Имам ғазали жүректің сырлары


одан сайын азғындыққа салынғандардың тәубесі қабыл болмайды. Олар –



Pdf көрінісі
бет108/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   193
Жүректің сырлары T.a

одан сайын азғындыққа салынғандардың тәубесі қабыл болмайды. Олар – 
нағыз адасқандар»
380

380
 
«Әли Имран» сүресі, 90. 
«
Ол – Алла, ойланып, ғибрат алуды, яки шүкіршілік етуді қалайтын әрбір жан 
үшін түн мен күндізді бір-бірінің ізін ала алмасып тұратын қылды»
381

381
 
«Фурқан» сүресі, 62. 
Алла Тағала жақсы нәрселер туралы ой жүгірткендерді мақтау ретінде былай дейді: 
«
Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та үнемі 
Алланы еске алады һәм күллі аспан әлемі мен жердің жаратылысына терең ой 
жүгіртіп: «Уа, Раббымыз! Сен мұны бекерге, мақсатсыз жаратпадың. Сен 
мақсатсыз, мәнсіз іс істеуден аулақсың! Бізді тозақ отынан сақтай көр!»
382
 
382
 
«Әли Имран» сүресі, 191. 
Ибн Аббас (р.анһума) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла туралы ой жүгірткен бір 
топпен жолығып, оларға: «Алла Тағаланың Өзі жөнінде емес, Оның жаратқандары 
туралы ой жүгіртіңдер. Өйткені сендер Оның ұлылығын түсіне алмайсыңдар»
383

– 
деді. 
383
 
Табарани, Байхақи. 
Риуаяттарға қарағанда, Алла Елшісі (с.а.с.) бір күні ойға батып отырған кісілерді 
кезіктіріп қалып, олардан: «Неге сөйлемейсіңдер?» – деп сұрайды. Әлгілер оған: 
«Алланың жаратқан нәрселері туралы ой жүгіртіп жатырмыз», – деп жауап береді. Бұл 
жауапты естіген Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Міне, солай жасаңдар. Алланың Өзі жөнінде 
емес, жаратқан нәрселері туралы ой жүгіртіңдер», – деген. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні: «Батыс жақта аппақ бір өлке бар. Ол 
жердің ақтығы жарықтығындай, жарықтығы да ақтығындай. Күннен қырық күндік 
қашықтықта. Алла ол жерде кейбір кісілерді жаратты. Олар көз ашып-жұмғанша да 
Алланың бұйрығын қалдырмай орындайды», – деді. Тыңдап отырғандар: «Уа, 
Алланың Елшісі, шайтан оларды азғыруға әрекет жасамай ма?» – деп сұрайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар шайтанның бар-жоқ екенін де білмейді», – дейді. 
Тыңдап отырғандар: «Олардың адамзатпен де байланысы жоқ па?» – деп сұрағанда, 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Олар адамзаттың да бар-жоқ екенін білмейді», – деп жауап 
береді. 


144 
Ата (р.а.) айтады: «Бір күні Убайд ибн Умайрмен (р.а.) бірге әзірет Айшаға (р.а.) 
бардық. Ол бізбен перденің артынан сөйлесті. «Уа, Убайд, сені бізбен амандасып 
келуден тосқан қандай себеп?» – деп сұрады. Убайд: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
«
Кей-кейде зиярат қылсаң, сүюің артады»
384
 
деген хадисі», – деп жауап берді. 
384
 
Баззар, Әбу Нуаймин. 
Сосын Убайд: «Уа, мүминдердің анасы, Алланың Елшісінің өміріндегі өзің куә болған 
таңғаларлық оқиғалардан айтып берші», – деді. Әзірет Айша көздерінен жас төгіп: 
«Оның әрбір іс-әрекеті ғажайып емес пе еді! Бір күні түнде жаныма келіп, денесін 
денеме тигізіп тұрды да: «Рұқсат берсең, Жаратқан Иеме ғибадат жасайын», – деді. 
Мен рұқсат бердім. Ол барып дәрет алды. Намазға тұрды. Көз жасы салалай ағып, 
сақалын су қылды. Содан соң сәждеге барды. Жайнамазы да көз жасқа жуылды. 
Намаздан кейін жамбастап жата кетті. Міне, сол сәтте Біләл таң азанын айтты. «Уа, 
Алланың Елшісі, сізді не жылатты? Сіздің бұрынғы және келешектегі бүкіл 
күнәларыңыз кешірілмеді ме?!» – деп сұрады Біләл (р.а.). 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ой, Алла жазалағыр Біләл! Мені одан не тыя алады? Алла 
маған сол түні: «Шүбәсіз, күллі аспан әлемі мен жердің жаратылуында, түн мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет