72
Мүслимнен
басқалардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Бала ата-
анасының ақысын біреудің қолында құл болып жүрген жерінен оларды сатып алып,
құлдықтан босатса ғана өтей алады»
196
,
– деген.
196
Мүслим, 1510; Әбу Дәуіт, 5137; Тирмизи, 1906.
Мүслимнің риуаят еткені бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Өз
өлкемнен шығып, Алла жолында күресіп сауапқа жетуге саған ант беремін», – деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
– Ата-анаңның көзі тірі ме? – деді.
– Екеуі де тірі, – деді әлгі.
– Сен шындап Алла жолында сауап тапқың келе ме?
– Әлбетте.
– Онда ата-анаңның жанына барып, оларға жақсы қара, – деді Пайғамбарымыз.
197
197
Мүслим, 2549.
Әбу Йағла мен
Табаранидің риуаяты бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.)
келіп: «Мен Алла жолында күресейін деп едім. Бірақ соған күшім жетпейді. Маған не
ұсынасыз?» – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.) одан:
– Ата-анаң тірі ме? – деп сұрады.
– Анам тірі, – деді анау кісі.
– Онда оған жақсы қарап, Алланың разылығын тіле.
Егер мұны орындай алсаң,
қажылықтың, ұмраның және жиһадтың сауабына ие боласың
198
,
– деді Пайғамбарымыз.
198
Әбу Йағла, Муснад, 2/149.
Табаранидің тағы бір риуаяты бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа,
Алланың Елшісі, мен Алла жолында күрескім келеді, маған не ұсынасыз?» – дейді.
Алла Елшісі (с.а.с.) «Анаң тірі ме?» – деп сұрайды. Адам: «Иә», – деп жауап бергенде,
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Онда оның жанынан шықпа. Пейіш – оның
табанының астында», – деп жауап береді.
Ибн Мажаның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Ата-ананың
балада
қандай ақылары бар?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Пейішің де, тозағың
да – солар», – деп жауап берген. Ибн Мажа мен Нәсаидің риуаят еткені бойынша, бір
кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! «Соғысқа қатысайын ба» деп
кеңес сұрағалы келдім», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Анаң бар ма?» – деп
сұрайды. Әлгі кісі: «Иә», – дегенде, Алла Елшісі (с.а.с.): «
Онда оның жанынан шықпа,
өйткені пейіш оның табанының астында», – деп жауап береді.
Сол хадистің басқа сахих риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) әлгі кісіден «Ата-анаң
бар ма?» – деп сұрайды. Ол: «Иә», – дегенде, «Олай болса олардың жанынан шықпа,
пейіш солардың табандарының астында», – деп жауап береді.
Тирмизидің айтуы бойынша, бір кісі Әбу Дардаға (р.а.) келіп: «Отбасылымын, бірақ
анам жұбайыммен ажырасуымды талап етіп жатыр. Маған қандай өсиет етесіз?» –
дейді. Әбу Дарда (р.а.): «Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «
Әке – пейіштің ортаңғы
есігі», – дегенін естігенмін. Қаласаң, сол ортаңғы есікті қолдан шығар, қаласаң сақтап
қал», – деп жауап береді.
Ибн Хиббанның сахих хадистер жинағында былай деп жазылады: «Бір кісі Әбу
Дардаға келіп: «Әкем менің жанымда. Тіпті мені үйлендірді.
Енді әйеліммен
ажырасуымды талап етіп жатыр. Қалай жасайын?» – деп сұрайды. Әбу Дарда (р.а.)
әлгі кісіге: «Мен саған «Әкеңді ренжіт» деп те, «әйеліңмен ажырас» деп те айта
алмаймын. Бірақ қаласаң саған Пайғамбарымыздан (с.а.с.) естіген бір сөзді айтайын:
«Ол: «
Әке – пейіштің ортаңғы есігі» – деген еді. Сен сол есікті сақтап қал не қолдан
шығар», – деп жауап береді»
199
.
199
Тирмизи, 1900;
ибн Мажа, 2089.
73
Ибн Хиббан мен Тирмизидің риуаяты бойынша, әзірет
Омардың ұлы төменгідей
оқиғасын айтып кеткен: «Менің бір әйелім бар еді, оны өте жақсы көруші едім. Бірақ
әкем Омар (р.а.) оны жақсы көрмеді. Маған: «Онымен ажырас», – деді. Мен келіспедім.
Ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып бұл туралы айтты. Алла Елшісі (с.а.с.) мені
шақырып алып: «Әйеліңмен ажырас», – деді».
Ахмад ибн Ханбалдың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Кім өмірінің
Достарыңызбен бөлісу: