Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


Стандарт «Босану жолдарын айнамен қарап тексеру»



бет23/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.41. Стандарт «Босану жолдарын айнамен қарап тексеру»


Мақсат: Босанудан кейінгі жарақаттардың диагностикасы.
Ресурс: Босану төсегі, стерильді инструменттер: қайшы, қынаптық айналар, қысқыштар, ине ұстағыштар, хирургиялық инелер, тігіс материалдары, анатомиялық және хирургиялық пинцеттер, антисептик ерітіндісі (1% йодонат немесе 2% йод ерітіндісі), стерильді пеленка, стерильді перчатка, стерильді мақталық тампон.
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіру

  2. Сыртқы жыныс мүшелерін антисептикпен өңдеу.

  3. Әйелдің жамбасының астына стерильді пеленка төсеу.

  4. Стерильді пакеттен босану жолдарын қарайтын айналарды алып шығыңыз.

  5. Қынапқа айналарды салыңыз, жатыр мойнын жалаңаштаңыз.

  6. Ассисентке айнаны ұстатып, екі қысқыштар арқылы жатыр мойнын сағат тілімен айналдыра қарап шығыңыз.

  7. Айналарды шығара отырып, қынапты қарап шығыңыз.Жыртылуды көрсеңіз оның дәрежесін анықтаңыз.

  8. Мақталық тампондар арқылы сыртқы жыныс мүшелерін қарап шығыңыз.

  9. Жатыр мойнының және қынаптың, аралықтың жыртылуын анықтаған жағдайда барлық асептика және антисептика ережелерін пайдалана отырып, ауырсыздандырып, тігу керек.



3.1.42. Стандарт «Босану кезінде қан кетуді есептеу»


Мақсат: кеткен қан көлемін анықтау.
Ресурс: градуирленген ыдыс, лоток, таразы, пеленка, перчатка.
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Босанудың 3 кезеңінде әйелдің жыныс мүшесінің жанына лоток қойыңыз және кәндібаудың ұшын сол жерге салыңыз.

  2. Лотоктағы қанды градуирленген ыдысқа құйып, көлемін анықтаңыз.

  3. Қан сіңген пеленкалардың салмағын өлшеңіз.

  4. Кеткен қан көлемінің сандық көлемін анықтаңыз, яғни 100мл қан 125 грамм болады.

  1. Босану алдындағы әйел салмағын ескекере отырып, кеткен қан көлемінің проценттік көрсеткішін анықтаңыз. Физиологиялық қан шығыны ол 0,5% дене салмағынан.

  2. Кеткен қан шығынын босану тарихына енгізіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет