Инъекция. Иненің шаншу әдістері Пәні


Жұқтырудың жоғары мүмкіншілігі себептері



бет5/8
Дата03.09.2022
өлшемі0.62 Mb.
#460159
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
иньекция, иненің шаншу әдістері

Жұқтырудың жоғары мүмкіншілігі себептері:

  • Вирустың сыртқы ортада тұрақтылығы

  • Инкубациялық кезеңнің ұзақ болуы(6 айдан көп)

  • Жасыраын түрде белгілерсіз науқастар санының көп болуы.



СПИД
В гепатит, ВИЧ инфекция сияқты адам өміріне АҚТҚ (Жұқтырылған иммунитет тапшылығы синдромы)ауруына әкелетін вирус. Қазіргі кезде ВИЧ инфекциясын жұқтырған адамдардың өлім мүмкіндігі 100%. Барлық жұқтырулар медициналық манипуляцияларды дұрыс орындамау: инемен егу жасау, пробиркалардың сынығымен зақымдану, зақымданған кілегейлі қабатпен қолғапсыз контакт болған жағдайда.

Көк тамырға инъекция жасау техникасы 


Мақсаты: Емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу. 

Қолдану көрсетілімдері: Дәрігердің тағайындауы. 

Қарсы көрсетілімдері: Дәрілік затқа аллергиялық реакцня, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит). 

Енгізілетін жерлері: Шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары. 

Асқынулар:  Гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (кок тамырдың тромбозы жэне қабынуы), дэрлік затты қате енгізу, дэрілік жэне ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок. 

Дайындаңыз:  Залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприцті (иненің ұзындығы 4 мм), лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, 70% этил спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка , ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. 

Іс-әрекет алгоритмі:


1. Дәрілік затты қолдану нұсқаымен және дәрігердің тағайындауымен танысу.
2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Пациентпен сенімді қарым –қатынас орнату
4.Пациентке процедураның мақсатын және өтуі туралы дәрілік ерітіндінің енгізілуі туралы ақпарат беру.
5. Процедураның өткізілуіне келісімін алу.
6. Керекті күтім заттарын жинау.
7. Дәрілік препаратты алып, дәрігердің тағайындауымен салыстыру.
8. Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозаын, енгізу жолын, сыртқы түрін, сақталу мерзімін
дауыстап оқыңыз.
9. Бетперде, көзілдірік киіңіз, колды жуып, антисептипен өңдеңіз.
10. Медициналық қолғапты киіңіз.
11.Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)
12. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара);
13. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.
14. Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны)

орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).


15. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың
немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.
16. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғарыға бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.
17. Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрап, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).
18. Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай багыттап уқалаңыз, колдың үшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шүңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).
19.Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.
20.Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
21.Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен екі рет тазалаңыз (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV жэне V саусақтар арасына салыңыз.
22.Оң колға шприцті алып: II саусақпен - иненің канюлясынан ұстап V саусақ - шприцтің поршенінде, III, IV, I - саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.
23.Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.
24.Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра үстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір үзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.
25.Поршенді озіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

26.Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.
27.Ине көк тамырда екеніне қайтадан козіңізді жеткізіңіз.
28.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз. Шприцтің поршенін апармай.(шрицтің түбінде 0,5 қалу керек)

29.3алалсыздандырылған, тері антисептигіне батырылған үшінші мақта шаригін тесілген жерге басыңыз, инені шығарыңыз.
30.Тесілген жердің толықтай қаны тоқтағанша тері антисептигіне батырылған мақта шаригімен басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.(жабысқақ жабыстырып қоюға болады.)
31. Шприцті инесімен, (қақпақшасын жаппай) мақта шариктерін ҚЖАК салыңыз.
32. Қолғапты шешіп ҚЖАК тастаңыз.
33.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
34.Пациенттің жағдайын бақылаңыз.
35. Процедураның өтілгені туралы тіркеу.

Мүмкін болатын асқынулар:


- жергілікті асқыну: гематома, некроз, флебит, тромбофлебит;

- жүйелі асқынулар: дәрілік затты қателесіп енгізу, дәрілік және ауа эмболиясы, сепсис, СПИД, вирусты гепатит, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок. 


8. Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет