«Иммунология» 18. Агглютинация реакциясы: реакция принципі, медицинада қолданылуы



бет2/6
Дата09.04.2024
өлшемі3.97 Mb.
#498100
1   2   3   4   5   6
Иммунология 18-25

Ко-агглютинациялық реакция. Коздырғыштың жасушаларын алдын ала иммунды сарысумен өнделген стафилококтардың комегімен анықтайды. Стафилококтардың құрамындагы А-ақуызы антидененің Ес- бөлшегіне тектестігі бар болгандыктан олар антиденелермен бейспецификалык байланысқа түсе алады да, содан кейін ол антиденелер белсенді орталығымен өзіне сәйкес микробтармен байланысып, сонының нәтижесінде стафилококтан, антденеден және анықталып отырған микробтардан тұратын жапалақталған тұнбага түседі.
Гемагглютинацияны тежеуші реакция (ГАТР) Реакция вирустың антигендерін иммунды сарысуыдың антиденелері тосқауылдап, вирустың эритроциттерді агглютинацияға түсіру мүмкіншілігін жоғалтуына негізделген (23-сызбанұска). ГАТР-ды, коздырғыштары эритроцитпен байланысу мүмкіншілігі бар вирустар тудыратын аурулардың диагнозын қою үшін колданады (тұмау, қызылша, қызамык, кенелік энцефалит).
Жанама Кумбс реакциясы. Резус факторға қарсы пайда болатын антиденелер бірваленттік толық емес түрге жатады. Олар эритроциттермен спецификалық байланысады, бірақ агглютинацияга жеткізе алмайды. Ондай антиденелерді анықтау үшін жанама Кумбс реакцисын қолданады. Рекция өткізу үшін антирезустік антидене+резус он эритроциттер жүйесіне агглютиация туғызатын антиглобулинді сарысу косады. Мысалы, реакцияны перзенттің гемолитикалық ауруының диагнозын қойғанда пайдаланады.

19. Преципитация реакциясы: реакция принципі, медицинада қолданылуы
Преципитациялық реакция ПР (лат. praecipito тұнбага түсіру). Реакцияның негізіне ерітілетін молекулалық антигенмен антидененің комплекс құрып преципитат деп аталатын лайлану пайда болуы жатады. Бұл көрніс антиген мен антидененің тең өлшемін араластырганда гана кұрылады. Егерде біреуінің олшемі үстемдірек болса, ол жағдайда комплекс кұрылуының мүмкіншілігі төмендейді.
Преципитациялық реакцияны пробиркада (сақиналы преципитация), коймалжында (гель), коректік орталарда тағы баскада қоюға болады. Күнделікті жағдайда преципитациялык реакциянын кең тараған түрлеріне жартылай сұйық агарда, не агароза коймалжынында қойылатын Оухтерлонидын кос иммундыдиффузиясы, радиалдық иммундыдиффузия, иммундык электрофорез жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет