Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


Киіз үй -Киіз үй туралы хабар араб, қытай



бет37/79
Дата16.09.2022
өлшемі218.07 Kb.
#460840
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79
ерте орта дамыған қаз тарих

Киіз үй

-Киіз үй туралы хабар араб, қытай жазба деректерінде кездеседі.
-Араб саяхатшы, географтары әл-Якуби (ІХғ.) мен ибн Фадлан (Хғ.) еңбектерінде киіз үй туралы мәліметтер кездеседі.
-«900 адамға дейін сыйған қағанның киіз үйі» Византия императорының елшісі,тарихшыМенандрды қатты таңғалдырған. Ол алтын тақты және «жібек жамылғылы» киіз үй туралы жазады. «Қаған ордасының ағаш тіреуіштері алтымен қапталған,төрт тауыс (павлин) мүсінінің үстіне орнатылған тағы түгелдей алтыннан құйылған. Түркілердің өнері мен сәнсалтанаты біздікінен ешбір кем емес екеніне көзіміз жетті»



Металл өңдеу



-Түріктер V ғасырданкен қорыту ісімен таныс. Түркілер әлемдік тарих сахнасына металл өндіру арқылы шықты. Металл өндіру түркілердің ата кәсібі саналады. Археологтар АлтайданV-ІХ ғасырларда балқытылған металл қалдықтарын тапты. Түркілер өндірген темір жоғары сапалы, төзімді әрі мықты болған.Түріктер үшін металл өндіру жақсы қаруланған әскер құруға және қолөнер мен сауданы дамытуға ықпал етті.
- Жетісу-VIII–IX ғасырларда күміс заттарды шығару өндірістің негізгі түріне айналған аймақ.Талас өзенінің жоғарғы ағысында күміс кенінің ашылуы Қазақстан қалалары мен көршілес елдерде оған сұранысты арттырды. Шу, Іле бойлары мен Қаратау-түсті металдар өндірілген аймақтар.

-«Көне түрік дәуірі деп VІ-Іх ғасырлар, яғни ерте орта ғасыр кезеңі деп аталады. Бұл кезде түрік халықтары әлемдік кеңістіктің алдыңғы шебінен орын алып, бүкіл Еуразия аймағына қоныс тепті. Бұл кезең түріктердің рухани және материалдық даму саласындағы көптеген жетістіктермен ерекшеленеді: өз жазуы (руналық), жазба әдебиеті пайда болды, шекаралас елдердің халықтарымен экономикалық, саяси, мәдени байланыстар орнатылды, темірді өнеркәсіптік негізде өндіру жүзеге асты, қалалар салынды, будда, манихей, христиан діндері енгізілді». Түріктердің әлемдік тарих сахнасына шыққан шаруашылық қызметі темір өндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет