Ибн Жаузидың (Алла ол кісіні мейіріміне алсын) баласына жазған өсиетінің



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата08.04.2024
өлшемі3 Mb.
#497870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Ибн Жаузи Шелпек

@shezhimbai
Діндардың артынан – мол сауабы мен ол жайлы ізгі естеліктер 
қалды. Ал күнәһарлардың артынан – жаман сөз бен ауыр азап қалды. 
Бұл өмірде дүниенің қызықтарына алданбай, бейне аш жүргендей 
аш болмады. Нәпсісін тойғызып жүргендер болса, сол күйі тоймай 
кетті…
Есіңде болсын! Ізгі амалдарда жалқаулық таныту – жаман 
адаммен дос болғанмен тең! Дүниенің рахаттарын жақсы көру. Сон-
дықтан, нәпсінің арбауына жол берме!
Балам! Парыз амалдарды орындап, харам етілген нәрселерден 
тиылу – мұсылман адамның міндеті екенін біліп жүр! Кімде-кім осы 
шекарадан өтетін болса, оның орны – тозақтың оты!
Балам! Бұл дүниеден өткен әрбір мүжтәһид ғалымдардың басты 
мақсаты – шарапатты істермен айналысу. Шарапатты істер не екенді-
гі жайлы көп талқылаулар жүрді. Біреулер оны дүниені тәрк ету деп 
айтса, басқалары өмірді ғибадат-құлшылықпен өткізу деп түсінді. Ең 
дұрысы – шынайы шарапатты істермен айналысу, ол – ілім алып, сол 
ілімге амал жасау. Кімде-кімнің бойында осы екі қасиет көрінетін 
болса, бұл дүниенің мақсатына, яғни Алла Тағаланы тануға жетеді. 
Алла ондай пендесін жақсы көріп, оны шынайы тақуа құлдарынан 
қылып, оны ерекше сағынышпен күтетін болады. Міне, бұл өмірде-
гі ең ұлы мақсат – ілім алу мен амал жасау. Адамның талпынысына 
қарай жігерлік келеді. Адамның барлығы қалаған нәрселеріне жете 
алмай, талап етуші іздегенін таппаса да, әрбір жан иесі жатпай ең-
бектеніп, әрекет жасауы керек. Ардақты Пайғамбарымыздың (Алла-
ның оған салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Әрбір адамның 
жаратылып қойылған амалдары ол үшін жеңілдетілген». Алланың 
өзі қамқоршы болсын!


8
@shezhimbai@shezhimbai
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Бұл өмірде ең бірінші назар аударатын нәрсе - 
Алланы дәлел-
дәйекпен тану. Адам тіреусіз тұрғызылған аспанға, кілемдей 
төселген жерге үңіліп қарап, өз қолынан тұрғызған бекем құрылы-
старға, тіпті өзінін ағзасына зер салса, әр құрылыстың артында 
құрылысшы, бұл әлемнің артында жаратушы бар екенін түсінеді. 
Алланың бар екендігіне сенген адамға, оның тарапынан жіберілген 
Пайғамбарға да сену парыз. Алла елшісінің (Алланың оған салауа-
ты мен сәлемі болсын) растығының дәлелі оған түсірілген. Ал оның 
шыншыл екендігінін ең үлкен дәлелі – Құран Кәрім кітабы. Құранға 
ұқсас кітап шығару ешкімнін қолынан келе алмағаны – оның ақиқат 
кітап екендігін білдіреді. Алланың бар болуы мен Пайғамбардың 
(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ақиқат пайғамбар екен-
дігіне сенсе, оған шариғат амалдарын орындау міндет болады. Ал 
егер бұл амалдарды орындамаса, демек иманында күдік бар екенін 
білдіреді. 
Одан кейін – дәрет алу, намаз оқу, зекет беру (қаржылай жағдайы 
белгілі мөлшерде болу шартымен), қажылық сияқты шариғатта па-
рыз етілген амалдарды біліп, оларды орындауы міндетті. 
Дінде әрекетшіл адамдар үшін, шарапатты, маңызы зор істер-
мен шұғылдану қажет. Алланың алдында дәреженің көтерілуі үшін 
Құранды жатқа біліп, оның тәпсірін, Пайғамбарымыздың (Алланың 
оған салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін, оның және сахабалар-
дың, ғалым-ғұламалардың өмірбаяндарын білу міндетті. Сондай-ақ 
араб тілінің грамматикасын және оның қолданыста болатын маңыз-
ды тараптарын білу міндетті. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет