69
иман келтіру», – деп айтты. «Уа, Алланың Елшісі, одан кейін не?» – деп сұрадым. Ол:
«Туыстық байланыстарын бекем сақтау», – деп жауап берді. Содан кейін сөзіміз
төмендегіше жалғасты:
– Уа, Алланың Елшісі, Алла еш жақсы көрмейтін іс қайсылары?
– Аллаға серік қосу.
– Содан кейін ше?
– Туыстық мәмілені бұзу.
– Содан кейін?
– Жамандыққа шақырып, жақсылықтан тыю»
186
.
186
Әбу Йағла, Муснад, 7/139; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/151.
Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.)
сапарда бара
жатқанда алдынан бір бәдәуи шықты. Ол Алла Елшісінің түйесінің тізгінінен тартып
тұрып: «Уа, Алланың Елшісі,
мені пейішке жақындатып, тозақтан алыстататын іс
туралы айтшы», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сұраққа жауап берерден бұрын
сахабаларына қарап: «Бұл кісі шындап игілікке жетті не шынымен тура жолға түсті», –
деді. Содан соң бәдәуиден «Не дедің?» – деп сұрады. Ол сұрағын қайталағанда, Алла
Елшісі (с.а.с.): «Тозақтан алыстап,
пейішке жақындағың келсе, еш серік қоспай бір
Аллаға құлшылық жаса,
намазды дұрыс оқып, мал-мүлкіңнің зекетін бер және
туғандарыңмен қарым-қатынасыңа көңіл бөл. Енді түйемнің тізгінін қоя бер, жолымды
жалғастырайын», – деді.
Бәдәуи
артына
қайтып
кетіп
бара
жатқанда
Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
жанындағыларға: «Егер бұл кісі айтқандарымды орындаса, пейішке кіреді», – деді.
187
187
Бұхари, 1396; Мүслим, 13; Нәсаи, 468; Ахмад ибн Ханбал, 23027.
Табаранидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала бұл дүниеге
келгеннен бері оларға ашуланып, жүзіне қарамаған
қауыммен өлкені дамытып, өмір
шартын жақсартады», – деген. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, мұны қалай түсінсек
болады?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұның себебі, ол елдің туыстық
қарым-қатынасқа жақсы көңіл бөлуінде» – деп жауап береді»
188
.
188
Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/152.
Ахмад ибн Ханбалдың (рахматуллаһи аләйһи) сенімді кісілер арқылы жеткен
риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Жақсы мінезді пенде бұл дүниеде және
Достарыңызбен бөлісу: