Индустрияландыру ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті бөлімі



бет2/4
Дата01.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#493530
түріСабақ
1   2   3   4
МЫС.Қара көмір.Алматы метросы.Сөз дәлдігі

ІІ тапсырма



«Даналық сөзден дән ізде» .
Қазіргі шешендік үлгілерінде қолданылған фразеологизмдердің сыңарын тауып жазу
1. Талайға дейін естерін жиып,... жаба алмайды.
2. Алайда ондай адамдар өзі сенетін мұраттарды көздің... қалуға тырысқандарымен, қорғап қала алмады. 3. Ештеңеге де құлақ... саясаты батыстың тарапынан «социализмді етектен..., былай лақтырып тастау» саясатын туғызды. 4.Алайда тарих дариясының жағасында алыстан көз..., құр бақылап отырғаннан да ештеңе бітпейді. 5. Ондай даңғойлар әбден уланып біткен Семей жерін көрмейді. Қарадай қыршынынан ….. жатқан жазықсыз жандардың тауқыметін түсінбейді. 6. Анық стратегия мен айқын мақсаттар керек. Басты мақсат тайға …. айқын көрініп тұруы қажет. 7. Ол мәселені шешуге бастапқы кезде Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің барлық органдары ат ….. 8. Бір ғасыр бойы халықты ашса ….. ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді.

ІІІ тапсырма



Көркем сөзім – көрікті ойым
Берілген мәтіндерді оқу және кестені толтыру
Қара көмір
...Шахтаның ішіне түссең де сол қараңғылық. Қолыңа ұс- татқан керосин фонарьмен тар шахтаны бойлап жүргенде, ал- дыңнан адам итерген көмір тиеулі вагонеткалар кездесетін... Көмірді қол қайламен шауып жатқандарға барсаң, екі ұшы да сүйір қайламен жылтылдаған көмір пластасын дамылсыз ұрған шахтердің өнімсіз еңбегіне жаның ашитын.
Енді ше? Енді шахтаға электр лифтімен түсесің. Оның та- залығы да, жылдамдылығы да қонақ үйлердегі лифтілерге ұқсайды.
Шахтаның ішіне түссең, ол да электрленген бір сарай. Тіз- бектелген вагонеткалар көмірді қазір электр күшімен ғана та- сиды. Көлбей жасалған шахталардан тізбектеліп өздері шы- ғып жатады, тік шахталарда машиналар көтеріп жатады.
Көмірдің қызарып жатқан жеріне барсаң – бүкіл денесі- мен тұтаса қимылдап жатқан комбайндар. Олар көмірді қа- зып жатқан сияқты емес. «Көмір» аталатын жердің өзегін үздіксіз және мол тарта сорып жатқан сияқты. Соған қарап тұрып, тапқыш адам ойының көмірге арнап шығарған бұл қуатына қайран қаласың да, тұрасың!
(С.Мұқановтың жолжазбаларынан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет