Ибн Жаузидың (Алла ол кісіні мейіріміне алсын) баласына жазған өсиетінің



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата08.04.2024
өлшемі3 Mb.
#497870
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Ибн Жаузи Шелпек

@shezhimbai
БЕСІНШІ БӨЛІМ
МӘҢГІЛІК ӨМІРДІ ҚАЛАЙ 
САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ?
Кім өмір жайлы ой жүгіртетін болса – бұл өмірдің қысқа екеніне 
көзі жетеді. Кім өмірден өткен болса, оны ұзын деп ойлайды. Бірақ 
қабірде тұру – бәрінен ұзақ екендігіне көзі толық жетеді. Қияметте-
гі тұруды есептесе – оның елу мың жыл тұратынын біледі, ал енді 
жәннәт пен тозақтағы тұруды есептесе – оның соңы жоқ екеніне көзі 
жетеді. Егер қайтадан мән беріп, назар салып қарайтын болса, онда 
дүниенің мерзімі аз екеніне көзі жетеді. 
Мысалға, жер бетінде алпыс жыл өмір сүрсең – оның отыз жылы 
ұйқыға кетсе, он бес жылың балалық шақпен кеткен күнің. Өзіңде 
қалған уақыттарыңды санасақ, ішіп-жеу мен басқада қажеттіліктерді 
өтеумен уақыт өтеді. 
Егер уақытың осылай өтетін болса, ақіретіңе не қалады? 
Ақіретім деп істеген амалдарыңның ішінде рия, ғапілет толы. Олай 
болса ақірет немен сатып алынады – осы сағаттармен сатылып алы-
нады.


16
@shezhimbai
АЛТЫНШЫ БӨЛІМ
ҰЗАҚ ҰЙҚЫДАН КЕЙІН ОЯНУ
Балақай! Қолымды мезгілінен кеш сермедім деп қынжылма! 
Шын мәнінде, көптеген адамдар ұзақ уақыт қалың ұйқыда болып, 
кейін оянған. Мен ұлы ғалым Абу Хакимнің былай деп айтқанын 
естіген едім:
«Жас шағымда көп бос затпен айналысып, ілімге көп көңіл бөл-
мейтін едім. Бір күні әкем: 
«Мен сенің қасыңда мәңгі қалмаймын, мына жиырма динарды 
алып өзіңе нан сататын дүкен аш»-деді. 
Мен оған:
«Әке не айтып тұрсыз» - дедім.
Сонда ол маған : «Онда киім дүкенін аш» деді.
Сіз қалайша маған олай айтасыз? Мен қазылардың қазысының 
баласымын, Абдолла Дамағанидың ұлымын ғой» дедім. 
«Онда неге мен сенің ілім талап етіп жүргеніңді көрмеймін?» 
деді.
«Маған дәріске уақыт бөлші» дедім. Кейіннен дәріске уақыт 
бөлді. Осылайша білімге толықтай беріліп, дәрісте табандылық та-
ныттым. Алла ұмтылысымды қабыл етіп, ілімнің есігі айқара ашыл-
ды» - деген.
Абу Мухаммад Халуанидің таныстарының бірі ол жайлы былай 
деп айтады: «Әкем қайтыс болған кезде мен жиырма бір жастағы жас 
бала едім, уақытымды бос өткізуге құмар болатынмын. Бір күні мұра 
болып қалған үйімді алып, мәселені шешу үшін араларына келдім. 
Кейбір тұрғындар:
«Бұл түк білмейді ғой, қалайша дауды шешеді» деп айтып жа-
тырғанын естідім. Іштей өзіме:
«Бұлар мен жайлы осылай айтып жатыр ма?» дедім. Анама 
келіп былай деп айттым:
«Егер мені қажет етсең, мен Абу Хаттаб мешітінде боламын» 
деп уақытымның барлығын ұстаздың алдында ілім алуға арнадым. 
Тек қана аса қатты қажеттілік болғанда, даудамайды шешу үшін ғана 
сыртқа шығатын едім. Кейіннен қазылық лауазымда бірнеше жыл 
өткіздім» деген. 
Ибн Жаузи: «Мен оның адамдарға пәтуа беріп пікір алмасқа-
нын көрдім деп» айтқан. 
3
3 Бауырым, егер белгілі бір себептермен өміріңнің бір бөлігін ғапілетте өткізіп қойсаң көңіліңді 


17


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет