21. Иммуноблоттинг реакциясы: реакция принципі, медицинада қолданылуы. Иммундыблоттинг (ИБ)- электрофорез, ИФТ, не болмаса РИТ-пен бірлестірілген, жоғары денгейдегі сезімталдыгы бар тәсіл. Антигенді полиакриламидтың қоймалжыңында электрофорез аркылы жекелендіреді, содан кейін антигенді қоймалжыңнан арнаулы өңделген кагазга, не нитроцеллюлозді мембранага ауыстырады да (ағылшын- blot дак) ИФТ, не РИТ арқылы бақылайды. «Дағы» бар қағаздың тілкемін бірнеше фирмалар шығарады. Сол тілкемге аурудан алынган сарсуды сіңдіреді. Белгілі уақыт өткенен кейін байланыспаған антиденелерді жуып-шайып, кагазды ферметнтпен, немесе радионуклидпен таңбаланған адам иммундыглобулиндеріне карсы сарысумен өңдейді. Құрылған антиген+аурудын антиденелері адам иммундыглобулинденріне қарсы антиденелер комплексіне ферменттің әсерінен қосындының түсін өзгертетін хромоген қосады, немесе радионуклидтің қалдығын санағышпен есептейді (30-сызбанұска).
ИБ-диагностикалық тәсіл ретінде АИВ-инфекциясында колданылады.
22. Вакциналар: ұғымның анықтамасы. Вакциналарға қойылатын негізгі талаптар. Тірі әлсіретілген вакциналар: жасау принципі, медицинада қолданылуы Вакцинаның барлық түріне қойылатын талаптар бар. Вакцинацияга қолданылатын препараттар төменгідегідей шарттарга сәйкес келуі керек: иммуногенді, кауіпсіз, реактогенсіз, аллергиялық тітіркендіру тудырмайтын, тератогендік, онкогендік касиеті жоқ; вакцина дайындалатын микробтардың штамы генетикалық тұрақты болып, ұзақ уақытка дейін сақталуы, онын өндру процесі жеңіл және қолдану тәсілі қарапайым, жаппай қолдануга мүмкіншілігі болу керек.
23. Рекомбинантты вакциналар: жасау принципі, медицинада қолданылуы Рекомбинантты вакциналар. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Рекомбинантты вакциналар технологиясы белокты молекуланы немесе оның фрагментің қадағалайтын гендерді алуға, оларды керекті векторға егізуге жөне сөйкес клеткаларда эксперессиялауга мумкіндік береді. Бул вакциналардың реактогендігі төмен, ал қорғаныс әсері жоғары, Рекомбинантты вакциналарды бір микробтың генін вируленттігі аз екінші микробқа енгізу жолы арқылы алады. 1990 жылдардын басында В-гепатитінің вирусына қарсы рекомбинантты вакцина дайындалды. В-гепатиті вирусының беткей антигені бар вирусты бөлшектер шешек вакцинасының вирусында синтезделеді. Гендерді клондау өдісімен вакциналарды алу (рекомбинантты вакциналар) өте үлкен потенциалы бар. Рекомбинантты вакциналардың алыну кезеңдері.
1. Қажетті антигендер синтезін қамтамасыз ететін гендерді клондау
2. Осы гендерді векторға енгізу
3.Векторларды жасуша-продуценттерге енгізу (вирус, бактерия, саңырауқұлақ)
4. Инвитро ортада жасушаны өсіру
5. Антиген беліп сосын тазалап алу
Соңында вектор бар жасушалар пайызын анықтау керек. Мысалы вирус-векторға қатаң талаптар бар: атеннуация жоғары дәрежеде болу, онкогендік активтіліктің болмауы, кері әсерлер көрсетпеуі керек. Рекомбинантты штамдар гендік инженерия технологиясын пайдалана отыра рекомбинантты технология негізінде құрылған және жаңа белгілері бар штаммдар.