Алматы метросы
Алматы қаласында алғаш рет метрополитен ашылды. Ресми мәлiметтерге қарағанда, метро көлiк кептелiсiн қысқар- туға, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, сондай-ақ көлiк мәдениетiн қалыптастыруға зор ықпал етпек.
1988 жылдың 7 қыркүйегiнде метрополитен құрылысы басталды. Кеңес Одағының заңы бойынша, тұрғындар саны 1 миллионнан асатын қалада жерасты жолын салу мiндеттел- ген-дi. Ал Алматы қаласы тұрғындарының саны 1981 жылы- ақ миллионнан асқаны жөнiнде ресми ақпарат жарияланды.
Алматы метрополитенінiң ұзындығы – 10,3 шақырым. Әзiрге 9 бекетi бар, олар: «Райымбек батыр», «Жiбек Жолы»,«Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М.Әуезов атындағы драма театры», «Алатау», «Сайран» және «Москва» бекеттері. Мет- рополитеннің тереңдiгi – 40 метр. Пойыздың жылдамдығы – 40 км/сағ, жүру жиiлiгi – 10–13 минут.
Әр аялдаманы безендiруде ұлттық ою-өрнектерге басым- дық берiлген. Сондай-ақ қазақтың тарихи болмысынан сыр шертетiн композициялық суреттер жерасты жолын әрлендiре түскен. Мәселен, «Абай» бекетiнде қоладан жасалған панно флоренциялық нақышпен өрнектеліп, қазiргi заманға сай бе- зендiрiлген. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының бейнесі, ақынның өлеңдерi мен қарасөздерi тасқа қашалған.
Метрополитенде жолаушыларға желдеткiштер, эскала- торлар мен көтергіштер қызметi ұсынылған. Қазiргi заманға сай әрқайсысы 4 вагоннан тұратын сыйымдылығы 940 адам- дық электропойыздар жолаушыларды тасымалдауда.)
ІІІ тапсырма
Көркем сөзім – көрікті ойым
Берілген мәтіндерді оқу және кестені толтыру
Достарыңызбен бөлісу: |