Екінші кезең – нәресте басының іщкі бұрылысы. Нәресте басы жамбас астауына түсіп, шүйдесімен артқа бұрылыс жасайды.
Үшінші кезең қосымша 2 кезеңнен тұрады. Қасаға сүйектің астыңғы жағына маңдайдың шаш басталған аймағы келеді, осы тұста бекіту нүктесі пайда болады және нәресте басы бүгіледі. Осы кезде құйымшақ-сегізкөз байламдарына шүйде асы шұңқыры келеді. Екінші бекіту нүктесі пайда болады. осы кезде баланың тағы бүгіліп, жыныс саңылауынан нәресте басы туылады. Ары қарай туылу дәл алдыңғы түріндегі сияқты биомеханизммен жүреді.
Төртінші кезең – нәресте иықтарының ішкі және сыртқы бұрылыстары. Иықтары да жамбастың қиғаш өлшемдеріне келеді және жамбас астауынан шыға берісте жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Осы кезед бала басы анасының сандарына қарай бұрылады. Кейін алдыңғы иық, сосын артқы иық туылады.
3.1.17. Стандарт «Баспен жатудың алдыңғы түріндегі босану биомеханизмі»
Жамбас астауына кіре берісте нәресте басының оқ тәрізді жігі жамбастың көлденең жазықтықтарына келеді. Үлкен және кіші еңбектер бір деңгейде болады.
I кезең – аздап бүгілу, үлкен еңбек жетекші нүкте болып табылады.
II кезең – бастың ішкі бұрылысы. Жамбас астауында нәресте басы шүйдесімен артқа қарай бұрылады. Оқ тәрізді жік жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді.
Ш кезең – нәресте басының шығуымен сипатталады және келесі кезеңшелерден тұрады: а)бүгілу б)шалқаю. Алдымен жыныс саңылауынан үлкен еңбек сосын маңдай туылады. Қасаға сүйектің астына мұрын қас ойығы келіп бекіну нүктесі пайда болады. осы тұста нәресте басы бүгіліп, шүйде туылады. Шүйде асты шұңқыр екінші бекіну нүктесі болып табылады және осы кезде нәресте беті туылады.
IV кезең - Иықтары да жамбастың қиғаш өлшемдеріне келеді және жамбас астауынан шыға берісте жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Осы кезед бала басы анасының сандарына қарай бұрылады. Кейін алдыңғы иық, сосын артқы иық туылады.
3.1.18. Стандарт «Маңдаймен жатудағы босану биомеханизмі»
I кезең – бастың бүгілуі, нәресте басының үлкен қиғаш өлшемімен бекінуі. Жетекші нүкте мұрын түбі болып табылады. Маңдай тігістері жамбастың қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Осы қалыпта нәресте басы жамбас түбіне түседі.
II кезең – нәресте басының шүйдесімен артқа бұрылуы. Маңдай тігістері жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді.
Ш кезең – нәресте басының шығуымен сипатталады және келесі кезеңшелерден тұрады: а)бүгілу б)шалқаю. Алдымен жыныс саңылауынанмаңдай, көз және мұрын көрінеді. Жоғарғы жақ қасағаның астына бекінеді бірінші бекіну нүктесі пайда болады, нәресте басы бүгіліп, кейін шүйде және төбесі туылады.
лоб, затем глаза и нос. Сосын шүйдеасты шұңқыр сегізкөз-құйымшақ байламына келеді, екінші бекіну нүктесі пайда болады, бас шалқайып ауыз және төменгі жақ туылады.
IV кезең - Иықтары да жамбастың қиғаш өлшемдеріне келеді және жамбас астауынан шыға берісте жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Осы кезед бала басы анасының сандарына қарай бұрылады. Кейін алдыңғы иық, сосын артқы иық туылады.
Достарыңызбен бөлісу: |