындарының жұмбақты жақсы бағалауы арқасында
біздің көп жұмбақтарымыз өлең боп айтылады. Жұмбағы ғана
өлең емес, шешуі де өлеңмен келетін жұмбақтар толып жатыр.
Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға бо-
лады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы – дәні тәрізді. Бұл жақтарынан тексеріп тану да ғылымдық міндет. [32. 77]

Көріп едім бір үлкен дарияны


Барша қыз мекен етіп жатыр оны.
Ішінде ерлі-зайып екі аққу бар,
Жарықтық, жеті сары бас балалары.
Мұндағы дария — аспан, қыздар — жұлдыздар, қос аққу — ай мен күн, жеті сары бас балалары — Жетіқарақшы. Жұмбақ — айтушы мен шешушінің тапқырлығын байқататын өнер. Әдетте, сұлулығымен, ақылдылығымен даңқы шыққан қыздар жігіттерді таңдағанда алдымен оларға әр түрлі жұмбақтар айтқан. Кімде-кім шешуін тапса, соған өз еркімен жар болуға ант еткен.
Жұмбақтың көбірек қолданатын орны — айтыс өнерінде. Жұмбақ айтысы екі түрлі жағдайда айтылады: айтысатындар бірін-бірі
жеңе алмай, тең түскен тұста, жеңудің, құлатудың әдісі ретітнде бейтаныс жұмбақ жайларды өлеңге қосады. Ал, жұмбақпен басталған
айтыс жұмбақпен аяқталады. Мәселен, жұмбақ айтысына Нұржан
мен Сапарғалидың, Ырысты мен алты ақынның, Тұрмағамбет пен
Шәді төренің айтыстары жатады [33. 87].
Халқымыз ежелден аузы дуалы, қара қылды қақ жарып төрелік айтатын билерді қатты қадірлеген. «Батыр деген барақ ит, екі қатынның бірі табады, би деген ақ шариғат ілуде бір-ақ қатын табады» деуінде мән жатқан жоқ па [34.]. Қара сөздің майын тамызатын билер қазақ мемлекетінің қалыптасуына, әдет-ғүрып, заң ережелерін орнықтыруға үлес қосқан елдік келелі мәселелерді шешіскен. Олар жайындағы бізге жеткен аңыз-әңгімелер би-шешендердің ойын тұспалмен, емеурінмен сөйлеп, бүркелей айтуға бейім екендігін растайды.
Кіші жүз, шекті Мөңке би жайлы мынадай аңыз сақталған.
«Бір жігіт Мөңке биді керуге құмар болып, іздеп келеді. Есіктен кірген жігітке Мөңке: Түлкім, жоғары шық, - дейді.
Шай келеді, бір-екі аяқ шай ішкен кезде Мөңке:
- Сыншым, сөйле дейді. Жігіт түсінбей отыра береді.
Жігіт кетер кезде:
- Жыршым, енді рұқсат, үй-ішіне аман жет, ел-жұртыңа сәлем
айт - дейді.
Жігіт сауал қояды:
- Сіз маған үш сөз айттыңыз. Мәнісін мен түсінбедім. Осыны айтыңыз.
Мөңке сонда былай деп жауап қайырыпты:
- Түлкі құсап құбылып келдің. Әр мейман кірер кезде сен сияқты
толқып келетіндіктен соны айттым. Қонақ біраз отырған соң үйдің
оң жақ, сол жағына сынай бастайды. Сыншым дегенім - сол. Қонақ
сол үйден аттанғанда көрген-білгенін жыр қылып айта жүреді.
Жыршы дегенім - сол» [35. 14].
Тағы бір аңыз:
«Барымтагершілік уақытта Орта жүз жәдігер Күлнәзір деген кісіні Ұлы жүз ошақтының жігіттері өлтіріп, теңдік бермейді, құн төлемейді, осыған байланысты жәдігерден төрт кісі Төле бидің алдына келсе, би жөнді сөйлеспейді. Талапкердің біріншісін тыңдап оң қолын, екіншісін тындап сол қолын созады.
Япырмай, мына екеуінен сөз қалды ма? - деп үшінші кісі сөйлегенде үстіңгі ернін, төртінші кісі сөйлегенде астыңғы ернін созады. Төртеуі Төле биден бір ауыз жауап ала алмай еліне келіп, көрген-білгенін айтқанда, Айдабол Едіге би былай дейді:
- Теле бидің ишарасы төртеуіңе берген бағасы екен. Алғашқы
екеуің сейлегенде, екі қолын созғаны – «Сендер ағайынды екі адамның арасына өсек тасып, ас ішерлік қана адам екенсіндер. Сендер бітім сөз сөйлеп, дауды бітіре алмайсындар» - деп қайырған екен.
Ел сонда Төлеге Едігенің өзін жұмсайды, қасына он шақты кісі ертіп, Төле би ауылына келсе, би алдынаң шығып «Алмасыңа мойным бар, асылыңа қойным бар» деп жүріп кетіпті. Едіге: «Би, мойын бұрмайсың деген екен?» Төле: «Жарлық сізден болғанда жабдық бізден» депті. Едіге: «Төле би осы болса дау бітті. Ертең жасауылдап қыз береді», - дейді жолдастарына. Айтқанындай, Төле би қонақтарды алты арыс арғынға түйе бостатқан бас тоғыз, төрт ата төртуылға ат бастатқан орта тоғыз жолымен жасаулап қыз беріп, разы етіп қайырады» [35. 47].
Емеурінмен астарлап сейлеу үшін адамның қиялы жүйрік, зерделі болуы керек. Ақылды, ойы ұшқыр адамдар ғана ишараны түсініп, одан туйін шығара алған. Жоғарыдан көріп отырғанымыздай, тұспал тек сөзбен ғана емес, қимыл-әрекет пен қолдың, бет-әлпетінің қозғалысы, көздердің қағысы арқылы меңзеледі. Кейде белгілі зат арқылы да ой тұспалданады. Тұспалдарды тез аңдап, оқып-білу кез келген адамның маңдайына жазылмаған, оны тек зерек жандар ғана түсінеді [27. 169].
Ертегі - фольклордың ескіден келе жатқан, қилы-қилы даму белестерін басып өткен жанр. В.Я.Пропптың айтуынша, ертегілерде алғашқы қауымдық құрылымның жаңғырықтары, бағзы әдет-ғұрыптардың ізі жойылмай келген, сол себепті оның сарындарының қайнар көзінің көне жоралғылармен үндесіп жатқанына таңдануға болмайды, қайта олардың тегін салыстырмалы материалдарға табан тірей отырып, аршып алу дұрыс болмақ [36. 23]. Ертегі сарындарының тасасынан өткендегі тарихи шындықты, ықылым замандардағы өмір көріністерін, қадими әлеуметтік құрылымдар мен ырым-кәделердің елесін шаш етек жолықтыруға болатындығы ғылыми тұрғыдан мойндалып, дәлелденген.
Сонымен жұмбақтың ертегіге кірігуі қай уақытта басталған, оның сюжеттік арқауында қандай мәні бар, көркемдік қызметі қай дәрежеде?!
Әр кезде ертегілердегі қиын сын, жұмбақ шарттар туралы М.Дикарев, Я де Фризе, А.Жолле, В.Я.Пропп, Е.М.Мелетинский, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов т. б. пікір білдірген, сөйтіп ертек зерттеушілерінің қай-қайсысы да жұмбақтың ертегіге кірігуі әріректе деген тоқтам жасайды. Осы мәселеге қатысты байыпты зерттеу жүргізген И.М.Колесницкая ертегілердегі жұмбақтарға үңілу жұмбақтың тегін, байырғы даму сатыларынан хабар береді дей келе, бұған тарихи түрғыдан қарап, түп тамырларын айқындау үшін этнографиялық жөне тарихи материалдарға иск арту абзал деп түйеді [37. 98-100].
Ертегі кейіпкері қиын сәтте жұмбақтай сөйлеп, тұспалмен тілдеседі. Осылайша қиындықтан жол табады. «Шал мен келін» дейтін ертегіге үңілейік.
«Ертеректе жасы тоқсанға келген бір хан елінің аса көрікті жас қызына көңілі ауып, осы қызды жар етпек ойымен құда түсуге адамдарын жіберіпті. Қыздың әке-шешесі жаушыдан хабарды естіп, не деп жауап беруге сөз таба алмапты. Сонда қыз хан жаушыларына жұмбақтап былай деген екен:
«Менің құным - он қозы, жиырма бөрі, отыз нар, қырық ардагер, елу айғыр, алпыс азбан, жетпіс ноқта, сексен шідер, тоқсан дорба».
Қыздың бұл жұмбағын құда түсуге барғандар ханға айтып келеді, бұны хан да, оның нөкерлері де шеше алмапты. Кейін сол елдің бір ділмар шешені былайша шешкен екен:
«Он қозы дегені - он жасында секірген қозыдай болады, жиырма жаста - қайтпас қасқырдай, отызда - адам толысып нардай болады дегені, ал қырықта - елге қадірі артады, елуде - елінде ақырған айғырдай боласың, алпыс жаста - ат тайса, жетпісте - ноқталы малдай, сексенде - шідерлі аттай тұсаласың. Тоқсан дорба деп, тоқсанға келгенде іліп қойған қу сүйекке теңелесің дегенді меңзеген».
Бұл шешуді естіген хан өз уақытының өткенін, кәріліктің жеңгенін мойындағандай аһ ұрып, төсегіне құлаған екен. Осы сарындас мысал қарақалпақтар арасында таралған .
Жигирма уйрек, отыз ғаз,
Ұшып жүрген пыр-пырлап,
Тамға таяқ сүйедим,
Отыз бестен сыр-сырлап,
Қырым деген шәһәрдин,
Ортасында қырқ булақ,
Бәбишени байға көндирдим,
Ақыл менен тур-турлап,
Алпыс қасқыр аналы,
Оның қасты қой қырмақ.

(Жигирма үйрек, отыз ғаз - адамның усы жаслардағы үйректей сұлыулығы, отыз бестен сыр-сырлап - усы жасларға шекем өнердиң хәр қилы әлуан түрлерин ийеленуи, қырқ булақ – бәйбишени байға көмдирдим, алпыс қасқыр - адамның усы жаста ақылы әбден толысып, дана болып, ел басқарыуы, қайырқом болғандығы) [38. 124].


Осы сарындас мысалдарды қырғыз, алтай, өзбек халық жұмбақтары топтамаларынан кездестіреміз [38. 124].
Алтайлықтарда он жас - итке, жиырма - тиынға, отыз - қасқырға, қырық - тышқанға, елу - төлемге, алпыс - таяқ, жетпіс - бір уыс, сексен - шүберек, тоқсан - келсап, жүз - жұмыртқаға баланады. Тектес халықтар фольклорының дәстүріндегі мұндай сәйкестіктер тегі бір туысқандықтан, тамырластықтан хабардар еткендей.
Бұрын біздің жерлерде, басы Мәңгі Тауда мұз жаласа, құйрығы Бестауда шыбын қорыған бір өгіз, қанаттары аспанды жапқан бір қүс, күн туған кезде сақалының түбінде бір отар жайылған бір теке болыпты.
Бір жаңбырлы күні сол құс осы өгізді теке мүйізіне қонып отырып жеген-ді. Отарымен теке сақалы түбінде тұрған бір жігіт, жаңбыр тоқтайды ма деп аспанға қарағанда өгіз жауырыны салбырап, оның көзіне түскен екен.
Ол көзін қасығанда жауырыны жерге түскен-ді. Жауырын жерде қозғалып, оның үстіне ел қонады. Бір түлкі жауырынды жерден керіп, жан-жағын тістеймін деп түнімен елді ары-бері қозғалтқан екен. Бір күні елшілік жиылып, түлкіні өлтіреді. Олар түлкінің бір жағын сойған екен. Екінші жағын соярға қозғалта алмаған.
Жаңа туған сәбиі бар бір қатын ұлымен түлкіні бір жанынан екінші жанына айландырып, сойылмаған жағын сойды.
Түлкі терісінің бір жартысынан бүкіл елге бөрік шыққанда, жартысынан сәбиге бөрік шықпады.
Өгізден, құстан, текеден, жігіттен, түлкіден, қатыннан, сәбиден қайсысы үлкен?
Жауабы - теке.
Сонымен, қазақ жұмбағы фольклорлық басқа жанрда шешендік сөз, ертегі тәрізді сюжетті жанрлардың ішінде келіп, көркемдік айшық түзеді. Байырғы әдет-ғұрыптарымыздағы тұспалды сөздердің жұмбақпен ұштасып жатуынан атамзаманнан желі тартатын бірліктің ізі айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет