Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


Стандарт «Бетпен жатудағы босану биомеханизмі»



бет10/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.19. Стандарт «Бетпен жатудағы босану биомеханизмі»

I кезең – бастың шалқаюы. Жамбас кіреберісінде нәресте басының беттік линиясы жамбастың сәл қиғаш өлшеміне келеді. жетекші нүкте иек болып табылады.


II кезең – бастың ішкі бұрылысы (жамбас түбінде болады), иек әдетте алдыға қарап бұрылады және бет линиясы жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді.
III кезең – бастың бүгілуі, әдетте тіл асты сүйегі қасаға доғасына бекініпғ бекіну нүктесі пайда болғанда бас бүгіледі. Осылайша баланың беті туылады.
IV кезең - Иықтары да жамбастың қиғаш өлшемдеріне келеді және жамбас астауынан шыға берісте жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Осы кезед бала басы анасының сандарына қарай бұрылады. Кейін алдыңғы иық, сосын артқы иық туылады.


3.1.20. Стандарт «Жамбаспен жатудағы босану биомеханизмі»

Жамбаспен жатуда нәрестенің туылуы әдетте жатыр мойнының толық ашылуында ғана басталады.


1.Нәресте жамбастары анасының жамбасының бір қиғаш өлшеміне келеді. қиғаш өлшемде нәресте жамбасы анасының жамбас астауына түседі. Осы кезде алдыңғы жамбасы артқы жамбасынан төмен орналасып, жетекші нүкте болып табылады.
2.Жамбас астауымен жылжи отврвп, нәресте жамбастары ішкі бұрылыс жасайды және тік өлшемге сәйкес келеді. Алдыңғы жамбас анасының қасаға сүйегіне, ал артқы жамбас анасының сегізкөз сүйегіне қарайды.
3. Ары қарай нәрестенің жамбастарының туылуы болады. алдымен алдыңғы жамбас туылып, нәрестенің мықын сүйегі анасының қасаға сүйегінің астына орналасады. Бекіну нүктесі пайда болады. осы тұста нәресте денесінің қатты бүгілуі болады және артқы
жамбас туылады. Жамбас туылған соң нәресте денесі кіндікке дейін туылады, кейін жауырын астына дейін туылады.
4.Нәресте иықтары анасының жамбасының тік өлшеміне сәйкес келеді. Алдыңғы иық симфиз астына бекінеді, артқы иық туылады, сосын алдыңғы иық та туылады.
5.Нәресте басы бүгілген күйі жабастың қиғаш өлшеміне келеді, шүйдесімен алдыға бұрылады. Шүйдеасты шұңқыры қасаға сүйектің астына бекінеді және бекіну нүктесі пайда болады. Алдымен баланың иегі туылады, сосын беті, маңдайы, төбесі, желкесі туылады.
Аяқпен жатқанда жыныс саңылауынан алдымен бір немесе екі аяғы көрінеді. Жетекші нүктесі алдыңғы аяқ деп есептеледі. Аяқтар тізеге дейін дейін туылғанда нәресте жамбастары анасының жамбас астауына түседі. Ары қарайғы босану биомеханизмі жоғарыда аталып өткен ретімен жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет