Имам ғазали жүректің сырлары


алыңдар! Оны (мінсізсің, кемшілік атаулыдан, орынсыз іс істеп, лайықсыз үкім



Pdf көрінісі
бет24/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   193
Жүректің сырлары T.a

алыңдар! Оны (мінсізсің, кемшілік атаулыдан, орынсыз іс істеп, лайықсыз үкім 
шығарудан, әрі Өзің жаратқан жаратылысқа ұқсаудан) пәксің деп, ертелі-кеш 
ұлықтаңдар!»
57
 
57
 
«Ахзаб» сүресі, 41-42. 
Риуаяттарға қарағанда, Абдулла мен Ахмад ибн Харб бір жерде отырғанда Ахмад 
ибн Харб жерден бір тұтам шөп жұлды. Сонда Абдулла оған былай деп айтты: «Ахмад, 
сол қылғаның үшін бес нәрсеге душар болдың: 
1. 
Жүрегіңді Алла Тағаланы тасбих қылудан қалдырдың. 
2. Нәпсіңді Алланың зікірінен басқа нәрсемен әлек қылдың. 
3. Басқаларға жаман үлгі болдың. 
4. Ол шөпті Алла Тағаланың зікірінен қалдырдың. 
5. Қиямет күні Алла Тағаланың алдында өзіңе қарсы бір дәлел таптың. 
Сирри (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Бір күні Журжанидің (рахимаһуллаһу) 
қуырылған ұн жеп отырғанын көріп: «Неге басқа нәрсе жемедің?» – деп сұрадым. Ол 
маған: «Есептесем, тамақты шайнап жұтқанға шейін жетпіс тасбих айтатындай уақыт 
кетеді екен. Міне, сондықтан қырық жылдан бері мүлдем нан жегенім жоқ» – деп жауап 
қайтарды. 
Саһл ибн Абдулла он бес күнде бір тамақ жеді. Рамазан айы кіргенде бір мәрте тамақ 
жеді. Кейде жетпіс күн тамақ жемей жүргенін де көрген. Тамақ жегенде әлсіреп, аш 
жүргенде күшейді. Керек болса, отыз жыл бойы Әбу Хаммад әл-Асуадпен Харам 
мешітінде көрші болды, бірақ оның жеп-ішкенін көрген жоқ. Әрдайым Алланы зікір 
қылумен әлек болды. 
Алланың бір досы Амр ибн Убайд (рахимаһуллаһу) үш нәрсе үшін ғана – жамағатпен 
намаз оқу, аурудың көңілін сұрау және жаназа намазына тұру үшін ғана үйінен шықты. 


30 
Ол былай деді: «Адамдарды ұры-қарақшыдай көрем. Негізі, өмір – ең бағалы нәрсе. 
Демек, олар сондай бағалы нәрсені түсінбейді. Мынадай бағалы заттан ақырет үшін 
азық дайындау керек еді. Ақырет өмірін қалаған кісінің басқа қайғысы болмау үшін бұл 
дүние өмірін тақуалықпен өткізу керек. Себебі пенде өз деңгейін сақтап қалу үшін 
материалдық және рухани жағын жөнге сала білуі керек». 
Мүмин әрдайым дәретпен жүргені дұрыс. Дәреті бұзылғанда дереу дәрет алып, екі 
рәкат намаз оқығаны абзал. Әрдайым құбылаға қарап отыруға мән беріп, 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алдында отырғандай отырып, іс-әрекеттеріне көңіл бөлуі 
керек. Салауатты болып, қиыншылықтарға сабыр қылуы, жамандыққа жақсылықпен 
жауап беріп, әрқалай күнәсі үшін тәубе жасауы керек. Ілімімен мақтанбай, 
менменсінбей, әрдайым кішіпейіл болғаны абзал. Себебі менменсіну – шайтанның 
сипаттарынан. 
Тақуа 
кісілерді 
құрметтеу 
жақсы. 
Өйткені 
тақуаларды 
сыйламағандарды Алла Тағала олардан бөліп қояды. Ғибадатқа мән бермегендердің 
жүрегінен ғибадат сүйіспеншілігін шығарып тастайды. 
Фудайл ибн Ияздан (рахматуллаһи аләйһи): «Әбу Али, пенде қашан тақуа болады?» 
деп сұрағанда, ол: «Басқаларға әрдайым насихат айтуды ойлағанда, жүрегінде 
Алладан қорқу пайда болғанда, аузынан әрдайым шын сөз шыға бастағанда және дене 
мүшелері жақсы істерді жасағанда, кісі тақуалардан болады», – деп жауап берген. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисте былай деп айтады: «Дүниеден қол үзу денені де, 
жүректі де рахатқа бөлейді. Ал енді дүниені сүю қайғыға салады. Дүниені сүю – 
барлық қателіктердің басы, одан аулақ болу – барлық жақсылықтардың басы».
58
 
58
 
Табарани, Муғжамул Аусат, 6/177; Әбу Нуаймин, Хилия, 6/288. 
Бір тақуа кісі жиналған елдің жанынан өтіп бара жатса, ол жерде бір дәрігер аурулар 
және олардың емдері туралы баяндап жатыр екен. Нәтижеде ол да сөзге құлақ түріп, 
отырып қалады. Біршама тыңдаған соң: «Уа, денсаулықтың сақшысы, жүректерді де 
емдейсің бе?» – деп сұрады. Дәрігер: «Маған ауруың туралы айтшы», – деді. Тақуа кісі: 
«Күнәлармен қарайған жүректің емі бар ма?» – деді. Дәрігер: «Ондай жүректің емі – 
күні-түні Алла Тағалаға жалынып-жалбару, тәубе жасау. Жүректердің емі сол, ал 
шипасы болса ғайыпты білетін Алладан», – деп жауап қайтарды. Мұны естіген тақуа 
кісі жылай бастады да: «Сен өте жақсы дәрігер екенсің, жүрегімнің емін тура таптың», 
– деді. 
Бір хикаяда былай баяндалады: «Бір кісі құл сатып алса, құлы қожайынына: «Уа, 
қожайыным, менің «Уақыты келгенде парыз намаздарымды оқуға рұқсат бересің, 
күндіз мені қанша жұмсасаң жұмсай бер, бірақ түнде жұмсамайсың және үйіңнен маған 
ғана тиесілі бір бөлме бересің» деген үш шартым» бар, – дейді. 
Қожайын оның шарттарын қабыл алып, құлына үйін көрсетіп бір бөлме таңдауын 
айтады. Үйді қыдырып шыққан құл ең нашар бөлмені таңдап алады. Қожайын неге 
оның сол бөлмені таңдап алғанын сұрағанда, ол: «Алламен бірге болғанда ең нашар 
қираған жерлер де гүлзарға айналарын білмейсің бе?» – деп жауап береді. 
Сөйтіп құл күндіз қожайынына қызмет жасап, түнде Аллаға ғибадат жасап жүре 
береді. Бір күні қожайын үйін айналып жүріп, құлының бөлмесінен жарық шығып 
жатқанын көреді. Бөлмеге жақындап келсе, құлы сәждеде тұрады, жанында ауада бір 
шырақ асылып тұр. Тыңдаса, Алла Тағалаға: «Уа, Жаратқан Алла! Маған қожайынның 
қызметін жүктедің. Сондықтан күндізді қызмет жасаумен өткізудемін. Егер олай 
болмағанда күнімді де, түнімді де бір Өзіңе ғибадат жасаумен өткізер едім. Уа, 
Жаратқан Ием, мені кешіре көр!» – деп жалбарып жатады. Оның ғибадаты таң атқанға 
шейін жалғасады. Қожайын болса ғибадат жасап жатқан құлынан көзін ала алмай естіп 
отырады. Таң атқанда болған оқиғаны әйеліне айтып береді. Ертесі күні әйелімен бірге 
құлына көз салады. Құл дәл алдыңғы күндегідей Аллаға жалбарады. Оны көріп 


31 
қожайын мен әйелі көз жасын тыя алмай кемсеңдеп жылайды. Сонымен жерге жарық 
түсіп, таң да атады. Қожайын құлын шақырып алып: «Сені Алланың разылығы үшін 
азат қылам. Бұдан кейін Алла Тағалаға емін-еркін ғибадат жасай бер», – дейді. Құл 
дереу көкке алақан жайып: «Уа, сырларды білуші Алла Тағалам! Сырым ашылып 
қалды. Бұдан кейін жасай алмаймын. Менің жанымды ала көр!» – деп жалбарынады 
да, сөзі бітпей жатып жан береді. 
Аллаға ғашық пенделер сондай болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет