«Иммунология» 18. Агглютинация реакциясы: реакция принципі, медицинада қолданылуы



бет3/6
Дата09.04.2024
өлшемі3.97 Mb.
#498100
1   2   3   4   5   6
Иммунология 18-25

Сақиналы преципитациялық реакция. Реакция иммунды сарысу бар арнайы жінішке пробиркага ерітілетін антигенді кабаттап косу аркылы жүргізіледі. Антиген мен антидененің капталы тенесінде екеуінің арасында сақина тәрізді күнгірт преципитат пайда болады. Антигеннің артық өлшемі реакциянын нәтижесіне ешкандай зиянды әсер етпейді. Егерде реакцияга колданылатын антиген зерттелетін заттан кайнатылып сорынды түрінде алынса, бұл жағдайда термопреципитация реакциясы деп аталынады (Асколи реакциясы).
Оухтерлони бойынша қойылатын қос иммундыдиффузиялық реакция. Реакцияны кою үшін ерітілген агар коймалжынын шыны пластинкасының бетіне жұка кабыршак ретіне кұяды. Агар қатайғаннан кейін оның бетінде диаметірі 2-3 мм мөлшерінде шұнқыр жасайды. Ол шұнқырларга жекелеп антиген мен иммундық сарысу құяды. Уақыт өткеннен кейін антигенмен антиденелер коймалжыңга сініп, біріне бірі карама-қарсы жылжыйды. Олардың тенбетең өлшемі кездескен жерде преципитаттың ақ түсті тілкемі пайда болады. Антигенмен антидененің сәйкес тілкемі бірімен бірі жалғастырылып қосылады, ал сәйкес болмаған жағдайда қайшыласып жатады.
Радиалдық иммундыдиффузия реакция. Иммундық сарысу қосылған агар коймалжынын шынының бетіне біркелкі құяды. Қоймалжың қатайғаннан кейін антиген мен антидененің әртүрлі өлшемді ерітіндісі құйылатын шұңқыр жасайды. Антиген қоймалжыңға сіңіп, антиденемен байланысып, шұнқырдың айналасын бойлайтын шеңбер тәрізді преципитат тудырады. Преципитат шеңберінің диаметірі антигеннін концетрациясына пропорционалды. Реакцияны қан сарысуындағы иммундыглобулиндердің сыныптарын, комплемент жүйесінің құрамын аныктау үшін қолданады.
Иммундық электрофорез. Электрофорез және иммундық преципитация тәсілін үйлестірген реакция. Антигендердің қосындысы агар коймалжынындагы шұнқұрга құйылып электрофорез аркылы жекелендіріледі. Сонан кейін электрофорездің зонасына параллельді жасалған өзектерге иммундық сарысу құяды. Иммундық сарсудағы антиденелер коймалжыңға сіңіп антигенмен «кездескен» жерінде преципитат сызыгы пайда болады. (26-сызбанұска).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет