Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет140/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Дүниеге алдану 
Дүниеде қуанышқа бөлейтін және көңіл түсіретін оқиғалар болып тұрады. Барлық 
пенделер үшін бұл дүниеде өмір оңайға соқпайды. Себебі олар Алланың үкіміне сай 
әрқандай жағдайда болады. Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп айтады: «Егер 
Алла қаласа, әлбетте, күллі адамзатты (бір шариғатпен жүретін) бір ғана үмбет етер 
еді, алайда (оларға ықтияр, таңдау еркі берілді). Сөйтіп олар (қанша жерден ескерту 
алса да) ақиқаттан ауытқып, әртүрлі теріс жолдарға түсіп кете берді. Алайда Раббың 
кімді (бойындағы кейбір маңызды қасиеттері үшін) рақымына бөлеп, тура жолға салған 
болса, оның жөні бөлек. Анығында, Алла оларды сол үшін (яғни, Алланы танып, тура 
жолды тапқандардың мәңгілік бақытқа жетуі және адасқандардың мәңгілік 
бақытсыздыққа душар болуы үшін) жаратты. Нәтижеде, Раббыңның әу баста айтқан 
«Мен тозақты жындар мен адамдардың арасынан соған кіруге лайық болғандармен 
толтырамын» деген сөзі расталады».
467
 
467
 
«Һуд» сүресі, 118-119. 
Бір тәпсір ғалымы «Аяттағы «өзгешелік» – олардың мал-байлығы жағынан бай-кедей 
болуы жөнінде», – дейді. 
Алла Тағала: «Екіжүзділер мүміндерге: «(Дүниеде) біз де сендермен бірге болмап па 
едік?» – деп үн қатады. Сонда мүміндер оларға: «Иә, солай еді. Алайда сендер өз-
өздеріңе кесір қылдыңдар, қайтер екен (мүміндердің мерейі үстем болар ма екен, жоқ 
әлде кәпірлер мықты шығар ма екен десіп) үнемі әліптің артын бағумен болдыңдар, 
күдік пен күмәннан еш арылмадыңдар және (Алланың нұры қайткен күнде де сөнеді 
деген) құр қиялдарың мен жалған үміттерің сендерді үнемі алдарқатты. Ақырында
Алланың пәрмені жетіп (ажал құштыңдар). Сөйтіп қулығына құрық бойламайтын әзәзіл 
(шайтан) көңілдеріңе Алла жайлы жаман ойлар салып, бәріңді алдап соқты»
468
 
дейді. 
468
 
«Хадид» сүресі, 14. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ақыл-есті адамдардың ұйқысы және оразасыз уақыттары 
да қандай жақсы! Ақымақтардың оразасына және ғибадат жолындағы әрекеттеріне 
ешкімнің мұқтаждығы жоқ. Ықыласты және тақуа кісінің кішкентай ғибадаты да екі 
жүзділердің 
және 
ғибадатымен 
мақтанғандардың 
жер 
жүзін 
толтырған 
жақсылықтарынан артық»
469
 
деген. 
469
 
Итхафус сада, 8/427. 
Алла Елшісінің алтын сөздерінің тағы бірі төмендегіше: «Нәпсісін жеңіп, өлімнен 
кейінгісі үшін жақсы істерді жасаған пенде ақылды. Нәпсісінің бейбас қалауларына 
мойынсұнған және Алладан құрғақ қиялдарының орындалуын тілеген кісі кем ақыл». 
Риуаятқа қарағанда бір бәдәуи араб бір ұрыға қонақ болады. Үй иесі оған тамақ 
тартады. Тамақтан кейін шатырдың көлеңкесінде ұйықтап жатса, үй иесі шатырды 
шешеді. Бетіне күн тиген қонақ ойланып, орнынан тұрып, сапарын одан ары 
жалғастырады. Жолда бара жатып өзінше: «Әттең-ай, әттең! Бас қалқалаған көлеңке 
секілді, бұл көлеңке де бір күні жоғалады», – дейді. 
Ибн Масғуд (р.а.): «Ілім үшін Алладан қорыққан жеткілікті, пенделік үшін «Алланың 
кешіріміне алданған жеткілікті», – деп айтқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Дүниені сүйген және оған разы болған пенденің жүрегінен 
ақыреттен қорқу сезімі шығып кетеді», – деп айтқан. 
Бір данышпан: «Пенде жете алмаған дүниесіне қайғырғаны үшін де, қолға тиген 
байлығына сүйінгені үшін де жауапқа тартылады», – деген. 
Исламның алғашқы дәуіріндегі мұсылмандар сендер арамдардан қашқаннан да 
қатты адалдардан қашты. Сендерге мағынасыз көрінген бірнеше нәрселер олар үшін 
қиратушы қорқыныш ретінде қабыл алынды. 


186 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет