Имам ғазали жүректің сырлары


жасайтындар, расында, қарындарын тек отқа толтыруда



Pdf көрінісі
бет137/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   193
Жүректің сырлары T.a

жасайтындар, расында, қарындарын тек отқа толтыруда»
460
 
деген мағынадағы 
аятты көрмейсіңдер ме?» – деді. 
460
 
«Ниса» сүресі, 10. 
Мүслимнің айтуы бойынша, Миғраж хадисінің бір жерінде: «Қарасам, бірнеше 
кісінің жанында тұрып тұрмын. Олардың бастарына басқа кісілер отырып алып 
әлгілердің сақалдарынжұлып жатты. Міне, сол сәтте тағы басқа бірнеше адам от 
алыпкеліп, олардың аузына салғанда, жұтқан тастары артынан шығып жатты. 
Жәбірейілден (а.с.): «Бұлар кімдер?» – деп сұрасам, маған: «Ақысы жоқ бола 
тұра жетімнің мал-мүлкін жегендер. Олардың жегені қарнында жалындаған от 
болады», – деп жауап берді. 
Тәкаппарлықтың зияны 
Тәкаппарлықтың зияны және жаман нәтижесі туралы жоғарыда айтылғандарға 
төмендегілерді қоса кетейік. Ібіліс те тәкаппарлық жасап Алланың лағынетіне қалған 
және аспан-жердей кең пейіштен тозақ азабына қуылған. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тәкаппарлар еркектің бейнесінде құмырсқадай болып 
Махшарға айдалып келеді. Әр тарапынан қорлық көреді. Оларға тозақылардың тері 
ішіріледі», – деп айтқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні Алла Тағала үш түрлі кісімен сөйлеспейді 
және оларға назар салмайды. Оларға қатты азап бар. Олар: зинақор қария, залым 
патша және тәкаппар кедей», – деп айтқан. 
Ибн Масғуд (р.а.): «Пендеге басқа біреу «Алладан қорық», – дегенде, «Сен өзіңе 
қарап алшы», – деп айтуы күнә ретінде жеткілікті», – деген. 
Алла Елшісі (с.а.с.) біреуге: «Оң қолыңмен же», – десе, ол «Олай жасай алмаймын», 
– деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жасай алмай қалсаң екен!» – деді. 
Өйткені ол кісі тәкаппарлығынан солай деген. Бірнеше уақыттан кейін қолы сал болып, 
көтере алмай қалды. 
Сабит ибн Қайс (р.а.) бір күні Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Өзің көріп жүргендей, мен 
жарасымды киінгенді жақсы көрем. Бұл тәкаппарлық па?» – деп сұрайды. Алла Елшісі 
(с.а.с.) оған: «Жоқ. Тәкаппарлық ақиқатты қабыл алмастық және басқаларды 
жақтырмастықтан келіп шығады», – деді. Шынында, басқалар да оған ұқсаған 
кісілер. Бәлкім, Алланың алдында одан да жақсырақ». 
Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу): «Мұса (а.с.) Перғауынға: «Иман келтіріп қойып 
патшалық жасай бер», – деп кеңес бергенде, Перғауын: «Хаманмен сөйлесейін», – деп 
жауап береді. Хаманмен кеңескенде, ол: «Сен басқалар сиынған құдай едің, енді 


182 
Құдайға сиынған құл болып қаласың ба?» – дейді. Сонда ол Аллаға құл болуын және 
Мұсаға (а.с.) мойынсұнуды жоққа шығарады. Сөйтіп Алла оны суға тұншықтырып жоқ 
қылған». 
Құрайыштықтар «Сондай-ақ олар: «Бұл Құран мына екі шаһардың (Мекке мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет