Алгоритм действия.
Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіріңіз
Йелдің зәрін таза стерильді банкаға жинау керектігін айтыңыз.
Пробиркаға 4-5 мл зәрді құйыңыз.
Сульфосалицил ерітіндісімен сынама жасаңыз:
Пробиркадағы зәрге 6-10 тамшы 30% сульфосалицил қышқылын құйыңыз. Егер зәрде белок болса зәрде тұнба пайда болады немесе лайланады.
Уксус қышқылымен сынама жүргізіңіз:
6- 10мл зәрді спирттік отта қайнатыңыз, егер зәрде белок болса ол лайланады. Лайланған зәрге тағы бірнеше тамшы уксус қышқылын қосыңыз, егер зәр тазарса сынама теріс деген мағына білдіреді.
Стандарт «Акушерканың (фельдшер) эклампсия кезіндегі іс-әрекеті»
Мақсат: жедел жәрдем көрсету.
Ресурс: ауызкергіш; тіл ұстағыш; ауа өткізгіш; маска және Амбу қапшығы, электроотсос, кислород, тонометр, фонендоскоп, секундомер, термометр, көктамырішілік катетерлер № 16-18, 25% магний сульфат ерітіндісі, физиологиялық еретінді, қуық катетері резеңкелі, корцангтар, мақталық және дәкелік шариктер, дәкелік тампондар.
Іс-әркет алгоритмі.
1. Бос мед.персоналды мобилизациялау (шақыру):
акушер-гинеколог;
анестезиолог;
лаборант.
2. Әйелдің жалпы жағдайын бағалау:
артериалды қысым;
пульс;
температура;
тері жабындылары;
тыныс алу жиілігі;
3.Әйелді сол жақ қырымен жатқызыңыз;
4. Отегінің берілуін қамтамасыз ету.
5.ауызкергішпен аузын ашып, тілұстағышпен бекітіңіз. Ұстама аяқталған соң ауыз қуысын сорғышпен тазалаңыз.
6.Перифириялық веналарды катетерлеңіз (катетер №16, 18). Магнезиалды терапияны бастаңыз:
- магний сульфаты 25% - 20,0 мл баяу 10-15 минут бойы енгізу (старттық доза).
- магний сульфат 25% - 80,0 мл на 320,0 физиологиялық еретіндіге т/і тамшылатып, 11 тамшы минутына (ұстап тұрушы доза).
7. Қуықты катетерлеңіз.
8. Ұстап тұрушы дозаны енгізуді жалғастыра реанимция бөліміне тасымалдаңыз.
9. Перинатальді орталықтағы бас акушер-гинекологқа мәлімет беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |