I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 77.Қазақстанның ішкі-сыртқы саясаты мен халықаралық



бет85/94
Дата15.06.2022
өлшемі4.07 Mb.
#459248
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

§ 77.Қазақстанның ішкі-сыртқы саясаты мен халықаралық
байланысы

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйенің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлді.


Қазақстанның тәуелсіздігін алдымен танып, әлем алдында мойындаған туыстас Түркия мемлекеті мен Румыния болды. Бүгінде Қазақстанды әлемнің 130 мемлекеті танып, 70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. Бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі. Әсіресе олардың ішінде әлемдегі ең белді ұйымдардың бірі - БҰҰ мүшелігін мақтанышпен айта аламыз. 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан өз мемлекеттілігін нығайту жолына түсті.Осы кезден бастап Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы орны анықталды. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 21 желтоқсанында Тәуелсіз мемлектер Достастығына мүше болды. 1992 жылдың ортасында Қазақстанның тәуелсіздігін таныған әлемдегі мемлекеттердің саны 30-дан асты. Олардың ішінде АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Пәкістан, Канада, Швецария және тағы басқа мемлекеттер болды. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан алғашқы сом алтынын шығарды. Сонымен қатар осы жылы Қазақстан Республикасының ішкі істер әскері құрылды. Бұл әскер Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қамтамасыз етуді басты міндет етіп қойды.
1992 жылы 2-ші наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 46-сессиясындағы пленарлық мәжілісте толық құқықты мүше ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды. 1992 жылдан бастап Қазақстан бірқатар сыртқы елдермен дипломатиялық байланыстар жасады. 1992 жылы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз мемлекеттің басшысы ретінде тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен сөз сөйлеп, өз ұсынысын білдірді. Қазақстан Президенті бейбітшілікті сақтау, оны қолдау және нығайту үшін мемлекеттер өздерінің әскери қаржыларын жыл сайын бір пайызға қысқартып, сол қаржыны дүние жүзілік бейбітшілік қолдау үшін БҰҰ қорын қалыптастыруға аударуды ұсынды.
1991 жылы желтоқсан айында Қазақстан, Ресей, Украина және Белорусь басшылығымен бірге ядролық қаруды қолданбауға, оны бір орталықтан бірлесіп басқаруға, оны қолдану туралы мәселені барлық президенттердің келісімі бойынша шешуге, бұл қаруды үшінші біреудің қолына бермеуге, 1992 жылдың 1 шілдесінен Ресейге тактикалық ядролық қаруларды әкетуге міндеттенді. 1995 жылы мамырда соңғы ядролық қару Қазақстан аумағынан әкетілді. Содан бері Қазақстан ядролық қарусыз ел болып табылады. Қазақстанның егемендік алғаннан кейін сыртқы саясатындағы маңызды міндеттердің бірі ТМД елдерімен қарым-қатынасты жақсы жолға қою еді.
1992 жылы 15 мамырда Ташкентте алты мемлекеттің - Арменияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресей Федерациясының, Тәжікстанның, Өзбекстанның өкілдері ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойды. Бұл шарттың негізгі ережелерінің бірі, егер кез келген қатысушы мемлекеттердің біріне агрессия жасалса, ол барлық қатысушы мемлекеттерге агрессия жасалған болып есептеледі. Олар бір-біріне қажетті жәрдем береді, оның ішінде әскери көмек те бар. Сондай-ақ, олардың қарамағындағы құралдармен ұжымдық қорғану құқығын жүзеге асыра отырып, қолдау көрсетеді. 1994 жылы 14-16 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды. Онда төмендегідей құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы демократиялық бірлестік туралы Хартия;
- Қорғаныс және әскери қатынастар саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум;
- Қорғаныс конверсиясы жөніндегі бірлескен комитетті құру принциптері туралы Мәлімдеме;
- Қазақстан үкіметі мен АҚШ үкіметі арасындағы ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық;
- Ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық ақпараттар алмасу және ынтымақтастық туралы Келісім және т.б.
1994 жылы 20-23 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлыбританияға ресми сапары болды. Сапар барысында мынандай құжаттарға қол қойылды. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы бірлескен декларация, білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім т.б. Қазақстан еуропаның басқа да елдерімен өзара тиімді қарым-қатынастар орнатты. Қазақстандық дипломатия азиялық бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 1994 жылы 29 наурызда Н.Назарбаев өзінің Ресей Федерациясына жасаған бірінші сапары шеңберінде Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушыларымен кездесуінде ТМД қатысушы-елдердің жаңа бірлестігі ретінде Еуразия одағын (ЕАО) құруды ұсынды. Сол жылы баспасөзде «Мемлекеттердің Еуропалық одағын құру туралы» жоба жарияланды. Қазақстан Орта Азия аймағы бойынша өзінің көршілері Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, ал экономикалық байланыс шеңберінде Түркіменстанмен, Тәжікстанмен тығыз байланыс орнатты. 1994 жылы 8 шілдеде Алматыда Орта азиялық одаққа қатысушы-мемлекеттердің Қазақстанның, Қырғызстан мен Өзбекстанның басшылары бас қосты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы әлемнің көптеген мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастар орнатты. «Филлип Моррис», «Шеврон» (АҚШ), «Ахсел», «Окан Холдинг» (Түркия), «Самсунг» (Корея) тағы басқа ірі шетелдік компаниялар Қазақстанда жұмыс істей бастады. 1992 жылы қыркүйек, қазан айларында Алматы қаласында әлемде алғаш рет қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы өтті. Бұл құрылтайға әлемнің 13 елінен келген қазақтар қатысты. Сондай-ақ осы жылы Алматыда Қазақстан халықтарының форумы өткізілді. Республиканың сыртқы мәдени байланысы айтарлықтай нығайды. Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаевтың мерейтойлары ЮНЕСКО көлемінде тойланды. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ядролық қарудан еркін аймақ болуы туралы Лиссабон хаттамасына қол қойды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
Қазақстан сыртқы саясатында өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қорғай білді, бұл ең алдымен аумақтық тұтастығы мен егемендігіне, елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті сыртқы саяси бағытты айқындайтын ҚР Конституциясына сәйкес ұзақ мерзімді сыртқы саясаттағы мақсаттарды жүзеге асыруға елдің жаңаруына, ішкі игі жағдайларды қолдауға күш салып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет