5
@shezhimbai
Кіріспе
Ең әуелі - Адам атаны топырақтан жаратып, кейінгі ұрпақтарын
әйел адамның көкірек тұсы мен ер адамның белінен шығарған, ағай-
ындардың арасын туысқандық қатынаспен қуаттаған, ілім беріп, өзін
танытқан, балалық шағымда көркем тәрбие беріп, жастық шағымда
қателіктен сақтап, бала-шағамен сүйіншілеген – Аллаға мақтау бол-
сын.
Мен некенің және балалы болудың хикметін түсінгенде, Алла-
дан маған он бала беруін сұрадым. Алла
дұғамды қабыл етіп, бес
ұлым және бес қызым дүниеге келді. Екі қызым және төрт ұлым көз
жұмды. Ұлдарымнан тек Абу Қасым деген ұлым қалды. Ұлым біздің
орнымызды басып, жақсы мұрагер болады деп үміт етемін. Алай-
да баламның бойында ілім алуға деген құлшыныстың аз екенін бай-
қадым. Баламның ілімге деген махаббатын ашу үшін – осы кітапты
жазуды жөн көрдім. Кім тура жолда болса – оны ешкім адастыра ал-
майтынын, кім адасқан болса – оны ешкім тура жолға сала алмайты-
нын анық білсем де, балама қандай амалдары арқылы Жаратушымы-
здың ризашылығына жететінін, қандай амалдары Жаратушымыздың
ашуын басатынын нұсқауды көздедім.
«
Өзара бір-бірін ақиқатқа шақырғандар, өзара бір-біріне
насихат айтқандар»
1
.
«
Ескерт! Шын мәнінде - ескерту хайырлы»
2
. Алладан басқа
ешкімде күш те, қуат та жоқ.
Аср сүресі, 4- аят
Ағла сүресі, 9- аят
@shezhimbai
6
@shezhimbai
БІРІНШІ БӨЛІМ
БАЛАҒА
НАСИХАТ
Балам! Алла сені әр уақытта қолдасын! Адам баласы - өзге жа-
ратылыстардан тек ақылмен ғана емес, бәлкім, онымен әрекет ету-
мен ерекшеленетінін біліп жүр! Сондықтан әрбір нәрсені ақылмен
жаса! Қандай да бір мәселені шешу керек болса, көп ойлан! Ойла-
нудан шаршама! Қажет болса, оңаша қал. Ақыл – ең бірінші адамға
құдайды тануға арналған. Балам! Бұл дүниеде мукалләф жаратылыс
екеніңді жақсы білесің.
Олай болса, екі
періште әрбір айтқан сөз-
дерің мен жасаған іс-әрекеттеріңді амал дәптеріңе жазып жатқанын
ұмытпа! Cенің әрбір тынысың аяқталуға бара жатыр. Бұл дүниенің
уақыты қысқа, қабірдегі уақыт ұзақ, ал өмірді ойын-сауыққа жұмса-
удың азабы ауыр!
Кешегі көңіл көтеріп, уақытты аяусыз ысырап етіп, рахаттанған
күндер қайда?
Өкінішке айналып, қайта оралмасқа кетті. Ал, асау
нәпсінің шәһуаты қайда кетті? Осы нәпсінің кесірінен қанша адамдар
өздеріне зиян келтіріп, соңында бастарын көтере алмай, масқара бол-
ды? Олардың қазіргі жағдайы қандай?
Ал, шынайы бақытты адамдар кімдер? Олар өздерінің қалаула-
рына ермей, ақылдарымен серік болғандар. Бақытсыз адамдар – бұл
дүниенің қызықтарына жалтақтап, артына ерумен әлек болады. Саған
мысал керек болса, өткен замандағы патшалар мен діндар тақуалар-
ды есіңе алшы! Олардың бұл дүниенің қызықтарына шалқып, рахат-
танып жүргендері қайда? Олар жинап терген мал-мүліктерін көрге
алып кете алды ма?