Ибн Жаузидың (Алла ол кісіні мейіріміне алсын) баласына жазған өсиетінің



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата08.04.2024
өлшемі3 Mb.
#497870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Ибн Жаузи Шелпек

@shezhimbai
Фиқһ – шариғи ілімдердің негізі. Ал уағыз-насихаттарды жеткі-
зу – олардың ең тәттісі, әрі пайдасы жағынан ауқымдырағы. Аллаға 
мадақ айта отыра, мен осы жинақтарда алдыңғы және олардан басқа 
ғалымдардың еңбектеріне қарағанда жеткілікті нәрселерді келтіре 
отырып, сені кітаптарды талап ету мен кітап жазуда әлек болудан то-
стым. Балам! Адамның уайымы бір сәтке тоқтамауы – адамды алдыға 
итермелеп отыратын жаратылыс. Уайымның тоқтауымен – адамның 
өмірде пайдалы істермен айналысуы да тоқтайды. Ал адамның бой-
ындағы уайымы көп болған сайын, ол пайдасы жоқ нәрселермен ай-
налысуда қанағаттанбайды. 
Уайым – адаммен бірге жаратылған құбылыс екенін дәлел-дәй-
екпен білдім. Адамның бойындағы уайым кейде төмендеп отырса, 
кейде қайтадан оянып, адамға жігер беріп отырады. 
Егер бойыңнан әлжуаздық пен жалқаулықты байқасаң, Аллаға 
жалбыранып, оған бет бұр! Әлде, оған бет бұрып, мұратсыз кеткен-
дерді көрдің бе?! Алланың шексіз рақымшылығынан бас тартып
осы жалғаннан бір пайдасымен кеткен адам болды ма?! Жоқ әлде бар 
көрген жақсылыққа «
өзім жеттім» деген адамның жеткені шынайы 
жетістік пе?! Осыған қатысты бір ақын: 
Келсем саған бүгін болып қонақ
Ұшып кетер ма екен саған аяқ
Есігіңді қақпай кетіп бұрылсам
Сорлы басқа тиер ма екен таяқ?!


10
@shezhimbai
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Балам! Алла белгілеп қойған шекараларға жеткенде, қандай 
халде болатыныңды қара! Расында, кім 
Алланың шекарасынан 
өтуден сақтанса, Алла оны сақтайды! Ал кім оған бағынбаса
Алла ондай адамдарды тастап қояды. Саған өзімнің басымнан 
өткен жағдайымды айтып, бәлкім, осы арқылы менің бұл дәрежеге 
қалай жеткенімді біліп, мен үшін Алладан дұға жасап, бұл дәрежеге 
өзімнің күшіммен емес, Алланың маған берген жәрдесімен ғана жет-
кенімді түсінерсің.
Өзімнің алты жасар бала болған кезімді еске түсірсем, сол жа-
сымда-ақ бойымда – ілім алуға үлкен құштарлық болғанын байқай-
мын. Менімен қатарлы жас бала-жолдастарым болса да, балалық 
қызықтарын елемей, олармен ойнап-күлуге уақытымды құртпай, 
үлкен қария адамдардың ойлағандарындай ақыл-ойды керек жерде 
пайдаланып, ілім алумен айналыстым. Тіпті жеті жасымда-ақ сол 
кездегі үлкен ғылым орталықтарындағы ілім мәжілістерінен қал-
майтын едім. Ойын алаңдарын емес, ілім алаңдарын тандадым. Сол 
мәжілістерден мен Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты 
мен сәлемі болсын) асыл сирасын үйреніп, жаттап, оны кітап беті-
не түсіру үшін, мухаддисті іздедім. Алла сәтін беріп, Шейх Әбу әл-
Фадл ибн әл-Насырды кездестірдім. Мені басқа шейхтарға апарып, 
ешнәрсе түсінбесем де, Имам Ахмад ибн Хәнбәлдің «
Муснад» хадис 
жинақтарын, сондай-ақ басқа хадис кітаптарын маған оқытып, ба-
лиғат жасқа толғанға дейін – әрбір оқыған хадистерімді естіп, мені 


11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет