Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі



бет2/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
стандарт акуш гин

3.13. Стандарт «Айнамен қарап-тексеру»
Зерттеу мақсаты: қынап және жатыр мойнын визуальді қарап, бағалау.
Ресурс: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айна, бір реттік қолғап, жеке пеленка.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіріңіз.

  2. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу (арқасымен, аяқтары тізе-сан буынында бүгілген), жеке пеленкаға жатқызу.

  3. Қынап және жатыр мойнының жақсы көрінуі үшін жарықпен қамтамасыз ету.

  4. Бір реттік қолғапты кию.

  5. Стерильді үстелшеден стерильді айналады алыңыз.

  6. Қасықтәріздес айнаны оң қолыңызға алып, сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз. Айнаны қынаптың бүйір қабырғаларымен енгізіп, төмен бұрыңыз. Айнамен қынапты төмен басып, екінші айнаны енгізуге орын босатыңыз. Екінші айнаны да қынаптың бүйірімен енгізіп, жоғары қарай тартыңыз. Осылайша қынап пен жатыр мойнын жалаңаштап, визуальді көріп бағалаңыз.

Екіжармалы айнаны сол қолмен жыныс еріндерін ашып тұрып, оң қолмен қынаптың бүйірімен жабық күйінде енгізіңіз және жатыр мойнына жеткенде айнаны ашып, жатыр мойнын жалаңаштаңыз.
7.Жатыр мойнын және қынапты қарағанда, олардың түсіне, бөлінділер сипатына, жатыр мойнындағы патологиялық өзгерістерге, жатыр мойнының пішініне мән беріңіз.
8.Айнаны жабық күйінде қынаптан шығарып, дез.ерітіндіге салыңыз. Егер бір реттік айна болса, КБСУ-ға тастаңыз.
9.Әйелдің тұруын сұраңыз..
10. Қолғаптарды шешіп, инфекцияның алдын алу ережеге сәйкес тастаңыз.
11.Қолыңызды сабынмен жуыңыз..


3.1.4. Стандарт «Бимануальді зерттеу»


Зерттеу мақсаты: ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау.
Ресурс: гинекологиялық кресло, жеке пелёнка, бір реттік қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіріңіз.

  2. Қуықты босату туралы әйелге ескертіңіз.

  3. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу (арқасымен, аяқтары тізе-сан буынында бүгілген), жеке пеленкаға жатқызу.

  4. Зерттеу кезінде әйелдің тынысының еркін болуын ескертіңіз.

  5. Бір реттік қолғаптарды киіңіз.

  6. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз.

  7. Оң қолдың ортаңғы 3 саусағын кейін 1 саусақты қынапқа енгізіңіз. Ал үлкен саусақ қасаға сүйегіне жанасуы керек.

  8. Қынапқа енгізілген саусақтармен қынап және қынап күмбездерін зерттеңіз.

  9. Кейін, енгізілген саусақтарды жатыр мойнының астынағ яғни артқы күмбезге баса отырып, сол қолыңызды құрсақтың төменгі бөлігінен жатырды пальпациялаңыз.


  1. Осылайша, жатырды пальпациялау арқылы оның орналасуын, көлемін, консистенциясын, қолғалғыштығын және ауыру сезімінің бар-жоғын анықтаңыз.

  1. Жатырды пальпациялай отырып, оның бұрыштарынан екі жақта аналық без және жатыр түтіктерін пальпациялаңыз. Қалыпты жағдайда жатыр түтіктері пальпацияланбайды. Ал аналық бездерді пальпациялай отырып, оның көлемін, піщінін, қолғалғыштығын, ауыру сезімінің бар-жоғын анықтаңыз.

  2. Қолыңызды қынаптан шығара отырып, қолғапта қалған бөлінділер сипатына назар аударыңыз.

  3. Қолғаптарды ережеге сәйкес тастаңыз.

  4. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет