Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Біріншіден, өмірлік жол мен өздігінен даму өте дара, өзіндік құбылыс, осы даралық әр адам қайталанбас тұлға екенін айқын дәлелдейді. Екіншіден



бет12/43
Дата16.04.2024
өлшемі223.64 Kb.
#498827
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

Біріншіден, өмірлік жол мен өздігінен даму өте дара, өзіндік құбылыс, осы даралық әр адам қайталанбас тұлға екенін айқын дәлелдейді.
Екіншіден, ерекшелікке, даралыққа қарамастан, өмірлік жол мен өздігінен даму әрбір адамға жалпы беріледі. Адам жеке тұлғасынсыз, оның өркендеуінсіз өмір сүре алмайды.
Үшіншіден, уақыт бәріне бірдей беріледі, туылған кезден бастап өздігінен даму басталып, өле-өлгенше созылады. Айырмашылығы, өмірдің бір мөлшерлі уақытында ма әлде бүкіл өмір бойы ма, әркімде әр түрлі жүзеге асады. Өмірдің әр кезеңінде өздігінен даму қарқындылығы өмір жолын өзгертеді, кей жағдайда, өмірдегі оқиғалар оның өсуін қарқындатады, баяулатады немесе мүлдем кереғар әсер етеді. Көп нәрсе адам қаншалықты, қанша уақытта өз өмірінің иесі, өзіндік дамуының негізгі себебі екенін түсініп, солар үшін еңбектенуіне байланысты. Егер ол өз өмірінің иесі болмаса, ол рөлді басқа біреулер атқарады, адам өмір ағысымен кетіп, өзіне керекті бағытты ұстай алмайды. Бірақ та бір айта кететін жағдай, бұл үнемі жаман болып аяқталады деген сөз емес, кей уақытта ол адамға біреудің басшылығы ең бір тиімді түрде әсер етуі мүмкін. Керісінше жағдайлар да кездесуі мүмкін. Мысалға, адам өзіне не керек екенін жақсы түсінеді, ол өзін сол мақсаттарға жету үшін жақсы ағымға бұрып, өз ойын жүзеге асыруға талпынады, бірақ қоршаған жағдай бұл мақсатқа жетуге өте көп кедергілер дайындап, қиындықтар тудырады. Ол адам тек өзінің батылдығы, жүректілігі өзінің ұстанымының дұрыстығы арқылы ғана осындай қиындықтарды жеңеді. Бұл біздің үнемі айтатын «тағдыр» дегенге тура келеді, бұл жерде адам өз өмірінің иесі ме, өздігінен дамуының тегеурінді күші ме немесе бұл таза кездейсоқтық па, әлде абайсызда өмір тұңғиығына түсіп кеткен жағдай ма – бұларға еш қатыссыз, әншейін бұл адамның тағдыры солай деген сөз.
Алайда, өз өмірінің қожайыны, өздігінен дамудың тегеурінді күші болу ұстанымы (тағдырдың тауқыметі көп болса да, оған қолайлы болмаса да) жағдайға бағыныштылықтан (мейлі ол жақсылықпен аяқталса да) анағұрлым артығырақ болып есептеледі.
Өздігінен дамуға ұмтылған, өзін түсіне білетін адам өз өмірін тура ұстаныммен мақсатына жетуге бағыттайды және өз жоспарын іске асыруда қаншама қиын, кедергілерге жолықса да аянбайды, ондай адамдар сыртқы ортаға тәуелді адамдарға қарағанда құрметке бөленіп, көптеген табыстарға жетеді. Бұндай адамдар өз ісіне жауап беруден қорықпайды. Керек кезде қауіпке де бара алады, егер жолы болмаса, ешкімді де кінәламайды.
Ал сыртқы ортаға тәуелді адамдар (жағдайға қолайлы да, қолайсыз да болуы мүмкін) өзіндік тура жолы жоқ, жағдайға бағынатын, өз ұстанымы жоқ, егер қолайсыз жағдай туындағанда, торығу, үміт үзуге дайын тұрады, өзін-өзі бағалауы төмендеп кетеді.
Осыларды түйіндей келе, адамға өздігінен дамуы үшін көмек көрсету керек, өзін-өзі тануына, өзінің алдындағы мақсаттарына жетуге, өз тағдырының толық иесі болуы үшін қандай ұстанымды таңдау керек екеніне қол ұшын беріп, бағыт бағдар көрсету керек дегім келеді.
Сонымен, адам өзіндік ерекше қайталанбас ішкі дүниесі бар және ол сыртқы дүниемен тығыз байланысты, сол сыртқы дүние әркімге әртүрлі кейіпте әсер ететіндігімен ерекшеленетін дара тұлға. Бұл дүниенің өзіндік кеңістігі, уақыты бар, ерекше мәнділігі бар, ол өз сезімінде белгілі бір бейне жасап, іштей сөйлесе алады. Адам сол бейнемен сөйлесіп, өз іс-әрекетін талқылап, өз өміріне жоспар құрып, қиялдап, өзінің алдына әртүрлі мақсаттар қояды.
Ішкі жан-дүние немесе субъективті шындықты жандандыру, рухтандыру, жеке бір бейне жасаумен қатар өзіне тән ерекшелігі бар, көп қырлы болу арқылы (осының бәрі адам дамуының негізі болып есептеледі) сол адамға жақын, сол адамға әсері, салмағы бар адамдармен байланысты дамиды (яғни қоғамға байланысты дамып отырады).
Өздігінен дамуды талдау бірлігі – бұл белгілі бір уақытта тұлғаны жақсарту, төмендету, өсіру бағытында өзін-өзі құру, жасау. Әр жас мөлшерінің өзін -өзі жасауда өзіндік қызметі бар. Өздігінен даму адамның бүкіл өмір бойында дами береді, әсіресе жасөспірім шақта ол өз жолын айқындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет