Имам ғазали жүректің сырлары


(мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады. Ал кімде-кім зәредей



Pdf көрінісі
бет83/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   193
Жүректің сырлары T.a

(мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады. Ал кімде-кім зәредей 
(мысқалдай) жамандық жасаса, соның жазасын тартады»
283

283
 
«Зілзала» сүресі, 99/1-8. 
Ибн Аббас жоғарыдағы сүренің «жер қойнындағы бар жүкті сыртқа ақтарып 
тастағанда» деген мағынадағы аятына түсіндірме бергенде «жер терең қабатынан бері 
дірілдеп, ішінде көмілген барлық өліктерді және қазыналарды сыртқа тастайды», – деп 
айтқан. 
Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Міне, сол 
күні Жер, үстінде бұрын-соңды болып өткен бар істің хабарын түп-түгел 
баяндайды» деген аятты оқығанымызда «Оның айтқан хабарлары не екенін 
білесіңдер ме?» – деді. Сахабалар: «Алла және Оның Елшісі жақсы біледі», – деді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жер жүзінің хабарларын айтуы – әрбір құлдың және күңнің 
жасаған істері туралы куәлік беруі», – деп жауап берді. 
Табаранидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жерден сақтаныңдар. 
Өйткені ол – сендердің аналарың. Сондай-ақ ол үстінде жасалған жақсы іс бола ма, 
жаман іс бола ма, ол турасында айтып шығады»
284

– деген. 
284
 
Табарани, Муғжамул кәбир, 4596. 
Сүр үрлеу, қорқыныш, қабірден тұру 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қайтіп тынышым кетпесін? Сүрдің иесі (Исрафил) сүрді 
аузына ұстап, құлақ түріп, үрлеу бұйрығын күтіп тұр»
285

– деген. 
285
 
Тирмизи, 2478. 


115 
Муқатилдің (р.а.) көзқарасы бойынша, «Сүр» мүйіз сырнай сияқты. Исрафил (а.с.) 
сырнайды аузына ыңғайлата ұстап тұрады. Сырнайдың басының кеңдігі жер мен көктің 
ортасындай кең. Исрафил (а.с.) Аршқа қарап, сырнай шалу бұйрығын күтіп тұрады». 
Исрафил (а.с.) Сырнайды бірінші үрлегенде жер-аспандағы барлық жандылар естен 
танып құлайды. Яғни Алла Тағала тірі қалуын қалаған жандылардан басқа бәрі қатты 
қорыққанынан өліп қалады. Тірі қалатындар Жәбірейіл (а.с.), Әзірейіл (а.с.), Микаил 
(а.с.) және Исрафил (а.с.). Одан кейін Әзірейіл (а.с.) Алланың бұйрығымен 
Жәбірейілдің жанын алады. Аяғында Жаратушының бұйрығымен Әзірейіл өзі де өледі. 
Сырнай бірінші үрленгеннен кейін өлген жандылар қырық жыл солай қалады. Қырық 
жылдан кейін Алла Тағала Исрафилді тірілтіп, оған Сырнайды екінші мәрте шалуға 
бұйырады. 
Бұл туралы Құран Кәрімде былай деп айтылады: «Сур үрленеді, сонда Алланың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет