Дәстүрлі - аграрлық қоғам мен индустриалды дамудың алғашқы кезеңдерінде тұрған аймақтарға тән.
Өтпелі - соңғы бірнеше онжылдықта дамушы елдердегі халықтың ұдайы өсуінің дәстүрлі түрінің өзгеруіне байланысты қалыптасты.
Заманауи түрге мыналар тән: туудың төмен деңгейі, өлімнің орташа деңгейінің сақталуы, табиғи өсімнің төмендеуі, өмір сүру ұзақтығының жоғары деңгейі.
Абсолютті демографиялық көрсеткіштерді анықтаңыз:
туу коэффициенті, табиғи өсім.
туылғандардың саны, иммигранттар мен эмигранттардың қатынасы.
туу, өлім және табиғи өсім коэффициенттері.
екі жыл ішіндегі халық санының арасындағы айырмашылық.
Туу мен өлімнің жоғары деңгейі, өмір сүру ұзақтығының төмен деңгейі - халықтың ұдайы өсу типін анықтаңыз
А) халықтың ұдайы өсуінің дәстүрлі түрі В) халықтың ұдайы өсуінің өтпелі түрі
С) халықтың ұдайы өсуінің заманауи түрі D) Демографиялық дағдарыс
Халықтың ұдайы өсуінің заманауи түрі тән елдер дұрыс көрсетілген жауапты таңдаңыз:
Египет, Алжир, Сенегал. В Ангола, Чад, Франция.
С Германия, Болгария, Чехия. Д Панама, Сингапур, Польша
Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтарын талдау, елдер мен аймақтардың демографиялық көрсеткіштерін салыстыру үшін қолданылады:
Салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер.
Абсолютті демографиялық көрсеткіштер.
Туу және өлім көрсеткіштерінің жиынтығы.
Халықтың ұдайы өсуінің түрлері
2 тапсырма
Географиялық зерттеу әдістері
Географиялық зерттеулердің негізгі әдістеріне далалық, картографиялық және теориялық әдістер жатады.
Белгілі бір бағыттар бойынша өту және сипаттама жасау нәтижесінде, өлшеулер мен бақылаулар жүргізіп, зерттеу объектісі туралы деректерді жинау және өңдеу далалық зерттеу әдістеріне жатады. Ұйымдастыру тәсіліне сәйкес далалық зерттеу әдістері экспедициялық және стационарлық болып бөлінеді.
Зерттеудің картографиялық әдісі карталарды ақпарат көзі ретінде пайдалануға, яғни оларда бейнеленген объектілерді, құбылыстар мен процестерді зерттеуге негізделген.
Теориялық әдістер - ойлау қызметіне негізделген зерттеу объектісін ғылыми тану әдістерінің жиынтығы. Оларға жүйелеу әдісі, салыстырмалы географиялық әдіс, модельдеу жатады. Шартты түрде географиядағы модельдерді заттық (макеттер), ақпараттық, вербалды, графикалық, кестелік, математикалық деп бөлуге болады.
Зерттеу аймағында бастапқы деректерді жинау - бұл әдістердің мәні:
Картографиялық
Салыстырмалы
Теориялық
Далалық
Экспедициялық және стационарлық зерттеу әдістерінің басты айырмашылығы - экспедициялық әдістер маусымдық сипатқа ие, ал стационарлық зерттеулер тұрақты негізде жүргізіледі. Экспедициялық зерттеулердің негізгі әдістері мен тәсілдерін анықтаңыз:
Өлшемдер, өсімдіктер мен жануарлар коллекцияларын құрастыру, далалық эксперимент.
Зерттеу объектісінің жағдайы туралы деректерді үздіксіз жинау.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар арқылы жиналған деректерді
өңдеу негізінде сенімді болжамдар жасау.
Географиялық объектілер мен құбылыстардың жағдайын тұрақты негізде бақылау.
Дұрыс қатынасты анықтаңыз: «карта- картографиялық әдіс»:
Достарыңызбен бөлісу: |