187
кісіге бата берді. Зекет жинаушылар Сағлабаның және
Бану сулаймдық кісінің не
қылғанын айтып берді. Сонда Алла Тағаладан: «Араларында: «Егер Алла бізді шексіз
шарапатына бөлеп, мол дүние-мүлік беріп жарылқаса, міндетті түрде зекет-садақа
береміз әрі үнемі игілікті істер істейтін ізгі жандардың қатарынан табыламыз», – деп
Аллаға уәде бергендер бар. Алайда Алла оларды шексіз шарапатына бөлеп, мол
дүние-мүлік беріп етек-жеңін кеңейткенде, сараңдық қылды және (өздерінен зекет,
садақа сұралғанда) көздеріне де ілмей сырт айналып кете барды. Сөйтіп Алла Өзіне
берген уәделерінен тайғандығы әрі өтірік айтуды әдетке айналдырғандығы үшін
олардың жүрегіне Өзіне қауышатын күнге дейін жалғасатын екіжүзділік
ұялатып
қойды»
471
деген мағынадағы аят түсірілді.
471
«Тәубе» сүресі, 75-77.
Сол кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында болған Сағлабаның бауыры түскен
аятты естіп Сағлабаға барып: «Уа, анаң өлгір Сағлаба! Алла Тағала сен туралы сондай
аят түсірді», – деді. Мұны естіген Сағлаба Пайғамбарымызға (с.а.с.) зекетін алып
барды. Пайғамбарымыз: «Алла сенен зекет алуға маған тыйым салды», – деді.
Алла Елшісінің (с.а.с.) бұл жауабын естіген Сағлаба басын ұстап өкінді. Кейін
Сағлаба Әбу Бәкірге, содан соң Омарға зекетін тапсырайын деп келген кезде, олар да
еш қабыл алмай қойған. Сағлаба әзірет Османның дәуірінде қатты өкінішпен өлген.
Жарирдің айтуы бойынша, Лайс былай дейді: «Бір кісі әзірет Иса мен (а.с.) дос
болады. Әзірет Иса (а.с.) сапарға шығарда баяғы досы «Сенімен сапарлас болсам
бола ма?» – деп сұранады. Өтініші қабыл алынып, әзірет Исамен бірге жолға шығады.
Екеуі жүріп отырып бір дарияның жиегіне тоқтайды. Жандарындағы үш нанның бірін
Иса, бірін досы жеп, бір нан қалады. Иса (а.с.) дарияға барып су ішіп келсе, әлгі қалған
нан жоқ. Досынан «Нанды кім жеді?» – деп сұраса, ол «Білмеймін», – деп жауап береді.
Одан ары сапар тартады. Жолда екі лағын ерткен киікті көріп қалады. Әзірет Иса (а.с.)
лақтардың бірін жанына шақырып алады.
Оны ұстап сойып, етінің бір бөлігін пісіріп
жейді. Тамақтанғаннан кейін Иса (а.с.) лақтың қалған қалдығына «Алланың
бұйрығымен тіріліп кет», – дегенде, оған жан кіріп, тұрып кетеді. Иса (а.с.) бұл оқиғаға
куә болып тұрған досына: «Саған қазіргі мұғжизаны көрсеткен Алла үшін сұрап
жатырмын, үшінші нанды кім алды?» – деп сұрайды. Жолдасы тағы да «Білмеймін», –
деп жауап береді. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, бір дарияның жанына келгенде Иса (а.с.)
әлгі кісінің қолынан ұстап, екеуі су үстінен басып, арғы жиекке өтеді. Иса: «Осы
мұғжизаны көрсеткен Алла үшін айтшы, үшінші нанды кім алды?» – деп досынан тағы
сұраса, әлгі бұл жолы да «Білмеймін» – деген жауап айтады. Одан ары сапар шегіп
отырып, біршама уақыттан кейін бір шөлге барады. Иса (а.с.) бір жерге құм, топырақ
үйіп, үйіндіге «Алланың бұйрығымен алтынға айнал», – дегенде, үйінді алтынға
айналады. Иса алтын үйіндіні үшке бөліп: «Үштен бірі менікі, үштен бірі сенікі, қалған
үштен бірі баяғы нанды алғандікі», – дегенде, әлгі кісі «Оны мен алғанмын», – деп
шындықты айтады.
Иса (а.с.): «Ендеше, сол алтынның бәрі сенікі болсын», – деп ол жерден кетіп қалады.
Әлгі кісі алтын үйіндінің жанында тұрса, екі жолаушы келеді. Келгендер жаңағы кісіні
өлтіріп, алтынды алмақшы болады. Әлгі кісі: «Мұны үшке
бөліп алайық, қазір
біреулерің қалаға барып жейтін бір нәрсе алып келіңдер», – деп кеңес қылады. Оның
ұсынысымен әлгілерден біреуі қалаға кетеді. Қалаға бара жатқан кісі жолдан:
«Алтынды неге бөліспек екенмін? Одан гөрі тамаққа у қосып, оларды өлтірейін. Сөйтіп
алтынның бәрі маған қалады», – деп ойланып, алған тамағына у қосып әкеледі.
Алтынның жанында қалғандар: «Оған алтынның үштен бірін неге бермек екенбіз?
Одан гөрі оны келісімен өлтіріп, алтынды екеуіміз бөлісіп алайық», – деп келіседі.
Нәтижеде қайтып келісімен оны өлтіріп тастайды. Оның артынан әкелінген тамақты