116
Бұған куә болған жүректердің есі шыға қорқуы және барлық көздердің қорыққаннан
бадырайып ашылуы табиғи көрініс.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқан: «
Қиямет күні бүкіл адамзат өсімдік өспеген, панасы
жоқ, ешқандай белгі қойылмаған, тегіс және аппақ далаға жиналады»
289
.
289
Бұхари, Мүслим.
Бұл даланы жер жүзіндегі далалар сияқты деп ойлама. Аталуы ғана ұқсамаса, басқа
ешбір жағынан ұқсамайды. Алла Тағала былай дейді: «
Күндердің күнінде жер басқа
жерге, көк те басқа көкке айналады һәм күллі адамзат (пен жын) атаулы Қаһһар
(күллі болмыстың жалғыз иесі) Алланың алдына барады»
290
.
290
«Ибраһим» сүресі, 48.
Ей, байғұс адамзат! Сол күннің қорқынышына мән бер! Барлық жандылар сол
майданда жиналғанда көктегі жұлдыздар төгіліп түседі. Күн мен Ай нұры өшіп, барлық
жарық көздері өшкендіктен жер бетін түнерген қараңғылық қаптайды.
Адамдар сондай жағдайда болып, періштелердің кейбірі үстінде, кейбірі астында
тұрғанда аспан қирап талқандалады.
Аспанның тас-талқаны шыққанда қандай қорқынышты үн естіледі, кім біледі! Көктегі
орасан зор және қатты заттардың талқандалып, кейде сарғайған сұйық жездей болып
төгілуі,
көктер көлкіген сұйық металға, таулардың әбден түтілген мақтаға айналуы,
кісілердің ары-бері сапырылысы және бәрінің жалаң аяқ, жалаңаш жүруі қаншалық
қорқынышты болатынын елестету қиын!
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Адамдар жалаң аяқ, жалаңаш, сүннетсіз
болып, құлақтарына шейін терге шомылған жағдайда тіріліп бір жайға жиналады».
Бұл хадисті риуаят еткен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайы әзірет Сауда (р.а.):
«Бұл сөздерді естігенде Пайғамбарымызға (с.а.с.) «Қандай ауыр көрініс! Бір-біріміздің
барлық жерін көріп тұрсақ», – дедім. Ол маған: «
Ол күні әркім өз жағдайымен әлек
болғандықтан, бір-біріне қарауға дамүмкіншілік болмайды. Адамдар басқа нәрсемен
әлек бола алмайтындай деңгейде өз басын ойлап тұрады»
291
деп жауап берді.
291
Бұхари, 1662; Мүслим, 2759.
Қандай қорқынышты күн! Бәрінің ұятты жерлері ашық жүргенімен, ешкім ешкімге
қарай алмай қалады. Қайтіп қарамақ?! Пенделердің кейбірі бауырымен, кейбірі бетімен
сүйретіліп жүрсе, басқа біреуге қайтіп қарай алмақ?
Сахабалардан Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«
Қиямет күні кісілер үш топқа бөлініп Махшар алаңына жиналады. Көлікке мінгендер,
жаяулар және бетімен сүйретіліп жүргендер болады», – деді.
Арамыздан біреу: «Уа, Алланың Елшісі, үшінші топтағылар бетімен сүйретіліп қайтіп
жүреді?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Оларды аяғымен жүргізген Алла
Тағала бетімен сүйретілтіп жүргізуге де құдіретті»
292
деді. Көзімен көрмеген, әдетте
болмаған нәрселерді жоққа шығару – адам баласының өзгермес мінезі. Егер кісі
бауырымен жорғалап бара жатқан жыланды көрмегенде аяқсыз жүруді елестете алмас
еді.
292
Бұхари, Мүслим.
Шынында, аяқпен жүруді көрмесе, пенде үшін ол да мүмкін еместей сезілмек.
Сондықтан бұл дүниедегі нәрселерге ұқсамайды деп Қиямет күні туралы айтылған
ғажайыптардың қайсыбірін жоққа шығарудан сақтану керек.
Өзіңнің тыр жалаңаш, аянышты жағдайыңды, сен туралы жақсы үкім беріле ме не
жаман үкім шыға ма деп күтіп тұрғаныңды елестет және мұны есіңнен шығарма.
Өйткені жағдай өте маңызды.
Сонда төмендегілерді де елестет:
Адамдар, періштелер,
жын-шайтандар, жабайы және жыртқыш жануарлар, құстар
т.б. Жер-аспанның барлық жан-жануарлары бір жерге жиналады. Жанға жағымды нұр
117
шашқан Күннің ыстығы бірнеше есе күшейіп, жандылардың басына тиетіндей
жақындап келеді. Арштың көлеңкесінен басқа ешбір көлеңке болмайды. Ал енді
Арштың көлеңкесіндегі саяға белгілі бір жақсы істерді
істеумен Аллаға жақын
болғандардан басқалар кіргізілмейді.
Арштың көлеңкесіне кірмей сыртта қалғандар Күннің ми қайнатқан ыстығында естен
танғандай болып, қиналғаны жүздерінен байқалады.
Сонымен бірге ол күндегі жан-жануардың көптігін елестет. Бір жағынан абыржулы,
бір жағынан кейбірі аяғымен басып бара жатса, кейбірі жорғалап бара жатқандықтан
бір-бірін таптап өтеді. Жүрек дірілдеткен бұл жағдайға Алланың алдына барғандағы
қорқыныш та қосылады.
Күннің қайнаған ыстығы, дем алудың ауырлығы мен жүректің дүрсілдеп соғуы!
Дененің әрбір түгінің астынан аққан тер қолқаға жеткен көлге айналады. Әрбір жанды
Алланың алдындағы дәрежесіне сай кейбірі тізесіне, кейбірі беліне, кейбірі құлағына
шейін, кейбірі толығымен бастан асқан терге көміледі. Ибн Омардың риуаяты
бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Қиямет күні Алланың алдындатұрғанда кісілер
құлағына шейін терге көміледі»
293
деп айтқан.
293
Бұхари, 4938; Мүслим, 2862.
Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Қиямет күні кісілер
қатты терлегендіктен, олардың тері жерге жетпіс құлаш сіңеді және адамдардың
құлағына шейін көтеріліп, бәрін құшағына алады»
294
деген.
294
Бұхари, 6532; Мүслим, 2863.
Басқа бір хадисте Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «
Адамдар қиямет күні қырық
жыл аспанға қарап, тікесінен тік тұрады және тартқан қиыншылықтары себепті
өздерін көміп қалатындай терлейді».
Уқба ибн Амирдің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Қиямет күні Күн Жер
бетіне қатты жақындағандықтан, адамдар қатты терлеп, кейбірінің тері қызыл
асығына, кейбірінікі балтырына, кейбірінікі тізесіне, кейбірінікі санына, кейбірінікі
беліне, кейбірінікі аузына шейін жетеді»
295
,
– деген.
295
Мүслим, 7864; Ахмад ибн Ханбал, 16986.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл сөздерді айтып жатып қолымен ауызын жапты және
(қолын басының үстіне қойып) «
Кейбірі толығымен терге көміліп қалады», – деді.
Ей, бейшара адамзат! Махшар алаңына жиналған кісілердің тартатын
қиыншылықтары және төгетін тері туралы ойлан. Бұл ауыр қиыншылықтарға шыдай
алмағандардың бір тобы Алла Тағалаға сиынып: «Уа, Жаратқан Ием, тозаққа кіргізсең
де мені бұл қиыншылықпен сарғая күту азабынан құтқар!» – деп жалбарады.
Бұлар әлі есепке тартылғанға дейінгі азапқа салатын қиыншылықтар. Сен де бұл
қиыншылықтармен бетпе-бет келесің. Теріңе қаншалық көмілеріңді әлі білмейсің.
Қажылық үшін, Алла жолында күресу үшін, ораза, намаз,
мұсылмандардың
қиыншылықтарын жою әрекеті үшін, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыю үшін
жүгіріп төгілмеген терлер қиямет күні қорқудан, қиналудан төгіледі және ол жерде көп
қиыншылықтарға жол ашады.
Адам баласы нәпсіге алданбаса, ғибадат жасап тер төгу және шаршау қиямет
күніндегі қиыншылықтан шығуы жеңіл болатынын түсінеді. Өйткені қияметтің
ғасырларды қартайтатын күні өте қатал және өте ұзын.