240
бұзылыстарға себепші болады. Бас миының әртүрлі
аяларының
зақымданулары сөз және сөзсіз функциональды жүйелердің дамуын бұзады.
Е.М.Мастюкова (1981), алалияны нейроонтогенез тұрғысынан сипаттай
келе, пренатальды және ерте постнатальды кезеңде кез келген зиянды
фактордың әсерінен, бас миының қабығы әлі де қалыптасу деңгейінде
болғанда, шоғырланған ақауды белгілеу өте қиын деген.
Себебі зақым
көбірек таралған немесе диффузды сипатта болады деген. Бұл жағдайда
балада ММД - минимальды ми дисфункциясы байқалады.
С.А.Корсаков пен Н.И. Красногорскийдің байқауынша, алалия орталық
жүйке жүйесінің әлсіздігінен, ең алдымен гипотрофияға
себепші болатын
соматикалық аурулардың салдарынан болады. Ю.А. Флоренская алалияның
патогенезінде рахит, ерте жаста тамақтану мен ұйқының бұзылуы, тыныс
мүшелерінің жиі ауырулары орын алады деген. Бұл пікірмен барлық
авторлар келісе бермейді. Соматикалық
ауырулар негізгі емес болып
табылатын, тек неврологиялық сипаттағы патологиялық процестердің әсерін
асқындыратын болуы керек.
Кейбір авторлар (Р.Коэн, 1888; М.Зееман, 1961; Р.Лухзингер, А.Салей,
1977 және басқалары) алалияның этиологиясындағы тұқым қуалаушылық,
отбасының бейімділігін атайды. Алайда, олардың ролі туралы дәлел болатын
ғылыми ақпараттар әдебиеттерде көрсетілмеген. Кейінгі жылдары
алалияның пайда болуында минимальді ми клеткаларының зақымдануының
(минимальді ми дисфункциясы) ерекше ролі туралы айтылады. Көбінде
алалиясы
бар бала анамнезінде бір емес, бірнеше патологиялық
факторлардың кешені байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: