Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы



бет10/43
Дата16.04.2024
өлшемі223.64 Kb.
#498827
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

Соңғы, бесінші саты. Әмбебаптану – жеке тұлғалық аядан шығып, «өзінікі сияқты» адам құндылығынан жоғары кеңістікке кіруі. Оның әмбебаптылықты қалыптастырудағы серіктесі Құдай – адамзат болып табылады.
Жалпы субъективті шындықтың өсу кезеңінің ерекшеліктері осындай. В.И.Слободчиковтың қорытындысынан, өзін-өзі дамыту үрдісі – адам болмысының мәндес формасы сияқты өмірімен басталып, ішінде қарқындап отырады. Бірақ адам көп жылдар бойы оны дамытып, бағыт беріп отыратын процестің субъектісі болмауы да мүмкін. Бұл рөлді көптеген жылдар бойы және жиі-жиі жеке тұлға емес, өзі өмір сүретін, тығыз байланыстағы әлеуметтік орта алуы мүмкін.
Автор түйіндемесінде мынаны түсіндіреді: неге біз ішкі әлем құрылымымен оның даму сатыларына көп көңіл бөлдік. Себебі, өзін-өзі дамыту – іштен болатын үрдіс және жеке адамға ғана қатысты, сонымен қатар, бұл басқа адамдармен бірге жүзеге асатын объективті үрдіс. Өзін-өзі дамыту – объективті үрдіс ретінде өмір бойы жүзеге асады. Адам өзін-өзі дамытуда бастаманы өз қолына ала ма, оның толық субъектісі бола ма деген сұрақ туындайды. Көрсетілген кезеңдермен келіссек, бұл жанға жайлы тұлғаландыру сатысында жүзеге асады. Алдыңғы екі жандану мен рухтануу сатысында дайындық жұмыстары жүреді, бала белсенділік көрсетіп және белгілі бір нәтижеге жетіп, көп жағдайда аңғармай, өзінің жеке тұлғасын қалыптастырады. Жалпы қалыптасқан үлгіге еліктей отырып, өзіне-өзі сенімді болады, істеген ісіне жауап беруге үйренеді, жеке тұлға екенін көрсетеді.
Өзін-өзі дамытудың бірлігі, «кірпіші» не болды екен? Бұл бірлік – жеке тұлғаны қалыптастырудың актісі болып табылады. Өзін қалыптастыру – бұл адам өміріне теңбе-тең, әрекет арқылы нақты бір жағдайда жүзеге асатын үрдіс Бұл үрдіс өте күрделі, жалпы жоспар бойынша оның мәні мынада. Адам өзін болжау механизмі есебінде шынайы «Мен» үлгісін құруына қабілеті бар немесе жақын болашағына нақты жоба жасай алады. Бұл «Мен» моделі – шынайы «Менге» айналады. Біз бұл механизмді суреттемесек те болады. Тек мынаны атап өтеміз, бәрібір адам өз қалауын табады, өзін-өзі қалыптастыруда өз стратегиясын айқындайды. Тұлға енді жаңа деңгейде қалыптасады. Сол себепті, тұлға әрқашан қозғалыста, өзін-өзі дамыту процесінде болады.
В.И.Слободчиковтың кезеңдеуін пайдалана отырып, даму бағытын әр деңгейге бөле аламыз. Мысалы, тірілу деңгейінде үлкен адамның міндеті – бала мен ересек адамның арасындағы эмоциялық алшақтықты жасыруды жүзеге асыру үшін, үлкен адам пайдаланатын затты кіргізіп, немесе сол затқа ұқсас баланың ойыншығын не басқа да заттарды пайдалана отырып көңіл-күйіне әсер ету. Ал бала өз кезегінде белсенділік көрсетіп, осы бағытта дамуын әрі қарай жалғастырады. Бірақ соңында бала ойынға жаңа затты кіргізуін талап етеді. Нәтижесі – бірлікті бұзу, «бала-ересек», жаңа бірліктің пайда болуы – «бала – бірігіп іс-әрекет жасаудың құралы – ересек». Жандану деңгейінде ересек адам баланың өз өзіне сенімді болуын қалыптастыруда үлгі көрсетеді («Мен – өзім», «Мен – үлкенмін», «Мен – әкеме ұқсаймын»). Бала өзінің тұлғасын ойын кезінде, қарапайым іс-қимыл әрекеті кезінде қалыптастырады. Нәтижесінде қиялындағы ересек адамға еліктеуін азайтады. Жасөспірімнің міндеті – өзін қалыптастыруда бастама көрсету, ал олар әлеуметтік және жеке сұрақтарға бірге жауап беруді талап етеді. Нәтижесінде тәуелділік қатынас бүлінеді, тепе-теңдік қарым-қатынас басталуы мүмкін.
Осылайша, өзін-өзі дамытудың әр кезеңінде нақты әрекеттер арқылы тұлғаны құру – жас ерекшелігіне байланысты мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді, өзін-өзі дамытудың толық және тәуелсіз субъектісі болуына, өмірі мен тағдырына байланысты мәселелерді шешуге қалыптасқан жағдайлар қаншалықты мүмкіндік береді. Бұл айтылғандардың барлығы адамның өмір жолы мәтінінде өзін-өзі дамыту мәселесіне талдау жасау мүмкіншілігін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет