Инъекция. Иненің шаншу әдістері Пәні


Асқыну емі: Иненің сынығын емделушіден шығарып алу немесе хирургиялық ем Майлы эмболия



бет4/8
Дата03.09.2022
өлшемі0.62 Mb.
#460159
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
иньекция, иненің шаншу әдістері

Асқыну емі: Иненің сынығын емделушіден шығарып алу немесе хирургиялық ем


Майлы эмболия
Тері ішіне және бұлшықетке егу жасаған кезде иненің кездейсоқ тамырға түсуі нәтижесінде немесе майлы ерітінділерді қателікпен көктамырға енгізгендн пайда болатын асқыну. май артерияға түскен жағдайда оны бітеп тіннің қоректенуін бұзады,некрозға соқтырады. Некроз белгілері : егус жасалған жердің ауырсынуы,ісік, терінің қызаруы немесе көгеруі,денесінің немесе егу орнының қызуының жоғарылауы.Егер май ерітіндісі көктамырға енгізілсе ол өкпе тамырларына түсіп,кенеттен тыныс тарылу ұстамасынжөтел, цианоз(кеуденің жоғарғы бөлігінің көгеруі)
Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен


Ауа эмболиясы
Дәрі-дәрімектерді көктамырға енгізгенде шприц ішіне ауа түскенде және оны ине арқылы тамыр ішіне жібергенде болатын ҚАУІПТІ асқыну.Белгілері эмболияға ұқсас,бірақ тез: бір минут ішінде білінеді.
Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен.
Жүйке сабының зақымдануы
Бұлшық етке немесе көктамыр ішіне егу жасаған кезде егу жерді дұрыс анықтамай инемен механикалық зақымдау. Дәрілік депоның жүйке сабының қасында орналасуы нәтижесіндегі химиялық зақымдану. Жүйкені қоректендіруші тамырдың бітелуі . Асқыну зардаптары невриттен аяқ-қол параличіне дейінгі қауіпте болуы мүмкін.
Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен


Гематома
Венопункцияны дұрыс орындамау салдарынан тері асты қызаруы мен қан ұйылуы байқалады,бұл көктамырдың екі жақ қабырғасы зақымданып қаннық тері астына тіндеріне кетуі.
Асқыну емі: Препаратты енгізуді тоқтату, тамырдың үстінен спирттелген мақтаны бірнеше минут бойы қысып ұстау,гематома жеріне жартылаы спиртті компресс қоюға болады. Қажетті көктамыр ішілік егуді басқа венаға жасайды.
Анафилактикалық шок
Дәрілік препаратты енгізген сәттен бірнеше секунд немесе минут ішінде дамиды. Шоктың неғұрлым тез басталуы, нәтижелердің соғұрлым ауыр болуын түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет