беріліп, сол үкім жүзеге асырылатын һәм бәрі де кеш болатын қасірет пен
өкінішке толы бір күн бар екенін айтып, ескерт. Олар күндерін ғапылдықпен
(ғапілетпен) өткізуде әрі иман етпеуде»
349
.
349
«Мариям» сүресі, 39.
Бұл аят қиямет күніне, нақтылап айтқанда, ежелден белгіленіп, қиямет күні жарыққа
шыққан үкімге ишарат етеді.
Ежелден саған байланысты қандай үкім берілгенін білмей тұрып қайтіп сайрандап
жүресің? Қайтіп бұл опасыз дүниенің өткінші нығметтерімен әлек боласың,
таңғаларлық?!
«Баратын жайымды, ежелден мен туралы берілген үкімді білсемші, әттең!» – деп
жатқан болсаң, қолыңда тұрған жаңағы тілегіңді қанаттандыруға жәрдемші болған
маңызды белгі бар.
Бұл белгі сенің жасаған іс-әрекеттеріңнен байқалады. Егер жақсылық жолы ашылып,
жақсы істерді жасау саған нәсіп болып жатса, онда бақыттысың. Тозақтан алыссың.
Егер бір жақсы іс бастамақшы болғаныңда алдыңнан тосқауыл шығып тұрып алса, ал
енді жаман істі көздесең еш тосқауылсыз сол ісің болып тұрса, онда соңының жаман
болатыны туралы үкім берілгенін біліп қой. Мен айтқан нәрсенің сенің соңыңды білдіруі
– жаңбыр жердің көгеруіне, түтін оттың күюіне дәлел болғандай анық нәрсе.
Алла Тағала: «Ізгі жандар, шүбәсіз, нығметтердің ішінде, (көз көріп, құлақ
естімеген, тіпті адам баласының ойына да келмеген) нығметтерге толы Нағим
жаннатында. Ал күнәға белшесінен батқан арсыздар болса, шүбәсіз, жалын атқан
жаһаннамда»
350
деген.
350
«Инфитар» сүресі, 13-14.
Өзіңді сол екі аяттың таразысына салып көрсең, ақыреттегі орныңды анықтай
аласың. Турасын Алла біледі.
Аллаға мойынсұну
Аллаға құлшылық жасау – барлық жақсылықтардың жинағы. Алла Тағала Құран
Кәрімнің бірнеше аятында пенделерді соған үндеп, адамдарды нәпсілерінің
қараңғылығынан Алланы тану жарығына шықсын, Алладан қорыққандар үшін ішінде
ешбір көз көрмеген, құлақ естімеген және ешкімнің қиялына да келмеген нығметтер
дайындалған пейішке кірсін деп пайғамбарларды жіберіп, адамзатты ғибадат жасауға
шақырған.
134
Өйткені адамдар мақсатсыз жаратылған емес. Күнәһарлар күнәсінің жазасын
тартуы, жақсы іс жасағандар сыйын көруі үшін жаратылған. Алла пенделердің
ғибадатына мұқтаж емес. Адамдардың оған қарсы шығуы оған ешбір зиянын тигізе
алмайды.
Біреу құл сатып алса, одан талап етілген қызметті жан-жүрегімен орындауын,
қожайынының барлық бұйрықтарына мойынсұнуын қалайды. Құл бір қателік жіберсе,
оған ашуланып, алатын ақысын азайтады не сатуға қояды.
Онда бізді жоқтан бар қылып, ең жақсы бейнеде жаратқан, жауған жаңбырдың
тамшыларындай көп кемшілік жібергенімізбен біздің өміріміз үшін ең зәру болған
нығметтерінен құр қалдырмаған Иемізге неге құлшылық жасамаймыз? Бізді жіберген
кемшілігіміз үшін жауапқа тартуға күші жетіп тұрса да мұрсат беруде. Сондықтан тәубе
келтірейік, ол біздің кемшіліктерімізді кешіріп, айыптарымызды жасырсын.
Ақыл-есі орнында болған кісі Жаратқан Иесін таниды және Оған жақындап,
разылығына жетуге ұмтылады. Әрбір жасаған күнәсі үшін тәубе жасап, Жаратушысына
сиынады және оның мейірімінен еш үміт үзбейді. Нығметтеріне шүкіршілік қылып,
Оның разылығын табуға ұмтылады. Оның сүйіспеншілігіне ие болғандардың қатарына
жазылады.
Әбу Дарда (р.а.) Кәғбул Ахбарға: «Маған Таураттағы аяттардың ең қысқа-нұсқасын
айтшы», – дегенде, Кәғбул Ахбар: «Алла Тағала Тауратта: «Жақсы пенделер маған
жолығуды ұзақ уақыт бойы аңсайды. Мен де оларға жетуді одан бетер күтем», – деген.
Бұл аяттың жанында: «Мені іздеген табады, Менен басқаны іздеген Мені таба
алмайды» деп жазылған», – деп жауап береді.
Әбу Дарда (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін өз құлағыммен
естідім:
«Әзірет Дәуіт (а.с.) туралы келген хабарлар бойынша, Алла Тағала оған былай
деген: «Уа, Дәуіт! Мені сүйгенді Мен де сүйерімді жер бетіндегі адамдарға білдір.
Менімен отырғанға Мен де жолдас болам. Мені зікір қылуды әдетке айналдырған
пендеге жақынмын. Мені дос қылғанның досымын. Мені таңдағанды Мен де
таңдаймын. Маған мойынсұнған кісінің тілегін орындатамын. Жүрегінде маған деген
сүйіспеншілігі бар пендемді өзіме қабыл алып, оны ешбір жан сүйе алмағандай
дәрежеде сүйем. Шындап іздеген пенде Мені табады. Менен басқаның артынан жүрген
кісі Мені таба алмайды.
Уа, Жер жүзіндегі адамдар! Еш нәрсеге алданбай Менің жолымда болуға
ұмтылыңдар, Мен де сендерге жақын болайын және сендерге махаббатымды
жалғастырайын.
Өйткені Мен сүйіктілерімді Халилим Ибраһим, Нажиім Мұса және Сафиім
Мұхаммедпен қоса жараттым. Мені сағынғандардың жүрегін нұрымнан жаратып,
ұлылығыммен бақтым».
Алла Тағала Дәуітке (а.с.) былай деп уахи қылды: «Уа, Дәуіт, тағы қашанға шейін
пейішті ойланасың және Мені сағынбайсың?»
Дәуіт (а.с.) Алла Тағаладан: «Сені сағынғандар кімдер?» – деп сұрады. Алла Тағала:
«Мені сағынғандар – әрқандай қайғыдан арылтқандарым, Менен қорқуы үшін
ескерткендерім және жүректерінен маған есік ашқандарым.
Мен олардың жүрегін алақаныма салып көкке шығарып, таңдаулы періштелерімді
шақырамын. Бәрі Менің алдымда сәжде жасайды. Оларға: «Мен сендерді маған сәжде
жасасын деп емес, Мені сағынып күйіп-жанғандарды сендерге көрсетейін және
сендердің алдарыңда олармен құрметке бөленейін деп шақырдым» – деп айтамын.
Өйткені жер жүзіндегі адамдарға күн өзінің нұрын төккендей, Мені сағынғандардың
жүрегі де көктегі періштелеріме жарығын шашады.
135
Уа, Дәуіт! Мені сағынғандардың жүрегін разылығымнан жаратып, Өз нұрыммен
нұрландырдым және оларды Өзіме дос етіп таңдадым. Жер жүзіне олардың денелері
арқылы қараймын. Жүректерінен маған жеткізетін жол аштым. Маған деген
сағыныштары күннен-күнге күшейіп барады».
Дәуіт (а.с.): «Уа, Жаратқан Ием, сүйіктілеріңді маған көрсет» – дегенде, Алла Тағала
былай дейді: «Уа, Дәуіт, Ливанның тауына бар. Ол жерде жас жігіттерден, орта
жастардан және қариялардан, жалпы алғанда, он төрт кісі бар. Олардың жанына
барғаныңда Менің сәлемімді айт және оларға «Жаратқан Иелерің «Менен не
тілейсіңдер? Сендер Менің достарымсыңдар және сүйіктілерімсіңдер. Сендердің
қуанғандарыңа мен де қуанамын», – деп айт».
Дәуіт (а.с.) бұл топтың жанына барса олар бір бұлақтың басында Алланың ұлылығы
туралы ойға батып отыр екен. Дәуітті (а.с.) көргенде орындарынан тұра қалып, одан
қашады. Сонда Дәуіт (а.с.) оларға: «Мен Алланың сендерге жіберген елшісімін.
Жаратқан Иелеріңнің бұйрығын сендерге жеткізгелі келдім», – дейді. Бұл сөздерді
естігенде олар Дәуітке (а.с.) сиынып, оның айтар сөзіне құлақ түріп қалады. Дәуіт (а.с.)
оларға: «Мен Алланың сендерге жіберген елшісімін. Ол сендерге сәлем айтты және:
«Тілеген тілектерің бар ма? Маған тіленсеңдер, сөздеріңді естиін. Сендер Менің
өзгеше достарым және жақындарымсыңдар. Сендердің қуаныштарың Мені де
қуантқандықтан сендерді разы қылғым келеді. Мейірімді ана баласына қалай қараса,
Мен де сендерге солай қараймын», – деді» деп Алланың сәлемін жеткізеді.
Бұл сөздерді естігенде бәрінің көздері жасаурап, беттерінен төмен қарай жас
төгіледі. Қариялары «Субханәкә, субханәкә (Сен кемшіліктерден тазасың!). Біз Сенің
әлсіз кұлдарыңбыз. Әкелеріміз де Сенің әлсіз кұлдарың еді. Бізді кешіре көр, осы жасқа
шейін жүректеріміз әрдайым Сен деп соқты», – дейді.
Сонда тағы біреу: «Субханәкә, субханәкә, біз Өзіңнің әлсіз пенделеріңбіз және әлсіз
пенделеріңнің балаларымыз. Сондықтан ортамыздағы ынтымақтың құрметіне бізге
рақым қыл», – дейді.
Тағы біреу: «Субханәкә, субханәкә, біз Сенің әлсіз кұлдарың және кұлдарыңның
балаларымыз. Сен біздің жеке өзімізге тән мұқтаждығымыз жоқ екенін біліп тұрсаң дұға
қылуға батылдана аламыз ба? Сен бізге жолыңнан шықпауды нәсіп ете көр. Сонымен
бізге болған кешіріміңді тамамда», – деп айтады.
Келесісі шығып: «Біз Өзіңнің разылығыңның соңынан түсе алмай жатырмыз.
Жомарттығыңмен бізге бұл жайтта жәрдем бер» десе, одан кейінгісі: «Бізді бір тамшы
судан жараттың. Соған қарамай бізге ұлылығың туралы ойлану түсінігін бердің. Сенің
ұлылығыңа қарағандар, ұлылығыңды ойлағандар сөз айтуға батылдана ала ма?
Нұрыңа жақындауымызды қалағаннан кейін Сенен басқа не сұрай аламыз?» – дейді.
Содан кейін сөз алған кісі: «Сүйіктілеріңе кешірімділігіңнің кеңдігі, достарыңа
жақындығың және орныңның ұлықтығынан саған дұға қылуға тілдеріміз әлсіз», – деп
айтады.
Сонда тағы біреу: «Жүректерімізді Сенің зікіріңе бұр, Сені ғана ойлауға лайық көңілді
нәсіп қылған да Өзіңсің. Саған жеткілікті шүкір қыла алмағанымыз үшін кешіре көр», –
дегенде, кейінгісі сөз жалғап: «Тілегімізді Өзің біліп тұрасың. Бұл тілек – Өзіңнің
разылығыңа ғана жету», – дейді.
«Құл қожайынының алдына қайтіп шыға алады? Өзіңнің жомарттығыңа сай бізге дұға
қылуды бұйырдың. Көк аспанның қараңғы қабаттарының арасында саған жету үшін
жолымызды жарықтататын жарық нәсіп қыла көр», – деп айтады тағы бірі.
Одан арғысы: «Ғибадаттарымызды қабыл алуыңды және әрдайым Өзіңе ғана
құлшылық жасауды бізге нәсіп ет», – десе, тағы біреуі «Басқалардан өзгешеленіп
тұруымызға негіз болған нығметтерді тамамдауыңды қалаймыз», – дейді.
136
Кейінгі сөз алғаны: «Жаратқандарыңның арасында еш нәрсеге мұқтаждығымыз жоқ.
Бізге Нұр Жамалыңды көруді нәсіп қыл», – дегенде, одан ары сөз алған біреу: «Сенен
дүниеге және дүниедегілерге қарамауды, жүрегімде ақыреттен басқа нәрсе болмауын
сұраймын», – деді.
Содан кейінгісі: «Уа, ұлы Жаратқан! Достарымды сүйгеніңді анық білдім. Бізге
жүрегіміздің Сенен басқа барлық нәрседен аулақтап, жалғыз Өзіңе бұрылуын нәсіп
қыла көр», – деді. Алланың Ливан тауларындағы он бес сүйіктісінің бұл жауаптарынан
кейін Алла Тағала Дәуіт (а.с.) арқылы оларға: «Айтқандарыңды естідім, тілектеріңді
қабыл алдым. Енді бір-біріңнен бөлініп, әркім өзіне баспана тапсын. Мен сендер мен
ортамыздағы перделерді алып тастаймын және сендер Менің ұлылығыма және
нұрыма қарайсыңдар», – деп уахи қылды.
Дәуіт (а.с.): «Уа, Жаратқан Ием, бұлар қайтіп мынадай ұлы дәрежеге жетті?» – деп
сұрайды.
Алла Тағала оған төмендегідей жауап береді: «Бұл достарым Мен туралы жақсы
ойда болып, дүниеден және дүниедегі нәрселерден аулақ болғандықтан және Менімен
жалғыз қалғанда Маған жалбарып дұға қылғандықтан сол дәрежеге жетті.
Бұл дәрежеге дүниеден түгел қол үзіп, оны ойға да алмағандар, Мені барлық
нәрседен артық көріп, көңілін маған ғана бұрғандар жете алады.
Осындай құлыма Мен де мейірім төгіп, оның нәпсісін басқа нәрселерге берілуден
сақтаймын және ақырында онымен ортамыздағы пердені алып, басқа нәрселерге
қарағандай Мені көруіне жағдай жасаймын. Оған әрдайым кереметімді көрсетіп, оны
Өзімнің нұрыма жақындатамын. Егер ауырып қалса, мейірімді ана баласына
қарағандай қараймын. Егер шөлдесе Мені зікір қылудың дәмін таттырып, сусынын
қандырамын.
Уа, Дәуіт, Мен оған сондай мәміле жасағанда нәпсісін дүниеге берілуден және
басқаны сүюден шектеймін. Әрдайым маған ғана сиынып, Менің разылығыма жетуді
ғана көздейді. Мен болса оның жанын алуды қаламаймын. Өйткені ол арқылы
жаратқан нәрселерді қарап тұрмын. Ол Менен басқаны көрмейді және Мен де одан
басқаға қарамаймын.
Уа, Дәуіт! Ұлылығымның құрметіне ол пендемді пейішіме кіргізіп, оған Нұр
Жамалымды көрсетіп, разы қылып, уайымын таратамын!»
Дәуітке (а.с.) қатысты хабарларда тағы былай деп айтылады: «Уа, Дәуіт! Менің
махаббатымды іздеген пенделеріме айт: «Олар мен Менің ортамда перде бар, бірақ
сендер мен ортамдағы пердені алып тастап, Мені жүректеріңмен көрулеріңе
мүмкіншілік бергеннен кейін тағы не қалайсыңдар? Дінімді алдарына жайғаннан кейін
дүниені олардан аулақтатуым еш нәрсе емес. Менің разылығымды оларға нәсіп
қылғаннан кейін адамдардың жек көруінің олар үшін ешбір мағынасы жоқ».
Тағы бір риуаяттарда былай деп айтылады: «Алла Тағала Дәуітке (а.с.)
төмендегілерді уахи қылды: «Сен Мені сүйетініңді айтасың. Егер Мені шындап сүйсең
жүрегіңнен дүние сүйіспеншілігін шығар. Өйткені Менің сүюім мен дүние сүйіспеншілігі
бір жүректе бірікпейді.
Уа, Дәуіт! Мен сүйгенді шын көңілден сүй. Сыртқы көрінісіңе сай мәміле жасай бер.
Дінге толық мойынсұн, діни міндеттерді орындағаныңды басқаларға мақтанба.
Менің сүюме қарсы келмеген күмәнсіз нәрселерді ұстан. Менің сүюіме лайық келіп-
келмеген күмәнді істерде Менің бұйрықтарыма бойсұнсаң, сені тура жолға
бағыттаймын. Сенің жолбасшың боламын. Сен сұрайтын мұқтаждықтарыңды беріп,
саған жәрдемші боламын».
137
Достарыңызбен бөлісу: |