Сағаттарды бөлу кестесі
Сынып
|
Гимнастика
|
Ойын
|
Шаңғы дайындығы
|
Барлық сағат саны
|
I II II
|
28 30 36
|
28 26 20
|
12 12 12
|
68 тексеру
68 68
|
Гимнастика бөліміне сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру, негізгі қылып, қолдың, дененің бастың қалыптары; үлкен доптармен орындалатын жаттығулар; кішкентай доптармен орындалатын жаттығулар, дұрыс тұлға қалыптастыруға арналған жаттығулар, акробатикалық жаттығулар, би жаттығулары, өрмелеу, еркін тәсілмен өрмелеу, кедергілермен өрмелеу шығу, тепе-теңдік жаттығулары, жүру мен жүгіру, секіру, лақтыру жаттығулары жатады.
Ойын бөлімінде жалпы дамыту жаттығулары, жүгіру, бір орында секіру, бір орыннан екінші орынға секіру, биіктіктен секіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, алысқа, межеге лақтыру элементтері бар ойындар қарастырылған.
Шаңғыға дайындық бөлімінде шаңғыға үйретудегі киімдер, аяқ киім, сондай-ақ шаңғыны күту, шаңғымен қатарға тұру, шаңғымен алдыға жылжу, шаңғымен жоғары көтерілу және төмен түсу жаттығулары қарастырылған.
Сонымен қатар теоретикалық материал жөніндегі мәліметтерде қарастырылған әр түрлі дене жаттығуларын кең көлемде пайдалану бағдарламаның мазмұнын толықтырады. Әр түрлі дене жаттығулары түрлерін пайдалану ағзаға зор әсерін тигізеді және қимыл дағдылырын қалыптастырады, дененің сапалық жылдамдық, икемділік қасиеттерін тәрбиелейді, моральдық ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелейді.
Бағдарлама міндеттерінің орындалуына ауа райы жағдайының тигізетін әсері мол. Ауа райының ашық күндерінде сабақ түрлері таза ауада ұйымдастырылады.
Оқушылардың дене жаттығулары түрлерін дұрыс пайдалану дене тәрбиесі міндеттерін тиімді шешумен анықталады. Бұл жерде мектептің материалдық базасы маңызды орын алады. Мектептегі спорт алаңы, гимнастикалық зал, қажетті құрал-жабдықтар.
Дене шынықтыру оқу бағдарламасы – мектептегі дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылған жұмыстың негізгі болып табылады. Сондықтан оқу жұмысы сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлерімен тығыз байланысты болып қажет.
Мектептен, сыныптан тыс жұмыс түрлерінде қимыл-іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын тақырыптар көп кездеседі, сондықтан мұғалім әр тақырыпқа ерекше көңіл бөлуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |