Имам ғазали жүректің сырлары


Әлбетте, осының өзінде ақыл иелері үшін талай ғибрат бар



Pdf көрінісі
бет26/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Әлбетте, осының өзінде ақыл иелері үшін талай ғибрат бар»
62

62
 
«Зумәр» сүресі, 21. 
Пейіштен қуылған шайтан ұлы Аллаға: 
– Уа, Жаратқан Ием! Адамның себебінен мені пейішіңнен шығардың. Мен өзім одан 
өш ала алмаймын. Сен жәрдем берсең ғана бұл мақсатыма жете аламын, – дейді. 
Алла Тағала: 
– Оның ұрпақтарын азғыруға саған рұқсат беремін, – дейді. 
– Бұдан басқа да мүмкіншілік беруіңді сұраймын. 
– Сенің ұрпағың Адамның ұрпағынан екі есе тез көбейеді. 
Шайтан: «Тағы басқа мүмкіншілік бер», – дегенде, Алла Тағала: «Білгеніңді істе, 
шамаң келгенді сұрқия дауысыңмен азғырып, түрте (жамандыққа бастай) бер! 
Оларға атты әрі жаяу жендеттеріңмен атой салып, шабуыл жаса. Мал-пұлдары 
мен бала-шағаларына ортақтас бол һәм оларға жиі уәде бер!» – деп айтты. Әйтсе 
де әзәзіл шайтан оларды алдағаннан басқа не бір жетіскен уәде береді дейсің!»
63
 
63
 
«Исра» сүресі, 64. 
«Сен ұрпағыңнан шыққан балаларыңның бәрін Адамның ұрпақтарына қарсы жібер. 
Оларды арам жолмен байлық тауып, арам жолға жұмсауына, арам жолдардан перзент 
табуына азғыр. Балаларына пұтқатабынушылықты білдіретін ат қоюға шақырып, ата-
бабаларының тегіне сенуді айт. Тәубені кешіктіруді үндеп, оларды алда». 
Алла Тағала Ібілісті ескертті. Төменгі аяттың мағынасы да сондай: «Расында, 
(болмыстағы һәм Кітаптағы) аяттарымызға келгенде, ақиқаттан ауытқитындар 
Бізден жасырына алмайды (яғни, олардың ісі Біз үшін беймәлім құпия болып 
қалмайды). Өздерің айтыңдаршы, тозақ отына тасталатын адам қайырлы ма, 
жоқ, әлде қиямет күні еш нәрсеге алаң болмай, өзін қауіпсіздікте сезінген күйде 
құзырымызға келетін адам қайырлы ма?! Ендеше, қалағандарыңды істеңдер! Ол 
не істеп не қойып жүргендеріңді толық көруде»
64



33 
64
 
«Фуссилат» сүресі, 40. 
Шайтанның бұл қалауларына қарап Адам (а.с.) да Алла Тағалаға былай деп 
жалбарады: 
– Уа, Жаратқан Ием! Оны менің басыма түскен бәле қылдың. Егер Өзіңнің жәрдемің 
болмаса, мен одан өзімді қорғай алмаймын. 
– Сенің ұрпағыңның әрбіріне қорғаушы періште жіберем. 
– Тағы да? 
– Жақсы істеріңнің сауабы он есе беріледі. 
– Тағы да? 
– Ұрпағыңның жаны денесінен шыққанға шейін тәубе келтіру мүмкіншілігін қолынан 
алмаймын. 
– Тағы да? 
– Тәубелерін қабыл алам. 
Адам (а.с.) разы болды. Бұған Ібіліс қарсы шығып: 
– Уа, Жаратқан Алла! Адамның ұрпағынан пайғамбарларды жараттың, оларға кітап 
түсірдің. Менің елшілерім қайда? – деді. 
Алла Тағала: 
– (Сенің елшілерің) балгерлер (деді). 
– Кітаптарым ше? 
– Татиуровка. 
– Сөзім ше? 
– Жалған. 
– Құраным ше? 
– Ән. 
– Азаншым ше? 
– Музыкалық аспаптар. 
– Мешітім қай жер болады? 
– Базар. 
– Үйім ше? 
– Монша-сауналар. 
– Тамағым ше? 
– «Бисмилла» айтылмаған тамақтың бәрі сенікі. 
– Сусыным ше? 
– Мас қылушы ішімдіктер. 
– Тұзақтарым ше? 
– Әйелдер... 


34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет