I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет10/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Емдеу гимнастика. Емдік гимнастикасы дене тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі болып табылады және денсаулық пен жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруге бағытталған. Кез келген аурумен сырқаттанған кезде қолданылады, емдеу ісінің құралы болып табылады. Ол, мысалы, жарақат алғаннан және аурудан тәуір болғаннан кейін қимыл-қозғалыс аппаратының қызметін қалпына келтіру үшін, дене бітімінің кемшіліктерін түзету үшін (дене бітімінің әр түрлі өзгерістерінен) пайдаланылады. Емдеу гимнастикасы жүйке жүйелерінің жағдайын және ауру адамның өзін-өзі сергек сезінуіне, олардың өмірлік көңіл-күйін көтеруге және жағымсыз әсерлерді жоюға бағытталған.
Спорт – бұл жарыс барысында денені жатықтырудың белгілі бір түрінен жоғары нәтижеге жетуге бағытталған арнаулы қарекет. Спорт дене шынықтыру құралы ретінде денсаулықты нығайту, дене күшінің дамуын, қозғалыс қабілеттерін, дене тірбиесі жөнінен алға қойған міндеттерлі шешу болып табылады.
Спортшы бойында дене күші, моральдық ерік-жігер қасиеттері толық қалыптасқан жағдайда және ұзақ уақыт бойы жүйелі жаттықтыру шараларын жүргізу барысында зор жетістікке жетеді. Арнайы таңдап алынған спорт түрін жоғары нәтижеге жету үшін дене дамуын, жалпы арнайы дайындықты үзбеген абзал.
Ұзақ жаттықтыру барысында еңбек кестесін, спорттық сабақтарды, демалысты, жеке басының гигиенасын
Дұрыс ұйымдастырудағы ережені қатаң сақтау қажет. Спорттың көптеген түлері дене тәрбиесінің қолданбалықұралы болып табылады. Мысалы: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, шаңғы, веолсипед, мотоцикл спорты, жүзу, есу, бокс, сайысу, ат спорты. Бүгінгі күні біздің елімізде спорттың әр түрімен айналысу іс жүзіне асып келеді. Мектеп оқушыларының өмірінде спорт үлкен орын алады.
Спорттың дене шынықтырудың басқа құралдарымен салыстырғандағы ерекшелігі – спорттық жарыстарды өткізу болып табылады. Спорттық жарыстарды өткізу – спорт жұмысының жағдайын, жақсы техникалық нәтижелерді көрсету. Сонымен қатар, мақсаты – спорттың түрлерін дамыту, спорттық техниканы меңгерту, дене шынықтыруға қызығушылығын туғызу болып табылады.
Ойын. Дене шынықтыру құралдары ішінде кең тараған қарекет. Ойын саналылықты, белсенділікті, айналысушының өз бетімен әрекет жасай білу қабілетін талап етеді.
Ойын қимыл-қозғалыс және спорттық ойындар болып бөлінеді.
Қимыл-қозғалыс ойындары арнайы дайындықты талап етпейді. Жалпы дене дайындығы бағытында іске асырылады; олар еркін әр түрлі қимылдарды орындаумен анықталады, сонымен қатар мазмұн мен ережесіне сәйкес үлкен бұлшық ет топтарына әсерін тигізеді. Спорттық ойындарға спорттың барлық белгілері бар ойындар жатады: ойнаушылардан спорттық іскерлікті, дайындықты талап етеді.
Спорттық ойындар топтың немесе жеке адамдардың жеңіске, нәтижеге жетуімен аяқталады.
Спорттық ойындар қимыл-қозғалыс ойындарынан орындалу техникасы, ереженің күрделілігі, ойын жағдайының нақтылығымен ерекшеленеді.
Балаларды және жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде спорттық ойындар ерекше орын алады, ойын құрамына күнделікті өмірге қажетті табиғи қимылдар кіреді (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, қағып алу, қарсы тұру т.б.) . сондай-ақ, ойын барысында жоғарыда аталған қимыл-қозғалыстың үйлесімділігі кездесіп отырады. Балалармен жасөспірімдерді дене тәрбиесі үрдісіне тәрбиелеуде ойындарды жүйелі түрде өткізу негізгі қимыл-дағдыларын, жылдамдық, ептілік, күш-қуат, шыдамдылық қасиеттерін, ағза қызметінің жұмысын күшейтеді.
Доппен ойнайтын қимыл-қозғалыс ойындарының негізгі міндеті: мұғалімнің нұсқаулары мен бұйрықтарын қатаң сақтау; жаңа жаттығуларды меңгеру кезінде сабақтықты қамтамасыз ету; дидактикалық принциптерді сақтау, ұйымдастыра білу, тәртіпті сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет