141
Раббымызды өз көзімізбен көрсек болмас па еді?!» – дейді. Расында, олар
өздерін сондай зор санап, астамсуда әрі тым шектен шығуда»
370
.
370
«Фурқан» сүресі, 21.
«
Раббыларың: «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап берейін. Шүбәсіз,
тәкаппарлыққа салынып, Маған құлшылық қылуды бойларына шақ
көрмейтіндер әбден қор болған күйде жаһаннамға кіреді», – деп айтады»
371
.
371
«Мумин» сүресі, 60.
Құран Кәрімде тәкаппарлықты сынға алған басқа тағы бірнеше аят бар.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Жүрегінде сары тарының дәнінің салмағындай
тәкаппарлығы бар кісі пейішке кіре алмайды. Ал енді жүрегінде сары қышаның дәнінің
салмағындай иманы бар кісі тозаққа түспейді»
372
деген.
372
Мүслим, 91; Ахмад ибн Ханбал.
Әбу Сәләма ибн Абдуррахман (р.а.) айтады: «Бір күні Абдулла ибн Амр мен Абдулла
ибн Омар Сафада кезігіп, бір сәтке аялдай қалады. Абдулла ибн Амр еш нәрсе демей
өтіп кете береді. Абдулла ибн Омар орнында тұрып жылай бастайды. Одан: «Уа,
Абдуррахманның әкесі, неге жылап жатырсың?» – деп сұрағанда, «Бұл кісінің (Абдулла
ибн Амр туралы айтып жатыр) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «
Жүрегінде сары тарының
дәнінің салмағындай тәкаппарлық болған кісіні Алла Тағала аяғын аспаннан келтіріп
тозаққа лақтырады», – деп айтқан сөзінен күмәні бар ма?»
373
– дейді.
373
Ахмад ибн Ханбал.
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Пенде нәпсінің артынан еріп жүріпзалымдардың қатарына
жазылып қалады және олар душар болған азапқа ұшырайды»
374
деп айтқан.
374
Тирмизи.
Абдулла ибн Амр баяндайды: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқан: «Нұх (а.с.) өлер
алдында екі ұлын шақырып: «Екеуіңе екі нәрсені бұйырамын, екі нәрседен тыямын:
1. Аллаға серік қосудан және нәпсіге құл болудан тыямын.
2. Лә илаһа иллаллаһ (Алладан басқа құдай жоқ), Субханаллаһи уә бихамдиһи (Алла
барлық
кемшіліктерден таза, оған мақтаулар болсын!) деген ақиқаттарды растауға
шақырамын. Өйткені аспан-жер және ондағы барлық нәрселер таразының бір жағына,
«Лә илаһа иллаллаһ» сөзі екінші жағына қойылса, «Лә илаһа иллаллаһ» ауыр келері
анық. Егер аспан-жер теп-тегіс кеңдік болып, «Лә илаһа иллаллаһ» оның үстіне
қойылса, оны шөктіріп жібереді. «Субханаллаһи уә бихамдиһи» болса барлық
пенделердің дұғасы. Пенделердің бәрі сол дұғамен ризықтандырылады», – деп
насихат айтады.
Әзірет Иса: «Алла кімге Өз Кітабын үйретсе және ол ешкімге зорлық-зомбылық
қылмай өлсе, ол ең бақытты», – деген.
Әбу Һурайраның
риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Зорлықшыл және
менменсінгендер қиямет күні Махшар алаңына кішкентай болып келеді. Олар Алланың
бұйрығын да құрметтемегендіктен елдің аяғының астында тапталып қалады», – деген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Уа, Жаратқан Алла! Менменсінгендердің
мақтанышынан сақта! Үш нәрсеге қатысы жоқ жағдайда денесінен жаны шыққан адам
пейішке кіреді. Олар:
1) Менменсіну.
2) Қарыз.
3) Біреудің ақысын алдап алу
375
.
375
Тирмизи, Нәсаи, ибн Мажа.
Әзірет Әбу Бәкір (р.а.): «Ешбір кісі бір мұсылманды кемсітпесін. Өйткені
мұсылмандардың ең қарапайымы да Алланың алдында қадірлі», – деген.
Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу) айтады: «Алла «Адн» пейішін жаратқанда оған:
«Сен менменсігендердің бәріне жабықсың», – деп айтты.
142
Мухаммад ибн Хүсейін ибн Али (рахматуллаһи аләйһи): «Пенденің жүрегіне азды-
көпті тәкаппарлық кіретін болса, ақылы сонша өлшемде азаяды», – деген.
Сүлейменнен «Қайсы жаман іспен бірге жақсы іс қабыл болмайды?» – деп сұрағанда,
«Тәкаппарлық», – деп жауап берген.
Нұғман ибн Басир (р.а.) бір күні мінберде елге құтба оқып жатып: «Шайтанның
бірнеше тұзағы бар: Алланың нығметтерін шектен шығуға себеп қылу, Алланың
бергенін мақтаныштың
сылтауы сияқты пайдалану, Алланың пенделеріне тәкаппар
мәміле жасау және Алланың бұйрықтарына қарсы істерде нәпсінің қалауларына
мойынсұну. Алланың кешірімділігіне және жомарттығына сүйеніп одан кешірім және
амандық тілейміз».
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Тәкаппарлық жасап киімін сүйрелте басқан пендеге Алла
қарамайды»
376
деп айтқан.
376
Ахмад
ибн Ханбал, Муснад II,539.
Зайд ибн Аслам (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Бір күні
ибн Омар жанымда
тұрғанда ішке Абдулла ибн Уақид кірді. Ол жаңа киім киіп алыпты. ибн Омардың оған
былай дегенін естідім: «Балам, киіміңді жерге сүйрелтпе. Өйткені мен
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «
Алла тәкаппарлық жасап киімінжерге сүйрелткен
пенденің жүзіне қарамайды» дегенін естігенмін».
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Үмбетім мақтанып шайқала басып, византиялықтарды,
парсыларды
қызметші
қылып алған
күні
Алла
оларды
бір-бірімен
қақтығыстырады»
377
деп айтқан.
377
Тирмизи, 2261.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы: «
Менменсіп, мақтана басып жүргендер Алланың
алдына барғанда Оның қаһарына тап болады»
378
деген.
378
Ахмад ибн Ханбал, 5959.
Әбу Бәкір Хузали (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Бір күні біз Хасан Басримен
тұрсақ, ибн Ахтам мешіттің сұлтандар отыратын жайына өтті. Үстіне шекпенінен
шығып, қызыл асығына шейін жетіп тұрған жібек киім киіп, менменсіп,
шайқалып,
тәкаппарлана басып бара жатты.
Хасан Басри оған бір қарап алып: «Ей, ақымақ, сен Аллаға шүкіршілігі жасалмаған,
Алланы еске алмай, оның әмірлеріне сай келмеген жолдармен тапқан киіміңе
мақтанасың. Алла берген мүшелеріңнің әрбірі – оның нығметтерінен. Аллаға ант
етейін, кім болса да қарапайым, кішіпейіл жүруі тәкаппарлығынан жақсырақ», – деді.
Ибн Ахтам өзі туралы айтылып жатқан бұл сөздерді естіді де, қайтып келіп жасаған
іс-әрекеттері үшін Хасан Басриден кешірім сұрады. Хасан Басри оған: «Менен кешірім
сұраудың орнына Аллаға тәубе жаса. Сен Алланың «
Сондай-ақ жер бетінде
Достарыңызбен бөлісу: