Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет36/79
Дата16.09.2022
өлшемі218.07 Kb.
#460840
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79
ерте орта дамыған қаз тарих

Қалалардың ерекшеліктері

  1. Қалалар көшпенділер әлемімен тығыз байланыста болып, солардың ықпалымен дамыды.

  2. Қала халқының бір бөлігі жартылай отырықшы мал шаруашылығымен айналысып, жаз мезгілін жайлауда өткізді.

  3. Қалалар алғашында әкімшілік-сауда орталықтары ретінде пайда болды.

ТҮРІКТЕРДІҢ ӘСКЕРИ ӨНЕРІ

Әскери ісі

-Түріктердің әскери ісі VІ-VІІІ ғасырларда жоғары деңгейде болды. Мемлекет әскери-әкімшілік жүйе бойынша ұйымдастырылды.Темірден қару-жарақ жасау өнері жоғары болды.
-Қытай деректерінде түріктер бүкіл өмірі әскери тұрмысқа бейімделген, соғысқа әрқашан дайын тұратын, соларқылы Қытайға қауіп төндіретін қоғам ретінде қаралған.
-Түрік жеріне басып кірген арабтар түріктерді қауіпті қарсылас ретінде санады. Мұхаммед пайғамбардың бір хадисінде ұрпақтарына түріктермен соғыспау туралы өсиет қалдырғаны айтылады.

Әл-Джахиз
ІХ ғасыр

-Манақиб әл-атрак» («Түркілердің лайықты қасиеттері») еңбегінде: «.....Араб-хариджит бір жебені садаққа салғанша түрік он оқ атып үлгереді.......Түріктің төрт көзі бар: екеуі-алдында, екеуі- желкесінде. Қолөнер, сауда, медицина, егіншілік, құрылыс ісі, ағаш отырғызу, егін орудан бас тартып, бүкіл күшін жаулаушылыққа, жорыққа, салт атты өнерге, ерлердің жекпе-жегіне, жерлерді бағындыруға бүкіл ғұмырын арнаған. Гректер-даналықта, қытайлар-қолөнерде, парсылар- саясатта жетік болса, түріктер- әскери істің білгіріне айналды»-деп сипаттайды.

МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет