I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Жазғы демалыс лагеріндегі өткізілетін спорттық мерекелер



бет69/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Жазғы демалыс лагеріндегі өткізілетін спорттық мерекелер лагердің жабылуы таянып қалған кезде өткізіледі.
Жазғы демалыс лагерінің мерекелік бағдарламасына жеңіл атлетикалық ойындар түрі жоспарланады. Алғашқыда жарыс топтың ішінде ұйымдастырылады, содан соң топ арасында өткізіледі. Қорытынды дене тәрбиесі мерекесінде салтанатты шеру құрады, бұқаралық гимнастикалық жаттығулар көрсетіледі, сонымен қатар топтар арасындағы өзара жарыспен аяқталады. Спорттың мереке жарысының жеңімпаздары анықталады.
Серуендер. Саяхатқа шығу. 1-2- сынып оқушыларымен ұзақтығы, 1,5-2 сағаттық серуендер өткізіледі. Мақсаты – қоршаған ортамен, табиғаттың таңғажайып құбылыстарымен таныстыру, гүлдер, жидектер түрлерін жинау, орман, тоғай, тауларды бақылау. Серуенді топ жетекшілері, тәрбиешілер өткізеді. Серуен барысында балалармен ән айту, ойын ойнау, әр түрлі қызықты әңгімелер тыңдау қарастырылады.
3-сынып оқушылармен серуен басқа 3-4 сағаттық саяхатқа шығу ұйымдастырылады. Саяхатқа шығу барысында жоғарыда аталғандардан басқа әр түрлі заттардың жиынтығын жинау, гербарий, тұрған орынның бағытын компас, карта бойынша анықтау, сонымен қатар тұрған орынға байланысты ойындар өткізу қарастырылады.
Серуенге және саяхатқа шығудан басқа бір күндік, екі күндік саяхатқа шығу қарастырылған. Бұл іс – шара түрінде ден саулығы мықты, денесі шынықтырылған балалар қатыса алады.
Саяхатқа шығар алдында жетекші саяхатқа қатысушылармен бірнеше сабақтар өткізедң, оқушылардың міндеттерімен таныстырады. Саяхатқа шығушылардың саны 20-25 адамнан тұрады, топ жетекшісі, тәрбиеші, дене тәрбиесі пәнінің жетекшісі, дәрігер және мейірбике қатысады.
Мерекелер. Жазғы демалыс лагерінде жалры мереке өткізіледі. Мерекелер лагерьдің ашылуы мен жабылуына арналады. Мерекеде оқушылар еркін жаттығулармен қатар, пирамидалар жасайды, акробатикалық жаттығулар түрлерін көрсетеді. Мерекелерді ұйымдастыру оқушылар демалуға келген күннен басталады.


Отбасындағы дене тәрбиесі

Бастауыш сынып оқушыларын отбасында дене тәрбиесін тәрбиелеу ата – аналар мен мектеп қызметкерлерінің бірлескен күш – жігерімен шешіледі. Балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеуде, денсаулығын нығайтуда, жеке басының гигиеналақ дағдыларын тәрбиелеуде, тұлғаны дұрыс қалыптастыруда отбасының алтын орны ерекше.


Отбасы дене тәрбиесі негізінде арнайы күнделікті, апталық күн кестесі болуы қажет. Күнделікті тәртіпке ұйқы, ұйқыдан тұру, ертеңгілік жаттығу, ертеңгілік ас, мектепке бару ауқыты, түскі ас, демалыс, үй тапсырмасын дайындау, өзінің сүйікті ісімен айналысу, кешкі ас, кітап оқу, серуендеу, кешкі жуыну, ұйқыға дайындалу жатады.
Оқушылардың таза ауада болуы және үй тапсырмасын дайындау, ата- аналардың бақылауымен жүргізіледі.
Балалар таза ауада ойындар түрлерімен, доппен, секіртпемен жаттығулар орындайды, сонымен қатар қыс айларында шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанау қарастырылады.
Үй тапсырмасын дайындау барысында ата – аналар баланың дұрыс отыруын, тұлғасын дұрыс ұстауына көңіл бөлгені қажет.
Мектепте дұрыс қалыптасқан тұлға дағдысын ата – аналар отбасында бекітіп отыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет