37
Бакир ибн Абдулла былай дейді: «Уа, адам баласы! Алла Тағаланың алдына
рұқсатсыз барып, онымен себепкерсіз сөйлесуді қаласаң, соған оңай жетсең болады.
Әуелі жақсылап дәрет алып, содан соң намазханаға барасың. Міне, сонда сен Алла
Тағаланың алдына рұқсатсыз кіріп, онымен себепкерсіз сөйлескен боласың».
Әзірет Айша (р.а.) айтады: «Алла Елшісімен бетпе-бет отырып, бір нәрселер айтып
әңгімелесіп отырушы едік. Бірақ намаз уақыты кіргенде Алла Тағалаға құлшылықпен
терең кірігіп кеткендіктен, ол бізді, біз оны танымағандай болып қалушы едік».
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Пенде жүрегі мен денесі бір бүтіндікте (беріліп) оқымаған
намазға Алла Тағала қарамайды», – деген.
Алланың досы әзірет Ибраһим (а.с.) намазға тұрғанында оның жүрегінің соққаны екі
шақырым жерден естіліп тұрды.
Саид ат-Таннухи (рахимаһуллаһу) намаз оқығанда көз жасы сақалына шейін ақты.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) біреудің намаз оқып жатып сақалымен ойнағанын көріп:
«
Егерде бұл кісінің жүрегінде Алладан қорқу болғанда барлық мүшелерінде
қорқынышболар еді», – деп айтқан.
Риуаяттарға
қарағанда, әзірет Али (р.а.) намаз оқығанда өңі қуарып, денесі
қалтырады. Одан: «Уа, мүминдердің басшысы, саған не болып жатыр?» – деп
сұрағанда, ол: «Алла Тағала жер-аспанға,
тауларға ұсынып, олар қорыққанынан
мойнына ала алмаған, бірақ мен мойныма алған аманаттың уақыты келді ғой...» – деп
жауап берді.
Али ибн Хүсейін дәрет алғанда, өңі қуарып кетті. Одан: «Дәрет алғанда неге осылай
боласың?» – деп сұрады. Ол: «Кімнің алдына шығатыныңды білесің бе?» – деп жауап
берді.
Хатамул-Асамдан намазды қалай оқу керектігі туралы сұрағанда, ол: «Намаз уақыты
жақындағанда жақсылап дәрет алып, намаз оқылатын жайға барам. Дене-бойымды
тынышталдыру үшін біраз отырамын. Содан соң намазды бастау үшін орнымнан
тұрамын. Қағбаны екі қасымның ортасына, Сырат көпірін аяғымның астына, пейішті оң,
тозақты
сол жағыма, өлім періштесін арқама алып, ең ақырғы намазымды оқып
жатырмын деген оймен, қорқу мен үміттің құшағында намаз оқи бастаймын. Тәкбірді
именіп айтамын. Сүрені не аяттарды жай, мұқият оқимын. Рүкуғтарды
кішіпейіл,
қаймыққан жағдайда орындаймын. Содан соң сол аяғымның сыртын жерге төсеп, оң
аяғымның бас бармағын жерге тік қоямын. Бұларға ықыласты қосамын. Бірақ намазды
біткенімде қабыл болып-болмағанын білмеймін», – деп жауап берген.
Ибн Аббас (р.а.): «Ұзартпай және қысқартпай шын жүректен оқылған екі рәкат намаз
сезімсіз, немқұрайды жағдайда түнімен оқылған намаздан жақсы», – деп айтқан.
Пайғамбарымыздың
(с.а.с.)
бір
хадисінде
былай
баяндалады:
«
Ақыр
заманда үмбетімнен кейбір кісілер мешіттерге келіп, шеңбер болып отырады.
Олардың ойында дүние болады. Олармен отырмаңдар. Олардың ғибадатына
Алланың мұқтаждығы жоқ».
80
80
Ибн Хиббан, ас-Сахих, 15/163; Байхақи, 87.
Хасан Басридің (рахматуллаһи аләйһи) былай деп айтқаны риуаят етіледі:
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендерге адамдардың арасынан ең жаман ұрлық жасаған
кім екенін айтайын ба?» – дейді. Ол жердегілер: «Иә», – дегенде, Алла Елшісі (с.а.с.):
«Намазынан ұрлағандар», – деп айтқан. «Намазынан қайтіп ұрлайды?» – деп сұрады
әлгілер. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаздың рүкуғы
мен сәждесін кеміткендер
ұрлайды», – деп жауап берді.
81
81
Мууатта, 1/167; Дарими, 1/350; Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 22136.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Қиямет күні пендеден алғаш намаз туралы сұралады.
Егер ол пенде намазды толық орындаған болса, Алла Тағала ол пенденің сұрағын
38
жеңілдетеді. Егер намазы кем орындалған болса, Алла Тағала періштелеріне: «Бұл
пендемнің нәпіл (қосымша) ғибадаттарыбар болса, онымен парыз намаздарын
толықтырыңдар», – деп айтады».
82
82
Әбу Дәуіт, 864; Нәсаи, 465; Тирмизи, 413; ибн Мажа, 1425.
Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Пендеге екі рәкат намазға
рұқсаттан тағы жақсырақ нәрсе берілген емес»
83
деп айтқан.
83
Тирмизи, Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 5/268.
Бір күні Халаф ибн Әйюб намаз оқып жатқанда, оны ара шағып алды. Бірақ ол
денесінен қан шыққанына қарамай мұны сезген жоқ. ибн Саид соған көз салып тұрған
еді. Намаздан кейін ол: «Сені ара шағып, денеңнен қан шықты ғой, сезбедің бе?» – деп
сұрады. ибн Әйюб: «Өзің ойлап көрші, Алланың алдында, өлім періштесінің жанында,
сол жағында тозақ, аяқ астында Сырат көпірі тұрған кісі осындай нәрсені сезбек пе?»
– деп жауап қайтарды.
Амр ибн Зәр тақуалықта жоғарғы дәрежеге жеткен кісі болды.
Оның қолы іріңдеп,
шіріп бара жатқан еді. Дәрігерлер: «Қолыңды кесіп тастауымыз керек», – деді. Ол:
«Мейлі кесіңдер» – деп келісті. «Сені байламай тұрып кесе алмаймыз» – деді әлгілер.
Сонда ол: «Мені байлаудың қажеті жоқ. Намазға тұрғанынымда кессеңдер болады», –
деп жауап қайтарды. Нәтижеде оның қолы намазда кесілді және кесілгенін сезген жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: