Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


Стандарт «Іш айналымы және жатыр түбі биіктігін өлшеу»



бет6/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.10. Стандарт «Іш айналымы және жатыр түбі биіктігін өлшеу».


Зерттеу мақсаты: Жүктіліктің дамуын динамикалық бақылау. Алынған мәліметтер бойынша ұрық салмағын болжамды анықтау.
Ресурс: сантиметрлік лента, кушетка.
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Әйелге зерттеу туралы айтыңыз және қуығын босатуын ескертіңіз.

  2. Әйелді кушеткаға аяқтарын жазып жатуын айтыңыз.

  1. Сантиметрлік лентаны алып ұшын кіндік тұсына қойып, қалған бөлігін айналдырып алып келіңіз.

  2. Алынған өлшемді белгілеңіз.

  3. Сантиметрлік лентаның ұшын қасаға сүйекке қойыңыз және жатыр түбіне дейін жатыр бойымен өлшеңіз. Алынған мәліметті тіркеңіз..

  4. Әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз.

  5. Қолыңызыд жуыңыз..

  6. Алынған мәліметтерді медициналық құжаттарға тіркеңіз.

Ескерту: жатыр түбі мен іш айналымын өлшеу жүктіліктің тек 20 аптасынан бастап өлшенеді.


3.1.11. Стандарт «Акушерлік стетоскоп арқылы ұрықтың жүрек соғысын анықтау»


Зерттеу мақсаты: ұрықтың жүрек соғысының жиілігін анықтау.
Ресурс: акушерлік стетоскоп, секундомер, кушетка.
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Әйелге зерттеу туралы айтыңыз.

  2. Әйелге кушеткаға аяқтарын жазып жатуын айтыңыз.

  3. Сыртқы акушерлік тексеріс (Леоаольд-Левицкий тәсілін қараңыз) ұрықтың позициясын, түрін анықтаңыз.

  4. Ұрықтың жүрек соғысын оның арқа тұсында, әйелдің құрсақ бөліміне стетоскопты тереңірек орналастыра тыңдаңыз. Қажет болғанда стетоскопты ұрықтың жүрек соғысын тапқанша қолғалтуға болады.

  5. 1 минутта болатын жүрек соғысын анықтаңыз

  6. Қосымша әйелдің де пулсін қатар есептеп отырыңыз, себебі ұрық жүрек соғысымен шатасып кетуі мүмкін.

  7. Алынған мәліметті белгілеңіз.

  8. Әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз

9.Қолыңызды жуыңыз.

  1. Стетоскопты дез.ерітіндімен өңдеңіз.

  2. Алынған мәліметтерді медициналық құжатқа енгізіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет