Ылым министрлігі



бет30/103
Дата12.04.2024
өлшемі5.8 Mb.
#498528
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

Сабақтың қорытындысы
Еске түсiрiңiз, осы саяхатта есеп шығару жағынан қиыншылықтар болды ма?
Нелер қызықты болды?
Не қайталанды?
қандай ұнады?
Үйге тапсырма


4-сабақ. Тақырыбы: Ұзындық өлшем бірліктерімен есептер шығару.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін ,тиянақтау.
Ойлау қабілеттерін дамыта отырып,математикалық біліктерін ауызша,
жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Оқушылардың алға қойған мақсаттарына жетуге ,өз бетінше тапсырмаларды
орындап,нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.


Түрі: қайталау сабағы
Әдісі: ойын,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: тас,күміс,алтын қақпалар,күн,плакаттар.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері,музыка.
Өту барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Күлім қағып қолымды,
Бір,екі,үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы жүзбенен,
Маңдайынан сыйпайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Балалар бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді.Әр қақпаның өз тапсырмасы болады.
-қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)
Көктем ерекшеліктерін айтқызу.
Енді балалар, тас қақпаны ашу үшін «Лездеме» сұрақ-жауап.Әрбір дұрыс жауап берген оқушы өз тобының плакатына гүл жапсыру керек.Сабақ соңында сіздердің еңбектеріңізге баға беріледі.
Дайынбыз ба?
-1 дм. неше см.бар?(10)
-1 метрде неше сантиметр бар?(100)
-Уақыттың өлшем бірлігі(сағат,минут)
-1 сағатта неше минут бар?(60)
-12 ай неше жыл?(1)
-1 аптада неше күн бар?(7)
-1 ғасырда неше жыл ?(100)
-геометриялық фигураларды ата?
-Қосудың компоненттерін ата?
-Азайтудың комп.ата?
-5 пен 7-нің қосындысы нешеге тең?(12)
-Қабырғалары 4 см және 5 см болатын төртбұрыштың периметрі нешеге тең?(18)
-Ұзындықтың өлшем бірліктері(см,дм,м.)
-мәні нешеге тең?
Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?(6)
-міне осындай жетістігімізбен «Тас қақпамыз» ашылды.
Енді «Күміс қақпаны» ашу үшін оқулықтағы № 1,2 есептерді қатесіз шығару керек.
ІІ.№1.
Май -15 кг
Ет-?,7 кг артық
Ш: 15+(15+7)=37
Ж: Асханаға 37 кг.азық-түлік әкелінді.

Май-15 кг 37кг


Ет-?
Ш: 37-15 = 22
Ж: Асханаға 22 кг. ет әкелінді.
№2.
Әкелінді-50 л
Ертеңгі тамаққа-20 л
Түскі тамаққа-5 л
Қалды-?
Ш: 50-(20+5) = 50-25= 25
Ж: Асханада 25 литр сүт қалды.

Ертеңгі тамаққа-20 л


Түскі тамаққа-5л
Қалды-25л
Ш: (20+5)+25 = 50
Ж: Барлығы 50 литр сүт.
Міне осындай жетістігімізбен «Күміс қақпамыз»да ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет