тоңмойын, озбыр) жаһаннамға тасталады және онда оған қан мен ірің аралас
сусын ішкізіледі. Ол әлгі (жиіркенішті) сусынды амалсыздан аз-аздан ұрттап
ішуге тырысады, алайда тамағынан өткізе алмайды. Өлім оған жан-жағынан
келіп құрсау салады, бірақ ол сонда да өлмейді. Артынша оған басқа да адам
айтқысыз ауыр азап бар»
332
деген аят туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді:
«
Іріңді қайнаған су жақындатылғанда тозақтағы кісі одан жиіркенеді. Алдына
қойылғанда жүзі күйіп, басының терісі сылынып түседі. Одан ішкенде ішектері
майдаланып, арт жағынан шығады».
332
«Ибраһим» сүресі, 16-17.
Алла Тағала айтады: «Тақуа жандарға уәде етілген жаннаттың мысалы: онда
суы әсте лайланбайтын һәм борсымайтын тұп-тұнық өзендер, дәмі еш
өзгермейтін (ашымайтын) сүттен өзендер, ішкен жанды ерекше ләззатқа
бөлейтін шараптан өзендер және қоспасыз таза балдан өзендер бар. Сондай-ақ
олар үшін онда сан алуан жемістер мен Раббыларының шексіз кеңшілігі де
болады. (Ендеше, осынау әсте түгесілмейтін нығметтерге бөленген тақуа
130
жандар) мәңгі-бақи тозақта қалатын һәм қайнаған сумен суарылғандарында
ішек-қарындарының парша-паршасы шығатын бейбақтармен тең бе?»
333
333
«Мұхаммед» сүресі, 15.
«
(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Ақиқат – Раббыларыңнан келген (осынау Құран). Ал
енді қалаған жан иман келтірсін, қалағаны – күпірлік қылсын», – деп айт. Шүбәсіз,
Біз (күпірлік қылу арқылы) өзіне де, өзгеге де қиянат жасаған залымдар үшін
өткел бермес дуалдай созылып әрі ұзарып оларға жан-жақтан құрсау салатын
жалынды от әзірледік. Қатты шөл қысып жан дауыстары шығып су сұрағанда,
Достарыңызбен бөлісу: |