3-сабақ. Тақырыбы : Әртүрлі қиын есептер шығару
Сабақтың мақсаты : 1.Білімділік: толық ондықтарға дейін бірліктерді қосу(толық ондықтан азайту негізінде жазбаша қосу және азайту тәсілін пысықтау,есептеу тәсілдерін пысықтау ,оларды есеп шығаруда қолдана білуге үйрену. 2 .Дамытушылық :шапшаң есептеу дағдысын қалыптастыру, ,математикалық терминдерді қолдана білуге ,логикалық ойлау қабілетін , зейінін дамыту,деңгейлік тапсырмаларды орындауға ауызша есептеуге машықтандыру . 3.Тәрбиелік :ептілікке ,тапқырлыққа,ұқыптылыққа ,экономикалық тәрбие беру,достыққа тәрбиелеу Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың түрі :Білімді тиянақтау Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап,талдау-жинақтау, деңгейлік тапсырма өзбетінше жұмыс ,тест ,ауызша есептеу,ойын Пән аралық байланыс :әдебиет оқу, дүниетану Сабақтың көрнекілігі :интер .тақта, компьютер,слайд , деңгейлік тапсырмалар,кестелер. оқулық Математика 2 сынып ,үлестірмелі материалдар Қолданылатын технологиялар:Ойын, ақпараттық-компьютерлік, ұжымдық. Сабақтың барысы:
Ұйымдыстыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау, зейіндерін сабаққа аудару.
Сәлем саған алтын күн !
Шуағыңды төге бер.
Сәлем саған қара жер!
Байлығыңды бере бер
Сәлем саған мектебім !
Біліміңді құя бер.
Бір, екі, үш,
Отырамыз тып – тыныш .
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру:
23+58 45+36
34+47 56+25
67-18 67+14
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, себебі біз бүгінгі математика сабағында ғаламшарларға саяхатқа шығамыз, тапсырмалар орындаймыз.
Топқа бөлу:
2 планеталардың аты жазылған карточкалар жатады. оқушылар таңдап 2 топқа бөлінеді.
І топ: УранУран- мұзды планета, Күнге дейінгі ара қашықтығы 2871 км. Өз білігінен 84 жылда 1 рет толық айналады. Шолпан тәрізді тіл сағаты сияқты емес қарама-қарсы бағытта айналады. Температурасы 1290 С, себебі ол жылу мен жарықты Жерден 370 есе аз алады. ІІ топ: Сатурн Сатурн-көлемі бойынша Күн жүйесінің екінші планетасы. Басқалардан ашық түсті дөңгелекпен қоршалғанымен ерекшеленеді. Ол да Юпитер тәрізді өз білігінен 10 сағатта толық бір рет айналады және газдан тұрады. Балалар, ғарышқа баруды армандайсындар ма?
Бүгін осы сабақта армандарыңыз орындалады. Күн жүйесіне саяхат жасай отырып, негізі сабағымыз математика болғасын, біз осы тарау бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз және де күн жүйесі туралы не білеміз соңы ортаға саламыз.
Мұғалiм. Ғарышқа ұшуы үшін біз зымыраны жасауымыз керек, ал ол үшін біздің білімдеріміз қажет.