Имам ғазали жүректің сырлары


Шүкіршілік  Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алланы үнемі (жүрекпен, тілмен һәм іс жүзінде)



Pdf көрінісі
бет102/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Шүкіршілік 
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алланы үнемі (жүрекпен, тілмен һәм іс жүзінде) 
еске алу болса, құлшылықтың ең үлкені, ең зоры»
351
 
деп айтумен бірге Алланы зікір 
қылу мен шүкіршілікті былайша баяндайды: 
351
 
«Анкабут» сүресі, 45. 
«
Ендеше, сендер Мені әрдайым жад етіңдер (яғни әрдайым құлшылық етіп
еске алыңдар), сонда Мен де сендерді ескеремін. Маған шүкіршілік етіңдер және 
әсте күпіршілік қылмаңдар (яғни алғысы жоқ, жақсылықтың қадірін білмейтін 
кісінің ісін істемеңдер)»
352

352
 
«Бақара» сүресі, 152. 
«
Сендер (Аллаға) шүкіршілік білдіріп, иман келтірсеңдер, Алла сендерді 
азаптап қайтеді?! Алла – Шәкир (Өзіне шүкіршілік еткендердің қарымын еселеп 
қайтарып, қисапсыз нығметке, мол сауапқа бөлеуші) һәм Алим (барлық нәрсені, 
құлдарының жай-күйін жақсы білетін шексіз ілім иесі)»
353

353
 
«Ниса» сүресі, 147. 
«
Ешбір жан Алланың қалауынсыз, о бастан жазылып қойған ажалы жетпейінше 
өлмейді. Кімде-кім дүниенің сауабын қаласа, оған одан өзіне тиесілі сыбағасын 
береміз. Ал кім ақирет сауабын қаласа, оған да өз сыбағасын береміз. Шүкіршілік 
етушілерді жақында міндетті түрде сый-сияпатқа бөлейміз»
354

354
 
«Әли Имран» сүресі, 145. 
«
Ібіліс: «Ендеше, мені азғырып, адастырғаның (яғни, сынап сүріндіргенің) үшін 
(ант етемін), мен де оларды тынбай азғырып, адастыру үшін Сенің тура жолыңа 
кесе-көлденеңдеп отырып аламын. Содан кейін олардың кейде алдынан, кейде 
артынан, кей кезде оң жағынан, кей кезде сол жағынан келіп азғырамын. 
Нәтижеде, олардың басым көпшілігін шүкіршілік айтатын құлдарың ретінде көре 
алмайсың», – деді»
355

355
 
«Ағраф» сүресі, 16-17. 
Жоғарыда куә болғанымыздай, шайтан адамдарды азғырып, шүкіршіліктен 
алыстатады. Бұл оның Адамға (а.с.) сәжде жасамағаны үшін Алланың мейірімінен 
алыс қуылғанының кегі еді. 
Алла Тағала: «Құлдарымның арасында лайықты түрде шүкіршілік ететіндер 
неткен аз еді»
356
 
дейді. 
356
 
«Сәбә» сүресі, 13. 
Алла Тағала бұл аятта ешбір нәрсені бөлмей тұрып, шүкіршілік үшін барлық 
нығметтерді мол қылатынын білдіреді: 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет