Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет35/79
Дата16.09.2022
өлшемі218.07 Kb.
#460840
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79
ерте орта дамыған қаз тарих

Қала мәдениеті

-Оңтүстік Қазақстан және Жетісуерте ортағасырларда түріктердің қалалық мәдениеті дамыған аймақ. VI-IX ғасырларда қала мәдениетін дамытуда Ұлы Жібек жолы және халықаралық керуен саудасы маңызды рөл атқарды.
-Оңтүстік Қазақстанда ортағасырлық қала мәдениеті ежелгі қаңлылар дәстүрінде қалыптасты.Осы аумақта қала мәдениетін өркендетуде соғдылар маңызды рөл атқарды. Оңтүстік Қазақстанда түркі-соғдылық аталған мәдени кешен пайда болды. VI-IX ғасырларда отырықшылық мәдениет орталығы болған Отырар, Йасы, Сығанақ, Сауран, Янгикент қалалары орналасты.Қаратау баурайында VI –VIІІ ғасырларда Баладж және Баба-Ата қалалары болды.
- Жетісу- VI-IX ғасырларда қалалық мәдениет дамыған, Тараз, Талхир (Талғар), Алмалық, Қойлық қалалары орналасқан өңір.
-Қалалардың негізгі халқын түркілер құрады. Ең ірі Тараз «әйгілі түркі қаласы» деп аталды.

Қалалардыңқұрылыс жүйесі

-Орта ғасырлық қалалардың құрылыс жүйесі үш бөліктен жасалған:

  • Цитадель-қаланың қорғаныс құрылыстарымен қоршалған орталық бөлігі. Қала билеушісінің сарайы, әкімшілік және діни ғимараттар орналасқан. Цитадельде қуатты қорғаныс жүйесі, салтанатты дәлдіздер, сақтау қоймалары болды. Цитадельдің сыртын шахристан қоршап тұрді.

  • Шахристан–қоғамдық ғимараттар, сауда және мәдени мекемелер орналасқан бөлігі. Шенеуіктер мен ақсүйектердің, әскери қызметкерлер мен дінбасылардың үйлері орналасты.

  • Рабад –қолөнер- сауда орны, қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін аймағы. Қалының негізгі халықы өмір сүрді.Мұнда шеберханалар мен мекен-жайлар салынды.

Руна жазуларында

-Қалалар туралы деректер руна жазуларында сақталған. Мәселен, көне түркі руна ескерткіштерінде «балық»-қала, «балықдақы»-қалалықтар, «барқ»-ғимарат деген түркілік атаулар берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет