Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет43/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Парыз намаздар таразы сияқты, дұрыс тартқан кісі пайдасын көреді»
126

126
 
Абдулла ибн Мүбәрак, Китабуз Зуһд уәр Рақаиқ, 1190. 
«
Үмбетімнен екі кісіні ойлап көріңдер, екеуі бірдей намазғатұрады. Рүкуғ пен 
сәжделері бірдей. Бірақ екеуінің намазының арасында аспан мен жердей айырма бар», 
– деп Алладан қаймығып оқылған намаздың маңызын баса айтқан. 
«
Рүкуғ пен сәжденің ортасында белін түземеген пендеге қиямет күні Алла Тағала 
(мейіріммен) назар салмайды»;
127
 
127
 
Ахмад ибн Ханбал, 10460. 


55 
«
Кім уақытында намаз оқып, дәретін толық алып, рүкуғ пен сәждесін толық 
жасаса және намазды Алладан қорыққан жағдайда оқыса, ол пенденің намазы ақ, 
жарқыраған бейнеде көкке көтеріліп бара жатып: «Мені (әдебіне лайық) 
сақтағаныңдай, Алла Тағала да сені (әрқалайжамандықтардан) сақтасын», – дейді. 
Ал енді кім намаздың уақытын өткізіп оқыса, дәретін шала-пұла алып, рүкуғке, 
сәждеге және Алладан қорқуға немқұрайды қараса, оның намазы да қап-қара 
жағдайда көкке көтеріліп: «Мені құртқаныңдай, Алла Тағала да сені құртсын», – 
дейді. 
Сонда Алла Тағала бұйырған күн келгенде бұл намаз ескі киім сияқты оралып 
тұрып, оны оқыған кісінің бетіне лақтырылады»
128

128
 
Табарани, Муғжамул Аусат, 263. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Намазынан ұрлаған кісі – ең жаман ұры»
129

129
 
Ибн Ханбал, Муснад, 5/130; Мажмағуз Зауаид, 2719. 
Ибн Масғуд былай дейді: «Намаз таразы сияқты. Кім кемшіліксіз өлшеп берсе, оған 
да сауабы кемшіліксіз беріледі. Кім таразыдан алдаса, біліп қойсын, Алла Тағала: 
«Таразы мен өлшеуіштен жеп, елді алдайтын жандардың жағдайы қандай 
өкінішті!»
130
 
деген. 
130
 
«Мутаффифин» сүресі, 1. 
Бір ғалым былай дейді: «Намаз – саудаға ұқсас. Саудагер саудаға ақша салмай 
тұрып кіріс таба алмағандай, парыздарды мұқият оқымаған пенденің қылған 
намаздары да қабыл болмайды». 
Намаз уақыты келгенде әзірет Әбу Бәкір жанындағыларға: «Тұрыңдар, Алла 
Тағаланың өз қолдарыңмен жаққан отын өшіріңдер», – деп айтты. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаз – ұқыптылық және кішіпейілдік», – деген. 
Басқа бір хадисте былай дейді: «Иесін бұзақы және жаманістерден қорғамаған 
намаз пенденің Алла Тағаладан алыстауына ғана себепкер»
131

131
 
Табарани, Муғжамул кәбир, 11/54; Хайсами, Муғжамуз Зауаид, 3557. 
Жауапкершілік сезімі жоқ кісінің намазы жаман істерден және қателерден 
қорғамайды. 
Тағы бір хадисте төмендегіше айтылады: «Намазында шаршаудан және түрегеліп 
тұрудан басқа еш пайда ала алмаған қаншама кісілер бар!» 
Бұл жерде де жауапкершілік сезімі жоқ кісілер туралы айтылып жатыр. 
Басқа бір хадисте «Пендеге сезіп-біліп оқыған намазының ғана сауабы тиеді»
132
 
деп 
айтылған. 
132
 
Әбу Дәуіт, 896; Ахмад ибн Ханбал, 18415; Дарими, 2720. 
Ғалымдар былай дейді: «Намаз төрт негізден тұрады: 
– Намазды біліп бастау, 
– Намазға тұрғанында әдебін сақтау, 
– Барлық парыздарын маңызын сезініп орындау, 
– Намазды қорқумен аяқтау». 
Бір ғалым: «Жүрегін ақиқатқа бұрмаған кісінің намазы бұзылады», – деп айтқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пейіште «Афях» деген дария бар. Онда інжу, 
жақұттармен ойнаған, Алла зафараннан жаратқан хор қыздар бар. Олар Алла 
Тағалаға жетпіс мың тілде тасбих айтып тұрады. Үндері Дәуіттің (а.с.) үнінен де 
әсем. «Біз намазын беріле оқыған кісілер үшінбіз», – дейді. Алла Тағала «Ондайларды 
өз үйіме жайғастырамын және зияратшылардан қыламын», – деп айтады» деген 
хадисін айтып кеткен. 
Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала Мұсаға (а.с.) былай деген: «Уа, Мұса! Мені еске 
алғаныңда, дене-мүшең тітіресін. Мені еске алғанда, көңілің беріліп тұрсын. Маған зікір 


56 
айтқанда, сөздерің жүректен шықсын, алдымда тұрғанда құлдай тағзым қыл, менен бір 
нәрсе тілегенде жүрегің дірілдеп, аузыңнан ақиқат сөз шықсын». 
Бір риуаят бойынша, Алла Тағала былай деп уахи жіберген: «Үмбетіңнің 
күнәһарларына айтып қой! Менің атымды ауыздарына алмасын! Өйткені атымды 
атағандарды атау – Менің шешімім. Демек, олар Менің атымды айтса, Мен де оларды 
қарғыспен еске алам». Бұл үкім Алланы зікір қылғанда немқұрайды қараған 
күнәһарларға тиесілі. Ал енді күнәһарлық та, немқұрайдылық та араласып тұрып 
Алланы зікір қылғандардың жағдайын өздерің ойлап көріңдер! 
Бір сахаба былай дейді: «Пенделер махшар алаңына намаздағы жағдайларына 
қарай әкелінеді. Намазын беріліп оқыған һәм оқыған намазынан ләззат алған кісілер 
махшарда да осындай жағдайда болады. Намаз сәтінде жоғарыда айтылғанға кереғар 
жағдайда болғандар махшарда да осындай жағдайда болады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні намазда сақалымен ойнап жатқан кісіні көріп, «Егер 
бұл кісінің жүрегінде қорқу сезімі болғанда оның тұруынан байқалмақ. Жүрегінде 
қорқу жоқ кісінің намазы қабыл болмайды», – деген. 
Намаз оқығанда жүрегін қорқу сезімі ұялап, өзінің әлсіздігін сезген кісілерді Алла 
Тағала көптеген аяттарда мақтағаны жалпыға мәлім. Бұл мағынадағы аяттарда былай 
айтылған: «Намаздарын қаза қылмай уақытылы оқиды»
133
, «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет