Имам ғазали жүректің сырлары


самғап ұшқан құстардың түр-түрі (өздерің сияқты қауым болып топтасып



Pdf көрінісі
бет87/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   193
Жүректің сырлары T.a

самғап ұшқан құстардың түр-түрі (өздерің сияқты қауым болып топтасып 
тіршілік ететін, әрқайсысының өзіне тән өмір салты болған) өз алдына бірер 
үмбет болып табылады»
298
 
деген мағынадағы аят туралы төмендегілерді айтқан: 
«Хайуанаттар және құстар, барлық жан-жануарлар қиямет күні қайтадан тірілтіліп, бір 
жерге жиналады және мүйізсіз қой мүйізді қойдан ақысын алатындай деңгейде 
Құдайдың әділетті үкімі жүреді. Одан кейін Алла Тағала хайуанаттар мен құстарға 
«Енді топыраққа айналыңдар!» деп бұйрық береді. Міне, сонда алдарындағы азапты 
ашық-айқын көрген кәпірлер: «Әттең-ай, мен де топырақ болып кетсемші!» – дейді. 
298
 
«Әнғам» сүресі, 38. 
Ей, бейшара адам! Сол күні қолыңа сауап дәптеріңді алып, жасаған жақсылықтарың 
жазылған беттің бос тұрғанын көргенде: «Менің жасаған жақсы істерім қайда?» – деп 
сұрайсың. Сонда: «Олар сен әділетсіздік жасаған кісілердің дәптерлеріне көшірілді» 
деген жауапты естисің. Өмір бойы нәпсіңнің қалауларына қарсы тұрып, сен алыс 
болған күнәлармен бүкіл дәптерің толып қалғанын көріп: «Уа, Жаратқан Ием, бұл 
күнәларды мен жасаған емеспін ғой?» – дейсің. Сонда «Бұлар сен өсектеген, сөккен, 
жамандық 
жасаған, 
сауда-саттықта, 
көршілікте, 
әңгімелескенде, 
таласып-
тартысқанда, сабақ оқып жатқанда, ілім іздеп жүрген уақытыңда және қандай да бір 


119 
серіктес істе алдаған, ақысын жеген кісілердің күнәлары» деген жауапты аласың және 
сол күні қандай жағдайда қалар екенсің?! 
Ибн Масғудтың (р.а.) риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Шайтан Ислам дүниесін 
пұттарға сиынтудан үмітін үзген. Бірақ кейбір қателерді жасағандарыңды 
жеткілікті көреді. Олар – әділетсіздіктер. Демек, қолдан келгенше әділетсіздіктен 
сақтаныңдар!» – деп айтқан. 
Өйткені пенде қиямет күні таудай ғибадаттарымен Алланың алдына келеді. Оның 
жасаған ғибадаттары тозақтан құтылуына жеткілікті болмақ. Бірақ сол сәтте біреу шыға 
келіп: «Уа, Жаратқан Ием, бұл кісі маған әділетсіздік жасаған» – дегенде, Алла Тағала: 
«Олай болса оның жақсылығын сен ал» деп бұйырады. Солайша сауаптары өшіріліп 
отырып, аяғында ешбір жақсылығы қалмай қалады. Бұл жолдағы керуенге ұқсас. Олар 
бір жерге тоқтап қалады. Жандарында отыны жоқ. Жолаушылар шартарапқа жайылып, 
отын іздеп жүреді. Біршамадан кейін бір құшақ отын жинап, от жағады. Күнәлар да 
соған ұқсайды»
299

299
 
Мүслим, Ахмад ибн Ханбал, Байхақи. 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет