Имам ғазали жүректің сырлары


Ібіліс  Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп баяндайды: «(Сондай-ақ оларға): «Аллаға



Pdf көрінісі
бет25/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Ібіліс 
Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп баяндайды: «(Сондай-ақ оларға): «Аллаға 
һәм Алла елшісіне бағыныңдар», – деп айт. Егер олар (бағынудан бас тартып) 
сырт айналып кете барса, (онда кәпірлер біліп қойсын) шүбәсіз, Алла кәпірлерді 
жақсы көрмейді»
59
 
59
 
«Әли Имран» сүресі, 32. 
Мәлім болғандай, Алла Тағала Ібілістің тәубесін оның күпірлігі және тәкаппарлығы 
үшін қабыл алмады. Ал енді Адам (а.с.) тәубе жасағанда, оның тәубесі қабыл болды. 
Себебі Адам (а.с.) қателік өзінен кеткенін түсініп, жасаған ісіне пұшайман болып, өзін-
өзі кінәлады. 
Сонымен бірге бұл шынайы мағынадағы күнә емес еді. Себебі пайғамбарлар күнәсіз. 
Олар пайғамбар болғанға шейін де, пайғамбар болғаннан кейін де күнә жасаған емес. 
Бұл қателік қана болып есептеледі. Құранда баяндалғаны бойынша, Адам (а.с.) мен 
Хауа ана жіберген қателіктерінің артынан дереу Аллаға былай деп жалбарынған: «Уа, 
Раббымыз! Біз өз-өзімізге қиянат жасадық. Егер бізді кешпесең әрі есіркеп 
рақымыңа бөлемесең, зиянға ұшырағандардың қатарында боламыз»
60
 . 
60
 
«Ағраф» сүресі, 23. 
Демек, олар өздерінің жасағандары үшін Жаратқаннан жәрдем сұраған және Алла 
Тағаланың мейірімінен үміт үзген емес. Себебі Құран Кәрімде де Алла Тағала: «(Уа, 
Мұхаммед! Оларға Менің мына сөзімді жеткіз): «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне 
жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, 
сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың 
рақымынан 
үміттеріңді 
үзбеңдер! 
Өйткені 
Алла 
барлық 
күнәларды 
кешіреді»
61
 
деген. 
61
 
«Зумәр» сүресі, 53. 
Шайтан болса жіберген қателігін мойынға алған емес және шындап тәубе де 
келтірмеді. Алланың мейірімінен үміт үзіп, тәкаппарлана бастады. 
Кімнің жағдайы шайтандікіндей болса, оның тәубесі қабыл болмайды. Кімнің жағдайы 
Адамның (а.с.) жағдайындай болса, Алла Тағала оның тәубесін қабыл алады. Өйткені 
нәпсімен байланысты барлық күнәлардың кешірілуінен үміт етуге болады. Ал енді 
менменсінуге, тәкаппарлыққа негізделген ешбір күнә кешірілмейді. 
Хикаяда айтылғаны бойынша, Ібіліс Мұсаға (а.с.) келіп: 
Алла саған пайғамбарлық беріп, өзгеше пенделерінен қылды. Енді сенімен 
сөйлесіп тұра ма? – деді. Мұса (а.с.): 
– Иә. Ал сен өзің кімсің? Менен не қалайсың? – деп сұрады. Ібіліс: 
– Мұса, Иеңе айтшы, Оның жаратқандарынан біреу тәубе жасағысы келіп жатыр, – 
деді. 
Сонда Алла Тағала Мұсаға (а.с.) былай деп уахи қылды: 


32 
– Мұса, оған «Адамның қабіріне сәжде жасасаң, өтінішің қабыл болады», – деді деп 
айт. Егер сәжде жасаса, оның тәубесін қабыл алып, бүтіндей күнәларын кешіремін. 
Мұса (а.с.) Алланың қалауын білдіргенде, Ібіліс тәкаппарланып: 
– Мұса, мен оған пейіште сәжде жасаған жоқпын. Енді өлігіне қайтіп сәжде 
жасаймын? – деді. 
Риуаяттарға қарағанда, тозақта Ібіліске азап күшейтіліп, былай деп айтылады: 
– Алланың азабы қалай екен? 
– Өте қатты екен. 
– Адам пейіш бақшаларында. Оған сәжде жасап, кешірім сұрасаң, Алла сені кешіреді. 
Бірақ ол сонда да тәкаппарланады. Нәтижеде оның азабы басқалардың азабынан 
жетпіс мың есе күшейтіледі. 
Құрметті, мұсылман бауырым! Егер Ібілістен құтылуды қаласаң, ұлы Жаратқанның 
бұйрықтарына бас и. 
Қиямет-қайым болғанда оттан жасалған орындық қойылып, лағынеттелген Ібіліс оған 
отырғызылады. Барлық шайтандар оның жанына жиналады. Кәпірлер де оның 
жанында болады. Ібіліс ақырған есектікіндей үнімен: 
– Уа, тозақылар! Жаратқан Иелеріңнің бүгінгіге берілген уәдесі қалай болды?! – деп 
ақырады. 
– Уәдесі шын шықты, – дейді жанындағылар. Сонда Ібіліс: 
– Бүгін Алланың мейірімінен үміт үзген күнім, – дейді. 
Сонда Алла Тағала періштелерге Ібілісті және оған ергендерді оттан жасалған 
тоқпақпен сабауға бұйрық береді. Оларды қырық жыл солай қинайды. Олар тозақтан 
шығу деген сөзді де естімейді. Алла Тағала сондай жағдайдан сақтасын. 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет